Китанова Толкын Каратаевна
№ 2 «Батыр» санаторлық балабақшасы
Ұйымдастырылған оқу қызметі
кіріктірілген оқу қызметі
Білім беру салаcы: Коммуникация, Таным.
Тақырыбы: Ғарышқа ұшу
Бөлім: Қоршаған ортамен таныстыру, ҚМҰҚ, сауат ашу
Мақсаты: Балаларды ғарыш әлеміне саяхат жасау арқылы алған білімдерін бекіту.
Білімділік: Ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, дыбыстық талдау жасакуды, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айта білуді, әр түрлі тапсырмаларды шеше білуге үйрету.
Дамытушылық: Апта күндері, жыл мезгілдері туралы білімдерін, ҚМТҚ – дан әртүрлі есептер шығару, тура және кері санау туралы білімдерін әрі қарай дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, достыққа, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, бастаған істі аяғына дейін орындай білуге тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: Ракета –зымыран, полет в космос- ғарышқа ұшу, времена года –жыл мезгілдері, дни недели – апта күндері,
Көрнекіліктер: Ғарыш әлемінің суреті, планеталар суреттері, геометриялық пішіндер, 1-10-ға дейінгі сандар. Әріптер, Отан, мектеп сөздері. Жыл мезгілдерінің суреттері
Қызмет кезеңдері | Тәрбиеші қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық | Армысың күн ана, Армысың жер ана. Армысың достарым, Армысың құрметті қонақтар! Қонақтармен амандасып болғаннан кейін есік тықылдайды да пошташы кіреді. -Хатта былай жазылған -Сәлеметсіңдер ма балалар. Бұл хатты аспан әлемінен көмек сұрап жіберіп отырмыз. Бізде күн, ай және марс планеталарында талас болып жатыр. Көмектесіңдерші. Бізге келу үшін сендерге аспан әлемін картасын салып жібердік. Бізге көмектесіңдерші балалар. |
Ұйымдастыру іздестіру | -Балалар біз аспан әлеміне көмектесеміз бе? Иә көмектесеміз Ал енді мына конвертің ішіндегі заттарды қарайық. Мынау карта, ал мынау сендермен ғарышқа немен баратынымызды көрсететін шешетін үлгі. Қане тапсырманы орындап көрейік. 1ден 10-ға дейінгі сандарды қосу арқылы тапсырманы шешу. -Мынау не балалар? Ненің сурет пайда болды? Зымыранның суреті -Бұл ракета –зымыран. Өте жақсы. Зымыранның қандай геометриялық пішіндерден құралып тұрғандарын айтыңдаршы. 4 санымен 6 санына дейін тік сызық жүргізсек қандай геометриялық пішін шығады? Тағы да басқа қандай геометриялық пішіндер бар? -Дұрыс айтасыңдар, Тұңғыш ғарышкер кім? Юрий Гагарин Балалар өте жақсы қазір біз сендермен аспан әлеміне саяхатқа барамыз. Қане, барлығымыз дайындаламыз. - Балалар, кәне, тексерейікші сендер ғарышқа ұшу үшін дайынсыңдар ма? (балалардың бұлшық еттерін тексереді) Жарайсыңдар балалар, енді біз қазір шынығып алайық. Жүйені тексереміз. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 Ал енді ұшамыз. Ал міне керекті жерімізге де жеттік. Орыс тілінде 1-ден 10-ға дейін санау. Зымыранның ұшу рәсімін көрсету. Ал енді картаға назар аударайық Орналасу тәртібіне назар аударайық. Ақырын ғана Марс әлемінің тапсырмасын тыңдайық .Марс планетасы қызыл болып көрінеді екен. Қане картадан кім табады. Күн ортада, Марс планетасы күнің оң жағында ал ай планетасы сол жағында орналасқан. Марс әлемінің тапсырмасын оқу. Өзі сондай ыстық әлем. Күн әлемінің тапсырмалары. 1 ден 10-ға дейін моншақ әдісімен санау. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 Амалдарды орындау. Балалар есеп шығарады тапсырмаларды орындайды. Жақсы балалар Марс әлемінің тапсырмалары осымен болған сияқты. Картаға назар аударайық келесі әлем қандай әлем? Күн әлемі Балалар күн әлем ыстық әлем. Сендердің маған көмектерің керек. Жерде не ыстық? Осы сұрағыма жауап табу үшін сендерге мына әріптерді әкелдім Әріптерден сөздер құрайды Отан Ана Әке Кәне, балалар, тіл ұстарту жаттығуларын жасап алайық: Бізге ең ыстық Отан, ата-ана Күн әлемі қатты ыстық болғандықтан ыстықтап кеттік. Қане бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәтін жасайды. Видеороликпен Келесі планетаға келсек. - Ол қандай планета? - Ол Ай планетасы 1.–ер,ер,ер. Біз,боламыз,ғарышкер. Біз ұштық Айға Ұшамызбізғарышқа Ай планетасы біздің картамыздағы соңғы планета, олай болса ай планетасының тапсырмалдарын жылдам орындап елге оралайық. Бұл әлемінде ертегі көркем әдебиеттен өткен ертегілер шатасып жатыр екен. Олар қызықты да қысқа сұрақтардан тұрады?. Бұл жерде жыл мезгілдері таласып жатыр, сендерден тіпті жыл мезгілдері туралы айтып берулеріңді өтініпті. Жыл мезгілдері-времена года Жыл мезгілдерін атайды. Қыс, көктем, жаз, күз. Жыл мезгілдеріне тақпақтар айтады. Жыл мезгілдері туралы ойын. Інжу Күздің қазан айында Алма, алмұрт піседі. Жапырақтар сарғайып, Желмен бірге түседі. Інжу Жаз жайдарлы алақай Жатыр жайнап даламыз, Жүр кәнекей балақай Шомылуға барамыз. Шырайлым Көктем болды алақай Қуанар барлық балақай Көктемде жаңбыр болады, Бақшаға гүлдер толады. -Апта күндерін де ретімен айтуларыңды, бір тәуліктегі де айтуларыңды өтініпті. Апта күндерін ретімен атайды. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Қанекей, кім жылдам екен. Теледидардан көп сериясын көргенбіз Орманда аюмен бірге тұратын қыз (Маша). Байды алдаған көсе (Алдар) Қасқыр мен қоян қай мульфильмнің кейіпкері (Ну погоди!) Бірі төртбұрыш бірі бесбұрыш достар (Спанж боб пен патрик) Атадан қашты, ападан қашты, Сөйтіп түлкіге жем болды (бауырсақ) Көктемде атасы екті. Күзде барлығы жабылып әрең жұлып алды (Шалқан) Жаңа жылда келеді Баршамызға сыйлық береді (аяз ата ) Мысығын шақырды келмеді. (Мақта қыз) Сол ертегіден кейін қарлығаштың құйрығы айыр болып қалыпты (Қарлығаш пен дәуіт). Лақтарым шырақтырым, Қуанышым қарақтарым қай ертегіде айтылдаы.(Жеті лақ пен ешкі) Өте жақсы жауап бердіңдер аспан әлеміне көп көмектестіңдер Рахмет сендерге. Енді жерге қайтайық. Системены тексеру. Жерге оралу. |
Рефлексивті түзетушілік | Жерге оралғаннан кейін Аспан әлеміндегі көргендерін өздерін ұнаған сәттерді айтып жұлдыз жапсырады. Бүгін біз қайда бардық? Аспандағы адамдар робот бейнесін бейнелейді. Ай, күн және марс планетасна бардық Әртүрлі тапсырмалар орындадық. Аспанда қандай планеталарға көмектестік? Тапсырмалардың барлығын орындадыңдар ма? Қандай тапсырмалар орындадық? Тәрбиеші: Ал балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық . Көріскенше күн жақсы, Сау-саламатболыңдар! |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, әр түрлі тапсырмаларды шеше білуге үйренді
Қандай түсініктерді игерді: Апта күндері, жыл мезгілдері туралы білімдерін, ҚМТҚ – дан әртүрлі есептер шығару,тура және кері санау туралы білімдерін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Адамгершілікке, достыққа, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, бастаған істі аяғына дейін орындай білуді меңгерді