Атырау облысы.
Құлсары қаласы.
“ Аққайың ясли бақшасы.”
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Тақырыбы: Менің отбасым.
“ Жауқазын” ортаңғы топ.
Тәрбиеші: Жұмағалиева А
2016-2017 оқу жыл.
Білім беру саласы: “ Коммуникация”
ҰОҚ: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты: Отбасы туралы түсінік беру және отбасы мүшелері
туралы ойын, анық жеткізіп, әңгімелей білуге үйрету. Балалардың
бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана
мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын
қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру.Балалардың айтылған
ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және
сұраққа жауап беру білігін дамыту.
Әдіс –тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап .
Қос тілді компониент: Ата-дедушка,
әже-бабушка, әке-папа, ана- мама, аға-брат,
апа-сестра. Менің отбасым-моя семья.
Шаттық шеңбер!
Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар!
Балалар: Қайырлы таң ұстазым,
Тәрбиеші: Шеңберге тұрайық,
Балалар: жылулық сыйлайық.
Добрый утро друзя!
Добрый утро гости!
Посмотрите друг на друга,
Пожелайте добра.
Гуд монинг, гуд монинг,
гуд монинг ту ю.
Гуд монинг, гуд монинг,
айм глэд ту си ю
Психологиялық сәт.
Еркелетіп ата!
Шарты: Балалар шеңберге тұрып өздерінің аналары үйде
қалай еркелетіп шақыратындарын айтып шығады.
Мысалы: Мені анам ботақаным –дейді. Мені әкем арыстаным –дейді.
Жұмбақ жасыру.
- Қабырғасы төртбұрыш, шатыры ұшбұрыш,
адамдар кіреді-шығады, сонда өмір бойы
тұрады ол не?
-Үй баспана, бізге не үшін керек?
- Жұмбақтап жасыру.
-Ол бізге көмектеседі, немересін қарайды, зейнетақы алады, газет,
теледидар қарайды ол кім?
-Ол өте мейрімді, ақ шашты, көзіне очки киеді, бауырсақ пісіреді,
жылы носки,қолғап тоқиды ол кім?
- ол таңертен кеткеннен кешке жұмыстан үйге оралады, отбасының
- қамқоршысы,асыраушысы, демалыс күндері балық аулайды ол кім?
- ол барлық балаларда бар,ең әдемі жан, ең әдемі сөзбен
атаймыз ол кім?
- інісі соған қарап еліктеп өседі, ол кім?
- айна алдыа тұрып алып шашын тарап, ерінін бояйды
ол кім?
-үйдің еркесі ол кім?
Отбасы мүшелері.
Атамнан басталар.
Әжемнен қосталар,
Отбасы мыналар.
Ең жақын адамдар,
Әкем мен анам бар.
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар.
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін еремін.
- Бір үйде тұратын адамдарды отбасы мүшелері дейміз. Отбасы мүшелері
бір-бірін сыйлайды, тату болады, көмектеседі. Отбасы үлкен болады және
кіші отбасы болады. Үлкен отбасы онда әже, ата, әке, ана, аға, жеңге, апа
барлығы тұрады ондай отбасыны үлкен отбасы дейміз.
- кіші отбасы онда әке, ана, аға, апа, бөпесі болады, оларда тату,
бір-біріне көмектесіп, сыйлайды.
Балалар өз отбасы туралы әгімелейді.
Мақал- мател.
Ана бәйтерек, бала жапырақ.
Ананың сүті бал, баланың тілі бал.
Ағаны көріп іні өсер, апаны көріп сіңлі өсер.
Ананың көркі – алдындағы баласы.
Дидактикалық ойын. “Кім таниды.”
Шарты: Балалардың отбасы мүшелерінің
біреуінің суретін көрсетеміз ,
таныған бала ол менің әкем- деп айтады.
Ойын осылай жалғасады.
Анаң не істеп жатыр?
Қамыр илеп жатыр.
Әкең не істеп жатыр?
Шеге қағып жатыр.
Атаң не істеп жатыр?
Газет оқып жатыр
Әжең не істеп жатыр?
Әжем ұйықтап жатыр.
Апаң не істеп жатыр ?
Ерін бояп жатыр.
Інің не істеп жатыр?
Мультик көріп отыр.
Сергіту сәті.
Жаңылтпаштан жаңылма.
Шеше кеше,
Неше кесе сынды.
Санамақ айту.
Этот пальчик- дедушка
Этот пальчик-бабушка
Этот пальчик-папочка
Этот пальчик – мамочка
Этот пальчик –я
Вот и вся моя семья.
Қуыр,қуыр қурмаш,
Балапнға бидай шаш.
Әже келсе есік аш,
Қасқыр келсе жұдырық бас.
Бас бармағым-атам
Балан үйрек -әжем
Ортан терек -әкем
Шылдыр шүмек -Анам
Кішкене бөбек –мен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Зис май фазе
Зис май мазе
Зис май систе
Зис май бразе
Дидактикалық ойын.
Еркелетіп шақыру.
Шарты. Алдына ала үнтаспаған ата-аналардың дауысы жазылады.
Балалар кімнің анасы екенін табады.
Кері байланыс.
Бүгінгі оқу қызмет сендерге ұнады ма?
Кімге қай бөлімі ұнады?
Бүгінгі көңіл күйлеріңді смайликпен көрсетіңдерші?
Кім отбасы мүшелер туралы тақпақтар айтады .
Ата-ананы тындайық
Айтқанынан шықпайық
Ал, достарды қолдайық
Қиын шақта қорғайық
Отбасымыз аман, деніміз сау болсын.
Назарларыңызға рахмет.