«Осень 2024»

«Аяулы анашым!»

балаларға меркелік көңіл-күй сыйлау. 8-наурыз мерекесімен таныстыруды жалғастыру

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

«Аяулы анашым!»

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, сүйкімді қыздар!.Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі- 8 Наурыз мерекесімен барлықтарыңызды құттықтаймыз!

Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

Жүргізуші: Ана- дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана -дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана -деген бәйтерегі өмірдің,

Ана -деген қазық алтын бақ.

Жарасқан:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп ,

Ән маржаның ашайық.

Бекнұр: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Қыздарды құрметтеп.

Ортаға шақырайық.

Жарасқан: -Балалар, бүгін бізде үлкен мереке-Аналар мерекесі.

Бекнұр: Ия,әжелер мен қыздардың мерекесі.

Жарасқан:-Бірақ, Бекнұр қызық екен? Бүгінгі мерекеде біздің топтың сүйкімді қыздары қайда кеткен?

Бекнұр: -Расында да, Жарасқан біздің топтың әдемі қыздары қайда кеткен?

Жарасқан: -Балалар,мүмкін сендер көрген шығарсыңдар?

-Балалар.

Жүргізуші: Қызық екен! Қыздарымызды іздеп көрейік.

Осы кезде сиқырлы әуен естіліп қыздар гүл болып шығады.

Ажар:Бізді өсірген апатай,

Еңбегін де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең!

Мерей:

Жамиля:

Ән: «Айналайын анашым»

Балалар отырады.

Балалар орындыққа отырады. Осы кезде әтештің шақырған дауысы естіледі. Анасы кіріп терезенің шымылдықты ашады.

Анасы  (әндетеді).

Сәлем, жарқыраған- Алтын- күн!,

Сәлем, мөлдір таза Көк- аспан!.

Сәлем, Алтын -айдарлы әтешім!.

Құт -дарыт бар әлемді жарылқа!


Жүргізуші: Таң атып, кішкентай Машенка ұйқыдан оянып, ауланы сыпыруға кірісті.

Маша.

Мен бір орында отыра алмаймын,

Мен ойнап-күлгенді жақсы көремін.

Кәне, қыздар келіңдер,

Көніліімізді көтеріп,

Әдемі би билейік.

Би: «Гүлдер»

Ана.

-Ой, керемет, менің тәтті қызым.

Ерте тұрып, ән айтып, би билеп жүр ғой.

Ана.

-Ал, кәнекей, қызым кел, екеуіміз тәтті бәліш пісірейік.

Балалар «Бәліш», әнін орындайды.

Ән «Бәліштер»

Анасы: (Анасы Машаға бәліш береді.).

Қызым, мына бәлішті әжеңе апарып 8 наурызбен құттықтап кел.,Бірақ жолда байқап,абай жүр.

Маша.

Қыздар жүріңдер, менің әжемді мерекенмен құттықтап, себеттегі тәтті бәлішті апарып берейік.

Қыздар:- ой,қандай әдемі гүлдер,қандай көп жидектер.

Осы кезде аю шығады.

Аю: -Сәлеметсің бе? Маша!

Маша. –Сәлеметсің бе, Аю.

-. Ой, қандай дәмді иіс шығып тұр. Себетінде не бар?

Маша. –Себетімде тәтті бәліштер бар.

Аю. –Ерте қайда бара жатырсын?

Маша. Мен әжемді 8 наурыз мерекесімен құттықтауға бара жатырмын.

Аю.  –Ал, 8 наурыз деген не?

Маша. –Аю, сен ештеңе білмейсін бе? Сен қандай ертегі әлемінде өмір сүріп жатырсын? 8 наурыз –ол аналар, әжелер және қыздарымыздың мерекесі тойланады.

Жүргізуші: -Бұл мерекеде аналарымызға, қыздарымызға арнап ән айтылады. Бұл мерекеде би биленеді, сыйлықтар беріледі.

Аю: Көп рахмет, мен бұл мерекенің бұндай, керемет екенін білмеппін. енді түсіндім.Менде әжемді барып, мерекесімен құттықттайын..

Ал, сен мына жолмен бар. .

Аю кетеді.

Жүргізуші:.-Мерекеге арнап , бір ән орындайық.

Ән: «Көктем».

Маша (келе жатады).Маған аю осы жолмен жүр деп айтты. Ой, мына ағаштың түбінде не отыр?

Осы кезде қоян шығады.

Қоян: -Сәлеметсің бе, Маша сен қайда бара жатырсын?

Маша. Сәлем, қоян. Мен қыздармен бірге әжемді мерекемен құттықтауға бара жатырмын.

Қоян: Сендер жолда шаршаған шығарсыңдар. Канеки, ендеше, ойын ойалайық.

Ойын: «Шарды әшекейлеу»

Маша: -Қоян,саған рахмет!Бізбен бірге мерекені тойла!

Қоян: Мерекелерің құтты болсын!

Маша: ойын ойнаған өте көңілді екен, міне әжеміздің үйіне келіп қалдық. Әже, әже мен келдім.

Маша: Сәлеметсің бе!

Әже: Сәлеметсің бе,қызым! Сәлеметсіңдер ме қыздар!

Маша. Әже мен сізге ыстық бәліш әкелдім.

Әже: Рахмет,қызым! Мерекелерің құтты болсын: Жасың ұзақ болсын! Қош келдіңдер! Үйге кіріңдер!Немеремнің әкелген бәлішінен ауыз тиіндер..

Аю: Міне ,мен де келдім.

Қоян: Ой,қорқамын аю келді..

Қане тез тығылыңдар,

Бұл қорқынышты аю,

Ол әжелермен кішкентай балаларды жеп қояды.

Аю.

Жоқ,мен балаларға тиіспеймін,

Тек қана ірімшік пен бал жеймін,

Әжені Мерекенмен құттықтап,

Сендерге жүгірп келдім.

Әже. Ал, ендеше, маймақ аю, кел бізбен қонақ бол.

Жүргізуші;-Бүгін біздің ортамызда ақ жаулықты әжелеріміз отыр.Мерекелеріңіз құтты болсын!Кішкентай бүлдіршіндердің тілегін қабыл алыңыздар!

Тақпақтар айтады.

Ән: Әже

Жүргізуші: -Біздің топтың ұлдары қыздарымызды мерекемен құттықтап,сыйлықтарын жасамақшы.

Нұрсұлтан:

Біздің топтың қыздары.

Сендерді жақсы көреміз.

Мерекемен құттықтап,

Би де билеп береміз.

Би: «Ұлдар биі»

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее