«Осень 2024»

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні Наурызым

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік. Балаларға наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

«Кәусар» шағын орталығы











Ертеңгілік

Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні Наурызым!»

«Бөбектер» тобы











Тәрбиеші: Талипова Маржан

















Ақшұқыр селосы

2016 жыл



Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні Наурызым!»

Мақсаты:

  • Балаларға наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру.

  • Халқымыздың салт-дәстүрі, өнері, ұлттық ойындарымен, ұлттық киімдерімен, әшекей түрлерімен таныстыру.

  • Жуырда болатын табиғаттың өзгеруін, жан-жануар өсімдіктердің гүлдеп жаңа өмір бастауын тереңдете ұғындыру.

Көрнекілігі: бұрыш, мерекелік дастархан, шарлар.

Жүрісі: Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар. Көктемнің шуағын төгіп жадырап келген Наурыз мерекесі құтты болсын. Наурызда ел жаңарып, жер көгерер Наурызда жаңаша өмір басталар демекші, келген жылдарыңыз құтты болып, отбасыларыңызға шуағын төгіп, молшылық пен берекесін ала келсін.

Жүргізуші:

Наурыз ол берекелі жыл басы ғой,

Басқадан дараланса мәнді де ғой,

Жер жаhан гүлденеді, құлпырады,

Сан гүлдер жайқалады мың құбылып

Қыр белес, асулармен шартарапта

Наурыз ол халқымның шежіресі ғой

Халқымның салт-дәстүрін көркемдеген

Өнері дастарханның безендірген

Нақыштап, оюлаған киім сәнін

Сылаған табиғатқа мол шуағын – дей отырыпқұрметті қонақтар, біз сіздерді Жамбыл атамыз бен Айша әжейдің ауылындағы тойланатын бесік салу, шілдехана тойына шақырамыз. Тойымыздың құрметті қонақтарын қарсы ала отырып, осы тойға өздерінің өнерлерімен қуанта келген «Бөбек» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.

Наурыз, наурыз, үлкен де кіші де бүгін шат,

Береке, қуаныш, махаббат

Наурыз, наурыз төгілсін ән мен күй – дей отырып тойымызға арнаған балалардың орындауында

«Наурыз» әнін қабыл алыңыздар!

«Наурыз» әні орындалады.



Әдептен асып озбайық,

Үйренуден қашпайық

Мейірімді әже, асқар таудай ата

Тойға арнаған балалардың жыр шумағын тыңдайық.

Аружан:

Күн мен түн теңелді

Күнде ұзарам мен енді

Гүл мен жерді жайнатып

Гүлден наурыз сен енді.

Есенсейт:

Ырыс дәулет мол болсын,

Жылда осындай той болсын.

Аянұр:

Жылдың басы наурыз

Жердің басы наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз

Мейіржан:

Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

Данияр:

Көктем, көктем, көктемде

Жыл жаңарып келгенде

Қуанамыз бәріміз

Шаттанамыз әндете.

Жүргізуші:

Тойыңызға сән беріп әнде айтып жыр шаштық

Көтерілсін деп көңілдер, барша жұртты ортаға,

Шақырамыз жорғаша би билеңдер қанеки – дей отырып құрметті қонақтар енді балалардың «Қаражорға» биін тамашалаңыздар.



Әнде айттық, би билеп,

Енеді демді басайық

Кезекпенен ортаға

Жыр шумағын шашайық – деп балалардың өлең жырына кезек берейік.

Әділет:

Құтты болсын наурыз.

Сарқылмасын сары уыө

Кенелсін көкөніске

Гүлдеп бақша бауымыз.

Ернияз:

Наурыз деген жаңа жыл

Наурыз көже піседі

Барлық бала ішеді.

Ерен:

Наурыз келді

Тіршілікке жан кірді

Кең даламыз жасарып,

Айналамыз гүлденді.

Исматолла:

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Наурыз құтты болсын!

Айсезім:

Ой қосылып ойына

Бой қосылып бойына

Аман есен жетейік

Келесі наурыз тойына

Айзере:

Наурыз тойдың межесі

Әжелердің көжесі

Көже ішіп тойыңдар

Оған дейін ойын бар.

Жүргізуші: Балалар бізге қонақ болып ертегі елінен Алдар көсе мен Қожанасыр аталарымыз келіп қалыпты, ендеше қошеметпен қарсы алайық.

Амансыздар ма аталар, қош келдіңіздер! Біздің балаларымыз сіздерді көргеніне қуанышты. Бізге қандай сый әкелдіңіздер?

«Арқан тартыс» ойыны

Ендігі кезекті балалардың жыр шумақтарына береміз.

Дархан:

Өніп еккен дәніміз

Бүршік жарды бағымыз

Құлпырды ғой айнала

Сан гүлдерге бояла.

Айсұлу:

Наурыз көктем мереке

Наурыз көктем береке

Альтайыр:

Уа, ағайын халайық

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық

Аяулым:

Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Байлық, бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне

Сайда:

Көкке бояп өңірді

Көктем келді көңілді

Бау-бақшада орманда

Құстар әні төгілді.

Жүргізуші:

Жыр шумақты төгілтіп,

Тойға сәнді кіргізді

Енді әдемі ән айтсақ

Бәрімізге көңілді, - ендеше балалардың орындауында «Қошақаным» әнін қабыл алыңыздар.

Кезекті жыр шумақтарына береміз.

Жаңбырбай:

Жаса наурыз айымыз

Жаса көктем тойымыз

Өссін біздің ойымыз

Биіктесін бойымыз.

Айару:

Төрле, төрле жаңа жыл

Құтты болсын қадамың

Ринат:

Ырыс қонсын бар үйге

Ақ мол болсын әр үйге

Бата тілек қабыл боп

Бақ дарысын еліме

Сая:

Көктем, көктем, көктемде

Күн шуағын төккенде

Кұлім-күлім қаламыз

Ойнап асыр саламыз

Жүргізуші:

Ой халайық, халайық әсем әнге салайық

Наурыз тойын, көңілді, бірге қарсы алайық

Ән айтылды тамаша, енді кезек келіп тұр

Ата менен әженің немересін көп болып

Бесікке салып, тыштырмасын жасауға!

Бесікке салу рәсімі:

Осымен құрметті қонақтар «Бөбектер» тобының бүлдіршіндерінің бүгінгі мерекеге арнаған ертеңгілігін аяқтай келе, сіздерге тамашалағандарыңызға алғыс айтамыз.

Жаңа жылда барлықтарыңызға сәт сапар, мол табыс, құт береке тілей отырып, сау-саламат болыңыз дейміз.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее