Ересектер тобына арналған
ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Кіші сала: Қазақ тілі
Тақырып: Отбасы
Бағдарламалық міндеттер: Балалардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуде қазақ тіліндегі мақал - мәтелдерді қолдануға үйрету. Ойлау, есте сақтау, назарларын дамыту. Қазақ халқының салт дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабаққа арналған материалдар: суреттер, бесік, қуыршақ, қалта, асық, сандық
Сөздік жұмыс: әке, ана, әже, ата, жанұя
Алдын ала жұмыс: отбасы туралы бұрын меңгерілген ұғымдарын кеңейте отырып отбасы мүшелері туралы әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр, амандасайық. | Біз әдепті баламыз, Біз ерекше баламыз, Қонақтарды көргенде амандасып аламыз, Сәлеметсіздерме! |
Ұйымдастыру- іздестіру | (есікті қағады курьер келеді) Мұғалім: Балалар курьер сандық алып келіпті, қалай ойлайсыңдар садықтың ішінде не бар? Балалар ал енді сандықты ашып көрейік. Міне ғажап мынау не? Дұрыс айтасыңдар бұл Айзере әженің үйіне апаратын жол. Қараңдар бұл бағыт қай жерге көрсетіп тұр.
(үстелдің үстінде кескінделген суреттер жатыр)Сендер суреттерді дұрыс құрастырсаңдар, бүгін саяхатта қандай тақырыптың төңірегінде әңгімелесетінімізді білесіңдер. Дұрыс, отбасы мүшелері туралы. Картаға назар салыңдар. Қандай геометриялық пішін көріп тұрсыңдар? «грамматическое упражнение» Подбери действие к предмету. Балалар «Лэпбук» ті алыңдар, отбасы тақырыбына арналған бетті ашыңдар. Мынау кім? Ана не істеп отыр? Бір сөзбен қалай айтуға болады? Сноним жанұя Картаның көмегіне жүгініңдер. Бұл жерде сендер мақал мәтелді тыңдап алып жалғастыруларың керек.
Анадан ....
Берілген схема бойынша мақал мәтелдерді айтып беріңдер.
Жарайсыңдар, ал енді саяхатымызды жалғастырамыз. Қандай пішін ? «ТРИЗ» әдісі Аймалайды, жел емес, Жылытады,бірақ күннің көзі емес, «қайырлы түн» тілейді, Теледидар емес «Синквейн» әдісі Адам. мейірімді, күшті Жұмыс істейді, тәрбиелейді, қамқоршы Бұл кісіні сендер өте жақсы көресіңдер Бұл кім? «Венн» әдісі шахматГазета оқиды, Шахмат ойнайды Тоқиды, Тағамдар дайындайды Жақсы көреді. жарайсыңдар ал енді отбасында неше адам бар санайық
Қандай геометриялық пішін бейнеленген? Киіз үйге келдік. балалар үйдің иесі жоқ екен, мен оны іздеп келейін, ал ол келгенше сендер ойнаңдар. (әже келеді). Сәлеметсіңдерме балалар. Қош келдіңдер! Балалар бүгін менің отбасымда той, немерем Айкүмісті бесікке саламыз. Мынау не? бесік, өмірге келген сәбидің ақ отауы. Бұл әдейі жасалған тесік, бұл жерге шүмек қойылады. Ал енді тыштырма жасаық. Тыштыма? Тыштыма? Бұл, нәресте өскенде өмірі тәтті, әрі дәулетті болсын деп жасалатын ырым. Балалар маған бесіктің жабдықтарын атап беріңдерші? Дұрыс ал енді бесікті аластаймыз. Алас, асла, пәледен алас, Көзі жаманның көзіне алас. Тілі жаманның тілінен алас, Отыз омыртқасынан алас, қырық қабырғасынан алас. Айкүмістің шашы жібектей жұмсақ және әдемі болсын деп жастықтың астына айна мен тарақ саламыз. Ал енді Айкүміс тәтті ұйқыға бата қойсын деп, бесік жырын айтып берейік.
Тамерлан менің немереме бата бер. | Балалар жауап қайтарады
бұл геометриялық пішіндер бейнеленген карта. Мынау бағдар жолдың бағытн көрсетіп тұр.
бұл бағыт төртбұрышқа көрсетіп тұр
Отбасы
үш бұрыш
Мынау ана, Ана шәй құйып отыр. Отбасы тік төртбұрыш.
Ақыл Мейір тал бесіктен басталады
Айтып береді.
Шеңбер
Ана
Әке
Ата мен әже
Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық екеуміз, Бас бармақ ата, балан үйрек әже. Ортан терек әке, шылдыр шүмек ана. Кішкентай бөбек мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
Дөңгелек
Қуырмаш, асық ойнайды.
Мынау бесік.
Тышты
жастық, көрпе, аяқ бау, қол бауы, жапқыш , шүмегі.
Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем, Жылама бөпем, жылама жілік шағып берейін. Байқұтанның құйрығын жіпке тағып берейін. Тамерлан:Балаңыз сүйкімді болсын, Өнер білімге икемді болсын, Жақсы жолды таңдап,жамандықтан жиренсін.
|
Рефлексивті-түзетушілік | Ал енді мына қалтаны безендірейік.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: отбасы мүшелері туралы білу керек, қазақша сөздерді есте сақтау керек
Білді: бесік жырын, мақал мәтелдерді
Айта, қолдана алады: сұрақтарға жауап бере алады.