Білім саласы: Қатынас Оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту Тақырыбы: Елордамыз – Астана Мақсаты: Оқушыларға Елордамыз Астана жайлы түсінік беру, Тұңғыш президенті күні жайлы әңгімелеу, Президентіміз жайлы түсінік беру, Астанаға саяхат жасау арқылы астананың көрнекті жерлерімен таныстыру. Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Әдістері: Слайдпен жұмыс, көрнекілік, дәптермен жұмыс, сұрақ-жауап. Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу. Шаттық шеңбері. Қуанамын менде, қуанасың сен де. Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін. Бәріңе сәттілік тілеймін! ІІ. Негізгі бөлім. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Біз қазақ деген ұлтпыз. Біздің президентіміз – Н.Ә.Назарбаев. Еліміздің астанасы – Астана қаласы. 1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. 1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағы қала халқы денмалатын жағажайға айналды. Бәйретек – Астананың символы. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ. Енді балалар, астанаға саяхат жасаймыз: астананың көрнекті жерлерімен танысамыз: - Мынау парламент үйі. - Мынау бәйтерек. - Мынау жабық футбол стадионы. - Мынау конькимен сырғанау жабық стадионы. - Республикалық велотрек. - Мынау НұрАстана мешіті. - Мынау Пирамида. Енді балалар, Астана туралы білетін тақпақтарыңды айтыңдаршы: - Балалардың астанаға тартуы. Тақпақ айту. Диас: Астана арман, қала, Бағы бір жанған қала. Тұрады ол жап-жас болып, Мен үлкен болғанда да. Аяулым: Төкті оған нұрын дала, Астана сұлу қала, Біз оны анамыздай, Сүйеміз шынында да. Әсемай: Ел намысы – Нұр Аға, Жер ырысы – қыр дала, Су шынысы – зер мұнай, Тау тынысы – гүл лала. Ақнұр: Сарыарқа кең дала, Сенсіз жетім мен бала. Самұрықтай киелі, Сен – Бәйтерек, сен – Ана! Нұрислам: Отан – сенің ата-анаң, Отан – досың, бауырың, Отан – өлкең, астанаң Отан – аудан, ауылың. Дидактикалық ойын. «Ойлан тап». Шарты: А,с,т,а,н,а мына дыбыстардан басталатын сөз ойлау.. Мыс: а – алма, ана... Сергіту сәтін орындау. ІІІ. Қорытынды бөлім. Сұрақ-жауап. Қорыту. Мадақтау. |