Аягөз қалалық №2 бөбекжай балабақша КМҚК
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлім: Жапсыру
Тақырыбы: «Алма мен қияр»
Тәрбиеші: Матакбаева Г.Г.
2018-2019 оқу жылы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлім: Жапсыру
Мақсаты: Жапсыру іскерлік дағдыларын дамыту, қию әдіс- тәсілдеріне машықтандыру.
Міндеттері:Түрлі- түсті қағаздан көкөністер мен жемістерді қиып, композиция құра білу іскерліктерін арттыру. Геометриялық пішіндерді белгілі бір бейнеге келтіріп, қия білуге орнату. Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек нәтижесіне ұмтылуға тәрбиелеу,жемістер мен көкөністердің муляжі және жемістер мен көкөністер.
Керекті құралдар: түрлі- түсті қағаздар, ақ парақ, желім, қайшы, сүрткіш, қарындаш.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңберде.
Арайланып таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң апайлар.
Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
Күз мезгілі.
Күз мезгілдерін үш тілде атап беріңдер.
Үш тілде күз мезгілдерін айтады.
Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
Ағашта жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр, күн суытты, құстар жылы жаққа қарай ұшып жатыр.
Күздегі адам еңбегінен не білесіңдер?
Күзде адамдар жемістер мен көкөністерді жинайды, жерге түскен жапырақтарды жинайды.
Жаңа мәлімет беру.
Сурет арқылы жемістер бақта, көкөністер бақшада өсетінін түсіндіру. Жиын- терін деп көкөністер мен жемістерді жинау жұмыстарын айтамыз.
Дидактикалық ойын.
«Дәмін тап» ойнату. Балалар көздерін жұмып берілген дәмді татып, нені жегенін айтады. Көкөністердің дәмін татқан балалар мүсіндеу, жемістердің дәмін татқан балалар жапсыру бөліміне өтеді.
Жапсыру бөлімінде.
Балалар бүгін біз алма мен қызанақты қиып жапсырамыз. Жемістер мен көкөністер ді өз қажетіңше көп жеу керек, өйткені оларда дәрумендер мен пайдалы заттар өте көп. Олардың құрамындағы дәрумендер бойдың өсуіне, ағзаның дұрыс дамуына және көзің көруін жақсартады. Қызанақ пен алманың пішіні шар пішінді келеді.
Алма мен қызанаққа мұқият қарап шығып, пішінін, түсін, көлемін не нәрсеге ұқсас екендігін айтыңдар.
Балалар шарға, допқа, сағатқа, дөңгелекке ұқсас екенін айтады.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін есімізге түсірейік.
Қайшыны дұрыс ұстау керек. Оны көзге тақауға болмайды,қайшыны қолға бергенде, ыдысқа салғанда басын төмен қарай қарату керек.
Желіммен ұқыпты жұмыс жасау керек, желімдегенде астына қағаз қою керек және сүрткішті қолдану керек.
Қылқаламды желімнен кейін жуып, ыдысқа қылын жоғары қаратып қою керек.
Жұмыс барысы:
Қағазды түсіне қарай екіге бүктейміз.
Жартылай пішіннің суретін бүктелген қағаздың жартысына саламыз.
Салынған суретті қайшымен қиямыз.
Ақ параққа алманы жапсырамыз. Және толықтырып алма жапырағын қиып жапсырамыз.
Сергіту жаттығуы.
Тәрбиеші үш тілде сөз айтып қимыл жасайды, балалар сөздерді қайталап қимыл жасайды.
Жаңбыр – rain – дождь - саусақтарымен қимылдатады.
Жел - wind – ветер – қолдарымен тербеледі.
Күн - sun - солце – ауада қолмен шеңбер жасайды.
Жұмысты ары қарай жалғастыру
Қағазды түсіне қарай екіге бүктейміз.
Жартылай пішіннің суретін бүктелген қағаздың жартысына саламыз.
Салынған суретті қайшымен қиямыз.
Ақ параққа қызанақты жапсырамыз. Және толықтырып қызанақ түйінін жапсырамыз.
Қорытынды.
Балалармен жұмыстарды қорытындылап, жұмбақтар шешкізу. Жапсыру бөлімінен мүсіндеу бөліміне ауысу.