«Осень 2024»

Қызыл телпек ертегісінің сахналау сценарий

Қызыл телпек ертегісін балабақша балаларына сахналау сценарий

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки



Павлодар қаласы әкімдігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының № 28сәбилер бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны



«Қызыл телпек» ертегісі.




Тәрбиеші:Кунанбаева.Р.М














Жүргізуші:Ертеде кішкентай сүйкімді қыз өмір сүріпті.Анасы оны өте жақсы көреді екен.Әжесінің де ең сүйкімді немересі еді.Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телтек сыйлапты.Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты.

Содан бері көршілері қызды «Қызыл телпек» деп атап кетіпті.Бір күні анасы бәліш пісіріп,қызына.

Анасы: -Қызым, мына бәліштерді әжеңе апарып, қал жағдайын сұрап кел

Қызыл телпек: Жарайды апарып берейін.

Жүргізуші: Анасының сөзін екі етпей Қызыл телпек әжесіне аттанады.Оған әжесі туратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек.Қызыл телпек орманда жалғыз жүру қаншалықты қауіпті екенін білмейді.Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп асықпай жүреді.Бір кезде қызыл телпектің алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр: Қызыл телпек сен қайда барасын?

Қызыл телпек: -Мен әжемнің үйіне барамын.Әжеме бәліш апара жатырмын.

Қасқыр:-Әжең қайда тұрады?

Қызыл телпек: -Ол орманның жанындағы ауылдағы бірінші үйде тұрады.

Қасқыр:-Жарайды кел екеуміз жарысайық.Кім бірінші әжеңе барады екен.

Сен ана жолмен, ал мен мына жолмен барайын.

Жүргізуші: -деп қасқыр қызыл телпекке ұзақ жолды ұсынып, өзі ауылға баратын қысқа жолды таңдап алады.Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жолға түседі. Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай бет алады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен қасқыр есікті қағады.

-Тоқ-тоқ-тоқ

Әжесі:-Бұл кім?

Қасқыр:-Әже бұл мен ғой немере қызың Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім.

Жүргізуші:Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжесі шынымен немересі келген екен деп ойлап:

Әжесі:-Тұтқаның жаныңдағы жіпті тартсаң, есік ашылады.

Жүргізуші: Аш қасқыр үйге кіріп әжені бас салады да, бүтіндей жұтып қояды. Содан соң есікті жауып, басына әжейдің орамалын киіп, көзіне көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек қағады.

-Тоқ-тоқ-тоқ!

Нұрәлі (қасқыр):-Бұл кім? (деп дауысын жіңішкелеп сөйлейді)

Полина (қызыл телпек): -Бұл мен Қызыл телпекпін. Мен сізге қонаққа келдім.

Қасқыр:-Тұтқаның жаныңдағы жіпті тартсаң, есік ашылады.

Жүргізуші: Қызыл телпек үйге кіріп, бәліштер салынған себетті үстел үстіне қойады да ,әжесінің қасына жақындап келіп:

Қызыл телпек: -Әже, сіздің қолыңыз неге үлкен?

Қасқыр:-Сені қатты құшақтау үшін.

Қызыл телпек: -Әже, құлағын неге сондай үлкен?

Қасқыр:-Сені жақсы есту үшін.

Қызыл телпек: -Әже, көзің неге үлкен?

Қасқыр:-Сені жақсы көру үшін.

Қызыл телпек: -Тісің неге үлкен?

Қасқыр:-Сені тезірек жеп қою үшін.

Жүргізуші: -деп Қызыл телпекті бас салып, жұтып қоюды. Байғұс қыз айғайлап та үлгермеді, бірақ, бақытына қарай үйдің қасынан отыншылар өтіп бара жатқан еді. Отыншылар қасқырдың дауысын естіп, үйдің терезесінен қарайды. Үй ішінде төсекте қозғала алмай жатқын қасқырды көреді. Оның қампиған қарнына қарап не болғаның бірден түсініп қояды. Отыншылар қасқырды ұстап алып, қарның жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншылар қасқырдың ішін қайта тігіп қоя береді. Қызыл телпек пен әжесі отыншыларға алғысын білдіреді.

Әжесі:-Сендерге көп рахмет.

Жүргізуші: -деп, ризашылықтарын айтып, отыншыларға бәліштермен шәй береді.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее