«Осень 2024»

Абай дана-Абай дара

Абай Құнанбаевтың өмірі,еңбек жолы,өлеңдерімен балаларды таныстыру.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Ашық тәрбие сағаты: ұлы кемеңгер ақын Абай атамыздың 170 жылдығына арналады.

Тақырыбы: « Абай –дара, Абай –дана қазақта!»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:

Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай шығармаларымен таныстыру. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы атақты «дара» ақын болғанын білу. Абай өлеңдерімен, қарасөздерімен таныстыру.

2. Дамытушылық:

Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуін, мәнерлеп оқуын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік:

Өз жерінен шыққан ұлы адамдар өмірі мен шығармашылығын сүюге, бағалай білуге, өнер-білімге, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдістері: Топтастыру, баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, пікір айту, жүйелеу, салыстыру. Венн диаграммасы, талдау.
Пәнаралық байланыс: Музыка, тарих.
Көрнекіліктер: Абай портреті, «Кітап көрмесі», Абайға 170 жыл, сөз жұмбақ «Абайтану», буклет, Абай өмірі мен шығармашылығына арналған файл және слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Сәлемдесу
2) Оқушыларды түгендеу
3) Ашық сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалімнің кіріспе сөзі және сабақтың эпиграфы:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Абай –дара, Абай – дана қазақта!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, оқыған, көрген – білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі ашық тәрбие сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:


Көп адам дүниеге бой алдырған

Бой алдырып аяғын көп шалдырған

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

2-жүргізуші:


Бүгінгі ашық тәрбие сағатының бастамас бұрын әділ- қазылар алқасын сайлап алу. Яғни бұл сайыс түрінде өтпек .Өтілуінде әр сыныптан бір-бір оқушы қатысу тиіс. Қатысушыларға тапсырмалар берген болатынбыз. Сол тапсырмаларды әр топ қорғауы керек.

1-жүргізуші:

Қ.Р.Президенті Н.Ә. Назарбаев «Абайды тану арқылы Біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.

2-жүргізуші:

Сондықтан Абай атамыздың артына қалдырған мол мұрасын оқып тану, тағлым алу, өзгеге жеткізу – біздің міндетіміз. Абай үгітші ақын. Ло жастарды оқуға, білімге, өнерлі болуға үйренуге шақырды.

«Әсемпаз болма әрнеге», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі адамның жаман қасиеттердің аулақ болуға, бес асыл қасиеттерді жастарға санап беріп, сол қасиеттерді бойға жинауға, білімді болуға, саналы азамат болып, елін, жұртын биікке көтеріп адам баласы болуын өсиет етеді.

Біз мақтануымызға да болады, өйткені Абай өзінің заманы мен замандастарынан көрмеген сый құрметті, бізден, өзі баулыған ұрпағынан көрді, көзі тірісінде жетпеген арманына бүгін жетті. Абай мұрасы ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға өтпек, ол басылған сайын жаңа қырланған алмаздай нұрланып, жарқырап, жасарып, нұр төге бермек.
Сол сияқты Абайдың поэзиясын суарып,жасартып тұратын ауа мен нәрлі бұлақ туған халқы, өлеңдері айтылған сайын Абай да көктемгі ормандай жасара бермек.
Міне, Абайдың өзі көзден таса болса да, сөзі көңілге ыстық көрінетіні содан. Біз оны ардақтаймыз да мәпелейміз. Аз өмір сүріп, азапта өткен Абай бүгін бізбен мың жасап отыр.




1- жүргізуші:

Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер, филосов, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халықты тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.

2- жүргізуші.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!

Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады.
Осы бір ауыз өлеңде- бүкіл Абай өмірінің терең сыры жатыр. Мұны қараңғы елдің мылқау күшімен арпалысқан аяулы жанның кейінгіге жолдаған арызы деуге де болады.

Жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды. (1 слайд – Абайдың суреті)


1- жүргізуші:

Қалың елін ойлаумен қайран жұртын,

Қамшылаған сөзімен қайран ұлтын.

Көкірегі ояу, көзі ашық жастарына,

Мәңгілікке силаған жүрек кілтін.


2- жүргізуші.

І. тапсырма: «Абайдың өмірі» «Абай - әлем таныған тұлға» атты ұлы Абайдың өмірі туралы деректер, білім, тәрбие алу жолдарын буклет жасау арқылы қорғау.


  1. жүргізуші:

Аты өшпейді Абайдың мұным анық.
Ар-ожданын намысқа жанып алып,
«Қалың елім - қазағым» деп жырлады,
Зередей әжесінен тәлім алып.

ІІ- тапсырма: «Абай – сазгер»

Қазақ халқының мәдени мұрасында Абай шығармашылығы маңызды орын алады. Оның қаламынан қазақтың ән- сазын байытқан тамаша әндер туды. Қазақ халқы Абайды тек данышпан ақын, әрі ағартушы ретінде және көптеген халық әндерінің авторы болғандықтан оны сазгер деп таниды.Абай өзі де ән салып, домбыра шерткен. Қазақтың ән –күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржансал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сөзгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған. Абай әндерін халыққа таратқан.

2- жүргізуші.

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесер бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің өсері бар, -деп Абай атамыз айтқандай, енді сол әндерінен үзінді тыңдап көрейік.( Әнді қорғау)


2- жүргізуші. ІІІ –тапсырма: «Абай –лирик ақын».

«Тіршіліктің көзі - табиғаттың өзі». Табиғаттың әсемдігі тек қана тіршілікпен жарасымды. Тіршілікті аялағанда ғана табиғаттың тамаша болатындығы айқын. Табиғат тіршілік үшін қажет болса, тіршілікке табиғат қажет. Абай атамыз табиғатты тамаша суреттеумен қатар тіршіліктің онымен байланыстылығын дәл тауып, әдемі де, тартымды жырлай білген.

Абай жылдың төрт мезгілі туралы өлеңдер жазды. а) Табиғат лирикасына шолу. Суретпен қорғау, бір жолын жатқа айту.


  1. жүргізуші. ІҮ- тапсырма: «Абай – ғұлама ойшыл»


Абай еді кешегі асқақ ақын,

Қара сөзге қандырған бүкіл халқын.

Мейлі 100 жыл мейлі мың жыл өтсің,

Тот баспайды сөздерін оның алтын.


2- жүргізуші.

Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890 - 1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46 - шы қарасөзі аяқталмаған.
Қарасөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері адамзат баласына ортақ сөз. Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы “Абай” журналында жарық көрген. Қарасөздер орыс, қытай, француз т. б. көптеген әлем тіліне аударылған.

Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс (слайд арқылы көрсетіледі). Түсініксіз сөздерді дәптерлеріне жаздырту.
- Ғақлия - көркем, дана сөз
- ғибадат - құлшылық ету, сиыну
- мәдмәладқа жету - мақсатқа жету
- ахирет - адамның о дүниеде сұралатын ісі.
- нәпсі - құмарлық
- залал - зиян
- күнәкәр - күнәлі болу.


  1. жүргізуші.

Абай қарасөздерінің тақырыптары қандай? (Слайдтан көрсету)
Қарасөздерін оқу, тақырыбына қарай топтастыру.
Өмірбаяндық: 1 - сөз.
Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.
Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.
Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.
Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.
Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.
Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.
Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.
Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.
Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз
Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37


-Абай –ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі. Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 46 қара сөзі бар. Олай болса қара сөздерінен үш тілде үзінді тыңдайық.

(3 тілде қара сөздерді кіргізу.)

Өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтуда 3 «а» сынып оқушыларын ортаға шақырайық.


  1. жүргізуші. Ү тапсырма: «Абай- данышпан аудармашы»


Орыс ақындарының классиктік үлгілерімен рухтанған Абай 80- жылдың аяғы мен 90- жылдың басында өзінің мәңгі өшпейтін шығармаларын жасады. Абайдың орыс достары көп болған. Сол кезде Пушкин, Лермонтовтың өлеңдерін, Крыловтың мысалдарын қазақшаға аударып, қазақ даласын да өзімен бірге жасартқандай болды. Абай тек халықтың тілін екінші халықтың тіліне аударуды ғана мақсат еткен жоқ, дәмді ғып аударды. Ұйқасы мен қисын- ырғағын, желісін бұзбай отырып аударды


Орыс тіліне аударылған өлеңдерінің бірі: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім». Абай атамыз қазақ тіліне аударған шығармаларының бірі «Қараңғы түнде тау қалғып» әні. Бұл өлеңнің негізгі авторы батыс европалық классиктерінің бірі Гетенің өлеңі. Орыс тілінде аударған – Лермонтов.

1.Ойын жүргізу: «..........»

3 топқа бөлініп шағын эссе жазу. Бес жолды өлең құру.
1 - топ. “Ақыл”
2 - топ. “Қайрат”
3 - топ. “Жүрек”


Зат есім: Қайрат
Сын есім: күшті, жігерлі
Етістік: ерінбейді, жалықпайды, тынбайды
Синоним: күш, жігер, қуат, ерік
Сезіну: Адамның өзіне деген сенімін оятады.


Зат есім: Ақыл
Сын есім: ойлы, табанды
Етістік: ойлайды, кеңеседі, дұрыстайды
Синоним: ой, сезім, түйсік, шабыт
Сезіну: Онсыз адам жол таба алмайды



Зат есім: Жүрек
Сын есім: жылы, рақымшыл
Етістік: соғады, лүпілдейді, дірілдейді
Синоним: сезім, махаббат, жылылық, өмір
Сезіну: Адам денесінің негізгі тіршілік көзі.



2. Ойын жүргізу. «Жалғасын тап»

Жаман қасиеттер :

Өсек─біреуді жамандау .

Еріншек─жалқаулық . Мақтаншақ─мақтану .

Бекер мал шашпақ ─бір затты тастай салу , шашу .

Өтірік─ алдау , өтірік айту .


Жақсы қасиеттер :

Талап─адам өз алдына мақсат қойып , болашаққа талпыну .

Еңбек─еңбексіз дүние жоқ , айналадағы заттың бәрі еңбекпен келеді .

Терең ─ой білім , ғылымға талпыну , ұмтылу .

Қанағат ─ысырапты болмау , бір нәрсеге қанағаттану .

Рақым ─мейірімді , үлкенге құрметшіл , кішіге қамқоршы болу . 


Мұғалім қорытынды сөзі:

- Абай Құнанбайұлы – дүние жүзіне танымал әлемдік деңгейдегі ақын. Ақынның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 1995 жылы дүние жүзі елдерінде мерекеленді. Абай оқулары ағылшын, француз, неміс тілдерінде Еуропада өтті. Абай шығармалары әлемде тоғыз тілге аударылып басылып шықты. Бұл басылымдарға өзге елдің дүние жүзі ғалымдары мен жазушылары өз ойларын білдіріп, Абай бейнесін аша түсті. Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай атамыздың есімі мәңгілікке халық жүрегінде сақталады. Абай қазақтың атын әлемге таратқан, артына өшпес мұра қалдырған дана әрі дара, ұлы тұлға.

Тәрбие сағатымызды аяқтай келе, бүгінгі кешіміздің куәсі болып отырған әділ –қазылар алқасына сөз кезегін берейік, дайындалып келген өнерлі оқушыларымыздың өнеріне баға берелік.

2 «а» лицей сынып оқушыларының орындауында.


1- оқушы: Әділет

Өлмес атын өзінің,

Өлеңімен қалдырған.

Шөбересі Абайдың,

Біз бақытты балдырған.


  1. Аслан

Әрбір сөзі өсиет,

Ақыл болған баршаға.

Абай, ақын атамыз,

Келді екен қаншаға?


Жүз жетпіс деп жатыр ғой,

Туған жылын есептеп.

Келер жасын ойлаймыз,

Ұрпағымен өсед деп.



Ары таза, иманы мол данышпан,
Заман үнін сезе білген алыстан.
Өлеңімен оятып әр сананы,
Өмір бойы надандықпен алысқан.


Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті,
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.

Аты өшпейді Абайдың мұным анық.
Ар-ожданын намысқа жанып алып,
«Қалың елім - қазағым» деп жырлады,
Зередей әжесінен тәлім алып.


Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары


Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді, 
Абай – ұлы себебі


Хормен:

Әнін тыңдап әсерлі,

Жырын жаттап өсеміз.

Туған күні бабаның,

Құтты болсын десеміз.
















Муканбет Дильназ

Қалың елін ойлаумен қайран жұртын,

Қамшылаған сөзімен қайран ұлтын.

Көкірегі ояу, көзі ашық жастарына,

Мәңгілікке сыйлаған жүрек кілтін



Сабина

Ары таза, иманы мол данышпан,
Заман үнін сезе білген алыстан.
Өлеңімен оятып әр сананы,
Өмір бойы надандықпен алысқан.

Алишер
Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті,
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.

Анел

Аты өшпейді Абайдың мұным анық.
Ар-ожданын намысқа жанып алып,
«Қалың елім - қазағым» деп жырлады,
Зередей әжесінен тәлім алып.



Дарина
Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары

Амирхан
Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді, 
Абай – ұлы себебі!









Айжан

Абай еді кешегі асқақ ақын,

Қара сөзге қандырған бүкіл халқын!

Жүздеген, мыңдаған да жылдар өтсін,

Тот баспайды сөздерін оның алтын!



Камила

Абай ақын, Абай –дара, Абай –дана

Абайша өлең жазған ақын бар ма?

Тербеткен әніменен кең даламды,

Абайы бар халықта арман бар ма?


Абай әділ,- Абай –ғалым, Абай – сыншы,

Абайды шет елдерде тани білді.

Әр сөзін ғибрат, тәлім алып,

Әр өлең жатталып ойға сіңді.


Абай –әнші, Абай – жыршы, Абай –тілші,

Абайша шындықты тілмен тілімдеші.

Ұлы ақынға өлең арнау осы кеште

Ұстаздар, шәкірттерім бар деп білші.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее