«Осень 2024»

"Мерекеңмен анашым" ертеңгілігі

8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік ертеңгілік

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

«Мерекеңмен Анашым!»


Мақсаты:Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атап

Әуен ырғағымен балалар залға кіреді.


Жүргізуші:Армысыздар ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар!Өздеріңізге арналған мерекеге хош келдіңіздер! 8-Наурыз «Аналар мейрамы» баршаңызға құтты болсын!


Құттықтау сөздер:


Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой, аналар!

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейді біздің балалар!


Әуен ойналып ортаға ұл мен қыз бала шығады.


  1. Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар.


  1. О, алақай балалар,

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.


Ән: «Ақ мамам»


Ендігі құттықтау сөз кезегі №31 балабақшамыздың меңгерушісі А.А. Тажидановаға беріледі.


Балалардың өлеңдері:

  1. Бал бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам.


  1. Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жолдап бүгін саған,

Мерекеңмен құттықтаймын!


  1. Көктем деген қыстағы,

Әніміз ғой айтатын.

Көктем деген құстар ғой,

Туған жерге қайтатын.


  1. Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Мал жағалап суатты,

Сай-саламен су ақты.


Жүрг:Балалар көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар!

Балалар:

-Күн жылынады.

-Қар ериді.

-Құстар ұшып келеді.

-Ағаштар бүршік жарады.


Жүрг: Дұрыс балалар! Көктем мезгіліндетабиғат нұрланып, адамдар шаттанып, балалар қуанып, малдар төлдеп,тіршілік жаңаратын кез. Ал, балалар ендеше сол сұлу Көктемді шақырайық. Өз жылуын ала келсін.Өйткені біз көктемді асыға күттік.


Ару көктем, ару көктем!

Сені асыға күттік көптен.

Жер-анамыз бір бусанды,

Күн де нұрын төгіп көктен.

Осы кезде әуен ырғағымен ілесіп Ару Көктем келеді.


Сәлем , сәлем балақайлар!

Әуез әже, назды апайлар!

Мол шуақты ала келдім,

Қуаныңдар алақайлап.


Құстар әнін ала келдім,

Жерге кілем жая келдім.

Жан бітіріп табиғатқа,

Гүлдерімді ала келдім.


Жүрг: Хош келдің Ару Көктем ортамызға! Өзіммен бірге қызғалдақтың жұпар иісін, ала түсті көбелектерімді ала келдім.


Би: «Қуыршақтар»


Жүрг: Ой қандай тамаша! Рахмет Ару Көктем әдемі би арқылы көңіліміз көтеріліп калды. Ендігі кезекті өлең шумақтарына берейік.


Тақпақтар: Әже туралы


Ән: «Әже» орындалады.


Жүрг:Аналардың анасы әжелерге бас иеміз!


Ару Көктем: Көктемнің шуақты күні аналар мерекесінде көңіл көтеріп бір ойын ойнайық.

Ойын:


Такқпақтар...


Ән: «»

Би: «»


Сырт жақтан «Ана, ана»-деген үн шығады.


Жүрг: Бұл не дыбыс? Кім екен анасын іздеп жүрген?


Залға қоян кіреді.Ренжеулі, бұлтиып түр.

Жүрг: Не болды саған Қоян?

Қоян: Мен анамнан адасып қалдым. Орманда көктемнің әдемі гүлдерін жинап жүр едім. Кенет жаңбыр жауып, жел тұрып, мен анамнан адасып қалдым- деп жылап жібереді.


Музыка ойналып ортаға түлкі кіреді.

Түлкі: Саған не болған ? Неге жылайсын қоян? Мен сияқты елді алдап, шауып жүре бермейсің бе? Мен анамды ешқашан жоғалтпаймын. Ал айтшы сенің анаң қандай?

Қоян: Мен анам ең әдемі, ең сұлу!

Түлкі: Соқ өтірікті! Менің анам шығар бәріненде әдемі. Сенбесен қара! (артына қараса анасы жоқ) Ой , менің анам қайда? (басын ұстап) Менде анамнан айырылдым! (Екеуі қосылып жылайды)

Осы кезде музыка ойналып аю шығады.

Аю: Бұл не шу? Ұйқымнан ояттыңдар ғой!

Екеуі: Біз аналарымыздан адастық!

Аю: Аналарын қандай еді?

Екеуі қосылып: Сұп-сұлу дүниедегі ең әдемә ана!

Аю: Мәәә мыналар не деп тұр! Ең әдемі, ең сұлу ол менің анам!

Бұл дауды естіген Ару көктем араға түседі.

Ару Көктем: Бұлай дауды шеше алмайсындар! Әр ана өз баласы үшін сұлу. Сендер мында дауласып жүргенде аналарын сендерді іздеп қалған болар . Қане мен сендерді аналарыңа табыстайын-деп аңдармен бірге шығып кетеді.


Жүрг:Міне көрдіңдер ме балалар! Әр балаға өз анасынан артық сұлу, әдемі, мейірімді жан жоқ екен. Ендеше сол аналарымызды құрметтейік. Ана алақанының жылуын сезінейік!


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее