«Зима 2025»

Атыс дайындығы. Автоматтан атыс жүргізу.

Атыс дайындығы. Сабақ жоспары. Сабақ барысы жүргізілуі жазылған.

Олимпиады: Окружающий мир 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы : Атыс дайындығы. Автоматтан атыс жүргізу.

Сабақтың мақсаты : Оқушыға автоматтан жекелей және автоматты түрде атыс жүргізуді, нысанаға тура дәлдеуді, тұрып, отырып, жатып атуды үйрету. Оқушыға әскери патриоттық тәрбие беру «Қаруың қолыңда болса, қапыда қалмайсын» және мергендік туралы мақал мәтелдердің мәнін түсіндіру

Сабақтың өту әдісі : Теориялық және практикалық жаттығулар

Сабақтың өту орны : Мультимедия сыныбы

Сабақтың көрнекіліктері: Автоматтың макеті,нысаналар, проектор, құрал жабдықтар, плакаттар.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе бөлім : Оқушыларды сапқа тұрғызу


Взвод командирінің баяндамасы


Сыртқы көрінісін, дайындығын тексеру.


А) үйге берілген тапсырманы еске түсіру


1) көздегіш құрылғысының орнату мақсаты


2) автоматты жүйеде атудың мағынасы


3) патронды оқжатарға жайғастыру


Б) Жаңа тақырыпқа хабарлау




ІІ. Негізгі бөлім : Сабақтың тақырыбын өту жоспары


1) Автоматтың ату реті : Автоматтан ату пәрмен бойынша немесе


қойылған тапсырма мен жағдайға байланыс немесе өздігінен жүргізеді.


Ату пәрменімен алдын нысана ,көздеуіш және көздеу нүктесі көрсетіледі.

Атысты жүргізу (ату) мыналарды қамтиды: көздеуіш пе ауыстырғышты қою, көздеу, шүріппені босату және атыс кезінде автоматты ұстап тұру.


Көздуішті қою үшін автоматты өзіне жақындатып, оң қолдың бас және сұқ саусақтарымен қамытшаның бекіткішін қысып, қамытшаны көздеуіш тақтасының бойындағы санға оның алдыңғы қырын қажет бөлікпен үйлескенше жылжытады. Пулеметте көздеуішті қою көздеуіш тақтасының ішкі жағындағы шкала бойынша жүргізіледі.


«Автоматты (пулеметті) орнықтыру үшін оны сол қолмен тапаншалық тұтқасынан ұстап және нысананы көзден таса қылмастан, құндақты иыққа оның бүкіл желкелігімен тығыз қабысқанын сезінетіндей етіп иыққа тірейді. Оң қолдың сұқ саусағы ағытқыш ілмекке салынады. Бұл ретте екі шынтақ, шамамен, иықтар енінде жерге тіреледі, бас сәл алға еңкейтіліп, мойын сірестірілмей, оң жақ шеке құндаққа тигізіледі.






Тұрып ату жағдайы, көздеуішті қою және


бүйірлік түзеткішті енгізу


hello_html_3872a19.png


Автоматты оқжатардан не құндақтан сол қолмен, ал оң қолмен тапаншалық тұтқадан ұстайды.


Автоматты ұстау: жатып ату, оқпанадан тұрып немесе тізерлеп ату кезінде – сол қолмен дүм мойнынан не дүм астынан, ал оң қолмен тапаншалық тұтқадан тізерлеп және оқпанадан тыс тұрып ату кезінде – сол қолмен құндақтан немесе оқжатардан, ал оң қолмен тапаншалық тұтқадан ұстайды.


Автоматты орнықтыру кезінде шынтақтар:


жерге мейлінше ыңғайлы жағдайда қойылады;








сол қолдың шынтағы сол аяқтың тізе маңындағы бұлшық етке қойылады, ал оң қол шынтағы иық биіктігіне сәйкес көтеріледі;


сол қол шынтағы гранат салатын сөмкенің қасындағы бүйірге қысылады, егер автомат (пулемет) оқжатардан ұсталса, оң қол шынтағы иық биіктігіне сәйкес көтеріледі.


Егер автоматты орнықтыру кезінде ату үшін автоматты (пулеметті) мықты ұстап тұруға арналған бау қолданылса, онда бау автоматты құндаққа қысатындай сол қол білезігіне орналастырылуы керек.


Егер дүмдегі бау атыс кезінде автоматты (пулеметті) мықтап ұстап тұру үшін қолданылатын болса, онда бауды сол қол саусақтарының астына ол оны құндақтарына қатты қысатындай етіп орнату керек.




Жатып ату кезінде винтовканы ұстау әдістері:


hello_html_706d99ed.jpg




hello_html_4dc1c3bb.jpg












Көздеу бір көзбен жүзеге асырылады. Көзделетін көзді таңдау туралы мәселе жетекші көз деп аталатынды анықтау жолымен жүргізіледі. Бұл үшін бір бет қағазды диаметрі 2,5-3см етіп дөңгелектеп тесіп, қағазды созған қолда ұстап тұрып, басты қозғалтпай, екі көзбен жарықта орнатылған нысанаға қарау керек. Содан кейін кезекпен оң және сол көзді жұмып, нысананы қадағалау керек. Егер сол көзді жұмғанда нысана көрінген болса, ал оң көзді жұмғанда, ол қағаздың тасасында қалса, онда атқыштың жетекші көзі оң көз болғаны.


Көздеу үшін сол көзді қысып, ал оң көзбен көздеуіштің ойығы арқылы қарауылға қарап, қарауыл ойық ортасында, ал оның төбесі көздеу тақташасы қырының жоғары шеттерімен бірдей болуы, яғни тегіс қарауыл алынатындай етіп бұрау керек.


Дем шығарған тынысты тоқтатып, шынтақты қозғау, ал егер қажет болса, дене мен аяқты қозғау арқылы тегіс қарауылды көздеу нүктесіне келтіріп, осымен бір мезгілде сұқ саусақтың бірінші буынымен ағытқыш ілмекті басады.


Көздеу кезінде көздеу тақташасының қыры көлбеу жағдайда болуын қадағалау керек.


Шүріппені ағыту үшін автоматты (пулеметті) құндағынан немесе оқжатарынан нық ұстап, ал оң қолмен, демді ішке тартып, шүріппе ұрыстық қайырмадан ағытылығанша, яғни атыс болғанша, ағытқыш ілмекті жайлап басу керек. Егер көздеу кезінде тегіс қарауыл көздеу нүктесінен едәуір ауытқыса, ағытқыш ілмекке түсетін қысымды күшейтпей де, бәсеңдетпей де, көздеуді дәлдеп және ағытқыш ілмекке қайтадан күш түсіру керек.


hello_html_m33f92360.pnghello_html_38a6aede.png












Шүріппені ағытқанда, тегіс қарауылдың көздеу нүктесі тұсында сәл тербелгеніне назар аударуға болмайды. Тегіс қарауылдың көздеу нүктесімен ең жақсы үйлесуі кезінде ағытқыш ілмекті соңына дейін басуға тырысқаннан, ағытқыш ілмек, әдетте, жұлқи басылады да, атыс дәл болмайды. Егер көздеу және ағытқыш ілмекті басу кезінде бұдан әрі дем алмай шыдауға болмайтыны сезілсе, қайта дем алып, дем шығарғанда қайта тоқтап, дәлдеп барып ағытқыш ілмекті басу керек.


hello_html_18ea3cc.jpg












Ату кезінде бауды қолдана автоматты ұстау жағдайы




hello_html_7cb5fbcf.png












hello_html_m75652d04.png



















Түйдектете ату кезінде автоматтың құндағын иыққа қысқан күйінде нық ұстап, шынтақтардың жағдайын өзгертпей, көздеуіштің ойығында тегіс қарауылды көздеу нүктесімен дәлденуін сақтау керек. Ауқымды нысананы түйдектей ату кезінде тегіс қарауылды нысананың бірінен екіншісіне баяу ауыстыру керек. Жатып ату кезінде автоматтың оқжатарын жерге тіреуге рұқсат беріледі.


Атысты тоқтату


Пәрмен : «Атысты тоқтат» уақытылы


«Тоқтат» толық тоқтату




ІІІ. Пысықтау бөлімі :




1) оқушыларға атыс әдістерін автоматпен көрсету


2) автоматты оқтау әдістерін оқушылармен бірге көрсету




ІV. Қорытынды бөлім:




Оқушылардың білім деңгейін тексеріп бағалау.


Үйге тапсырма: Автоматтың ұрыстық қасиеттері.


Оқулық АӘД 10 сынып 240 – 244

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее