«Зима 2025»

Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік» дастаны /үзінді/

Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік» дастаны /үзінді/

Жүсіп Баласағұнидың өмірін, «Құтты білік» дастанының əлем əдебиетінің асыл мұраларының бірі екендігі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған дастан екендігін меңгерту

Барлық оқушылар :

Білім мазмұны бойынша ұсынылған дастанның негізгі мазмұнын, авторы туралы мағлұматты біледі

Оқушылардың көпшілігі :

Тақырып көлемінде берілген тапсырмаларды орындап, Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» трактаты бойынша өзіндік ой пікірлерін айтады

Кейбір оқушылар :

Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» трактатының бүгінгі таңдағы өміршеңдігін ажырата алады,өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп

Ақтоғай ауданы,Қараоба орта мектебі

Мұғалімнің Т.А.Ж.

Уакбаева Айман Темиргалиевна

Пән

Әдебиет

Сынып

8- сынып

Күні

17.10.2016

Оқушы саны

Сыныпта 17 оқушы. Қатысты- оқушы.Қатыспады-

Сабақтың тақырыбы

Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік» дастаны /үзінді/

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Жүсіп Баласағұнидың өмірін, «Құтты білік» дастанының əлем əдебиетінің асыл мұраларының бірі екендігі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған дастан екендігін меңгерту

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар :

Білім мазмұны бойынша ұсынылған дастанның негізгі мазмұнын, авторы туралы мағлұматты біледі

Оқушылардың көпшілігі :

Тақырып көлемінде берілген тапсырмаларды орындап, Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» трактаты бойынша өзіндік ой пікірлерін айтады

Кейбір оқушылар :

Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» трактатының бүгінгі таңдағы өміршеңдігін ажырата алады,өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі

Іздендіру,сыни тұрғыдан ойлау сабағы

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Келісемін-келіспеймін,Тұлғатану,Блум кубигі,"Экспромт баяндама"


Қолданылатын ресурстар

Жүсіп Баласағұнидың портреті, тақта, стикерлер, маркерлер,

Тілдік мақсат

Негізгі ұғымдар.

Терминдер


Ислам дәуірі әдебиеті

Трактат,қисса, дастан


Пәнаралық

байланыс

Қазақстан тарихы

Сабақ кезеңдері.

Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті


Ресурстар

Сабақтың басы

/2- 3 минут/

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін психологиялық көңіл-күй қалыптастыру.

Психологиялық тренинг




















Топқа бөлу. Мақалдарды дұрыс құрастыру арқылы үш топ құрайды.

(«Тату елдің тамағы таусылмайды»,

«Біріккен бітіреді, ұйымдасқан ұтады»

"Өнер алды-қызыл тіл")


Оқушылар амандасады ,орындарында отырып,психологиялық тренингке қатысады.

Көздерін жұмып, мұғаліммен бірге қайталайды.

Оқушылар:

Мен мектепте сабақтамын.

Міне, қазір әдебиет сабағы басталады.

Менің зейінім артып келеді.

Есте сақтау қабілетім мықты.

Менің миым анық ойлайды.

Көңіл-күйім тамаша.

Мен белсенді жұмысқа дайынмын.




3 топқа бөлінеді

Топ мүшелері рөлдерге бөлінеді: топ басшысы, топ хатшысы, спикер, уақыт сарапшысы,суретші.

Жайлы музыка

Сабақтың ортасы

/30 минут/

"Келісемін - келіспеймін "әдісі арқылы өткен сабақтарды еске түсіреді. Интерактивті тақтадағы 15 тұжырымды оқыту және оқушылардың бұл тұжырымдарға "Келісемін" не "келіспеймін" деп кезекпен жауап беруі сұралады. Мұндағы мақсат: өткен білімдерін тексеру,қайталау.


Оқушыға сұрақ


1. Әбунасыр Әл-Фараби "Өлең өнерінің қағидалары " еңбегінде ақындарды төрт топқа бөлген .








Формативті бағалау

Соңында интерактивті тақтадағы өткен сабақтардағы авторлар тізімі,шығармаларына назар аудару сұралады."Тұлғатану" әдісі

Сұрақ:Балалар тізімдегі қай тұлға, оның шығармасы әлі бізге таныс емес


Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласағұни

«Құтты білік» дастаны

Ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері, энциклопедиялық ілім иесі Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» дастанына арналған зерттеу-іздену сабағы.

Оқушылармен бірлесіп сабақтың мақсатын қою.


Сөздік жұмысын жүргізу. Трактат,қисса, дастан сөздерінің анықтамасымен таныстырады.

Әр оқушы"Келісемін - келіспеймін "әдісі арқылы диалогқа түседі.

Өткен тақырыптар қайталанады.








Оқушының ықтимал жауабы:

1. Келіспеймін. Себебі Әбунасыр Әл-Фараби "Өлең өнерінің қағидалары " еңбегінде ақындарды үш топқа бөлген.

Базалық білім мазмұны бойынша дайындаған 10 тұжырымға қорытынды жасайды.


шапалақ







Ықтимал жауап:

Жүсіп Баласағұни

«Құтты білік»



Жүсіп Баласағұни.

«Құтты білік»










Сабақтың мақсатын қояды.

Трактат,қисса, дастан сөздерінің анықтамасымен танысады,пайымдайды.

АКТ

Интерактивті тақта



































Жүсіп Баласағұнидың портреті



Жүсіп Баласағұнидың өмірін, «Құтты білік» дастанының əлем əдебиетінің асыл мұраларының бірі екендігі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған дастан екендігін меңгерту,түсіну мақсатында әр топқа мәтін таратылады да тапсырмалар беріледі.

Тапсырма:«Дана үкі » әдісі

Оқушыларға өз беттерімен жұмыс жасауға мәтін беріледі, (жеке және топпен жұмыс).

Одан кейін оқушылар мәтіндегі ақпаратпен жұмыс жасау үшін сұрақтар жазылған жұмыс парағын алады:

Мәтіндегі негізгі ұғымдарды тауып, жазыңыз.

Мәтіннен Сізге жаңалық болған ақпаратты табыңыз.

Ең басты өмірлік даналық. Мәтіндегі негізгі ойды бір сөзбен жеткізіңіз.

Иллюстративті кескін.

Мәтіндегі негізгі ойды сурет, карикатура,

сызба түрінде кескіндеуге тырысыңыз.

Үлгі алатын қорытынды.


«Дана үкі » әдісі арқылы жұмыс жасайды Оқушылардың берілген мәтінді оқып,мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерін айтады




























Формативті бағалау "Екі жұлдыз,бір тілек"


Карта,

Тапсырмалар,

мәтін

Сергіту сәті

«Жастар биі» атты жаттығу жасау


Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнеролик


Тапсырма

Кестені толтырыңыз
«Құтты білікте» қазіргі қолданылып жүрген мақал-мәтелдер
1 Ақыл қайда болса, ұлылық толады,
Білім кімде болса, сол білікті болады. Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
2 Тірі - өлер, ақыры жер жастанар,
Жақсы кісі өлсе, жақсы ат қалар Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
3 Тіліңді бақ, басың аман қалады,
Сөзіңді қысқарт, жасың ұзақ болады. Басқа пәле – тілден.
4 Есік баққан тіл – арыстан, ашулы,
Сақ болмасаң, жұтар, ерім, басыңды. Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер.
5 Сабыр етсе, кісі өз тілегін табар,
Сабырмен тұрған ер ақ құс тұтар. Сабыр түбі – сары алтын.
6 Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді,
Сөз қалады, таяқ табы кетеді. Таяқ еттен өтеді.
Сөз сүйектен өтеді,

3- топқа тапсырма Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» дастанынан берілген үзінділерді сатылай талдау.



*Тапсырма:

Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» трактатының бүгінгі таңдағы өміршеңдігін ажырату.

Оқушының білімді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алу дағдысын қалыптастыру мақсатында Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» дастанымен

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы арасындағы сабақтастықты анықтау беріледі



Кестені толтырады,қорғайды


























3 топ Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» дастанынан берілген үзінділерді Н.Оразахыновнаның сатылай талдау технологиясы бойынша талдау жасайды.

Талдау тапсырмасының соңында топтаса отырып, поэманың бүгінгі таңдағы өміршеңдігі,

тəрбиелік мəні не деген сұраққа жауап береді, өз бағасын береді






*Талантты оқушылар :

Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» дастанымен

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы арасындағы сабақтастықты анықтайды.


Кесте


«ЭКСПРОМТ БАЯНДАМА» ойыны

1. Стикерге тақырып жазылады.

2. Әр топтан бір адам шығып , стикер таңдайды.

3. 30 секунд ойланып,стикерде жазылған тақырып бойынша қысқаша баяндама жасайды


Ізденеді, талдайды, ойланады,жазады









Әр топ суреттегі тапсырмаларды орындайды


Өзін-өзі бағалау , топты бағалау парақшаларын оқу.

Оқушыларға Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» трактатының тәрбиелік мәнін және маңызын ашуға жағдай жасау.

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Қорытынды сөз: «Құтты білік» еңбегінде әркез есте ұстайтын тағылымдар мол.
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек, бағына»,-
деп өзі айтқандай, ғұлама Баласағұни сіз бен бізді ойландырар небір даналық тұжырымдары мен сөз маржандарын соңына қалдырып кетті. Кейінгі ұрпақ керегінше өз қоғамдарында қолдансын, пайдаларына жаратсын деп аманат етіп кетті. Дастанда адамға

білім мен ғылымның не үшін қажет екендігі, жалпы адам баласын ғасырлар

бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, ел басқару, моральдық-этикалық, т.б.

тұрмыстық мəселелердің арқау болды.

Өзін өзі ,топпен бағалайды

Сабақтың соңы

/5-7 минут/

Әр оқушыға екіге бөлінген парақ беріледі, сол жағында адамның жақсы қасиеттері тізіліп жазылған,ал оң жағында әр оқушы өзінің жағымсыз қасиетін жазып ,парақты қақ ортасынан екіге бөліп ,жағымсыз қылық жазылған бөлігін жырту тапсырылады.






«Бос микрофон» рефлексия бөлімі



Әр оқушы екіге бөлінген парақты алады/ сол жағында адамның жақсы қасиеттері тізіліп жазылған/ал оң жағында әр оқушы ойланып өзінің жағымсыз қасиетін жазады ,парақты қақ ортасынан екіге бөліп ,өзінің жағымсыз қылығы жазылған бөлігін жыртады.



"Менің сөзім......"Оқушылар ұсынылған микрофонға өз ойларын айтады.


Үйге тапсырма:

1. Жүсіп Баласағұнидың өлеңін Абай өлеңімен салыстыр

2. Ғаламтордан Жүсіп Баласағұнидың

«Құтты білік» дастаны туралы қосымша мәлімет ізден.


Қосымша ақпарат

Саралау –

Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау –

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері,

АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Қорытынды бағамдау




Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?















Бағдарламадан:

«Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік» (үзінді)» (1 сағат). Ж.Баласағұнидың

өмірі. «Құтты біліктің» əлем əдебиетінің асыл мұраларының бірі екендігі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат екендігі. Дастанда адамға білім мен ғылымның не үшін қажет екендігі, жалпы адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, ел басқару, моральдық-этикалық, т.б. тұрмыстық мəселелердің арқау болуы. Поэманың бүгінгі таңдағы өміршеңдігі,тəрбиелік мəні. Əдебиет теориясы: қисса, дастан.


1. Жүсіп Баласағұнидің өмірінен мәлімет
Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеде ХІ ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хас хажиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп жыл қайыру дәстүрі бойынша санағанда барыс жылы, яғни, 1021 жылы туған. Жүсіп Баласағұни - өз кезінің көрнекті ғалымы ретінде математика, астрономия, табиғат тану, тарих және араб, парсы тілдері сияқты білім салаларын зерттеуге айрықша үлес қосқан ғалым.
Жүсіп туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы ''Құтты біліктен'' ғана табамыз. (Карта, слаид)
2. «Құтты білік» дастанының жазылу тарихы .


Ж. Баласағұни «Құтты білік» дастанын 1069 жылы Қашқар қаласында жазған. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітіргенін айтады. Поэма 85 тараудан тұрады. Поэманың тақырыбы – адамгершілік, ізгілік. Ақын Грек ойшылдары сияқты дүниенің негізі — жер, су, ауа, от,-дейді. «Құтты біліктегі» кейіпкерлер саны — төртеу. «Құтгы білік» дастанының үш қолжазбасы сақталған. Қазіргі қазақ тіліндегі аудармасы Ферғана, Мысыр қолжазбаларының басылымынан алынған.
3. «Құтты білік» еңбегінің аудармасы, А.Егеубаев туралы
Қазақ ақыны, филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Егеубаев «Құтты білік» дастанының қазақ әдебиетінің дамуына идеялық-көркемдік әсері» атты тақырыпта ғылыми диссертация қорғады. Сондай-ақ жырды қазақ тіліне аударып, 1986-жылы «Жазушы» баспасынан жинақ етіп шығарды.
Оның Жүсіп Баласағұнды, Махмұт Қашқариді қазіргі қазақ тілінде сөйлетуі – орасан зор еңбектің жемісі еді. Асқар Құрмашұлы – нағыз сегіз қырлы, бір сырлы азамат болатын. Ол – шебер журналист, шешен публицист, ғибратты ғалым, танымал қайраткер, белгілі әдебиет сыншысы, тәжірибелі баспагер, ұлағатты ұстаз, су төгілмес үстінен сұлу жорға – ақын еді.
4. «Құтты білік» дастанында айтылған ойлар
''Құтты білік'' дастаны түркі тілді туысқан халықтардың бізге келіп жеткен дүниежүзілік мәнге ие бірден-бір жазба әдеби ескерткіші, ХІ ғасырға дейінгі жазба әдеби тілдің даму жолдарын білдіре алатын асыл мұраларының бірі.
Жүсіп өз заманындағы ғылым саласымен толық танысып кемелденген шағында ''Құтты білік'' тәрізді классикалық шығармасын жазуға бет бұрды. Араб, парсы тілдерін жақсы білумен бірге өз ана тілін де терең меңгеріп, бар байлығын бойына дарытқан Жүсіп ана тілінің көркемдік қуатын әлемге таныту бағытын ұстады. өз тілін менсінбей араб, парсы тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты сырттан таңылған қорлық салты үстем кезде өз ана тілінде көркем шығарма жазу дәстүрін қалыптастырып кетуі - соның тарихи айғағы.
''Құтты білік'' - ХІ ғасырға дейінгі түркі тілді халықтардың қоғамдық ой санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие көркем туынды.
Шығармадан үзінділер оқып, талдау
1. Ақыл, білім, тіл жайында :
Тәңірі адамдарды жаратты, үздік етті,
Оған өнер, білім, ақыл, ой берді.
Білім берді: адам бұл күндері шырқау биікке көтерілді.
Ақыл берді: осының арқасында шешілмейтін түйін шешілді.
Білімді — биік, ақылды — ұлық деп есепте
Бұл екеуі таңдаулы құлдарын биікке шығарады.
Білімсіз кісілердің барлығы - ауру,
Ауруды емдемесе, адам тез өледі.
Көрікті істердің барлығы да ақылменен істелген,
Бектер бұл дүниеде біліммен ерекше.
Ақыл мен білімнің тілмашы - тіл,
Ердің мерейін көтеретін жүйрік тілді біл.
2. Сөз әдебі мен тыңдау әдебі туралы :
Сөз сөйлеуші жанын қинап тынады,
Тыңдаған жан сергіп, семіріп шығады.
Деген екен көңілі ашық, көрікті ер,
Тіліңді тый, ақылыңа ерік бер.
Көп тыңдаған ой саралар көп біліп,
Көп сөйлеген басын берер көпіріп,
Есті сөзден ғибраттанар құлағың,
Көп мылжыңнан лайланар ой-бұлағың.
Көңіліңдегі айтылмаған сөз алтын,
Шықса, қола болар, нарқын жоғалтып.
3.Білімді мен біліксізді салыстыруы жайлы :
Біліксіздің тілін тыйған жөн болар,
Білімдінің сөзін жиған жөн болар.
Білімдінің нұрлы сөзі сарқылмас,
Бастауы кең бұлақ көзі тартылмас.
Білімділік – шым бүркеген бір теңіз,
Бұрқырар су аяқ басып жүрсеңіз.
Білімсіздің көңілі – құм, құнсыз шөл,
Тойып бермес, күні-түні құйсын көл.
Бұл ұшқыр, ілгерішіл ойларды Жүсіп Баласағұни бабамыз осыдан он ғасыр бұрын айтты.

ІІІ. Үш тағанды нәрсенің беріктігі хақында Күнтуды мен Айтолдының арасындағы әңгімесі
Қасым: -Таң қалғаным бәрінен,
Күміс таққа мінуіңнің мәні не?
Бұл не отырыс? Тағың не? Енді сұрайын.
Бұл не жұмбақ, айтқын, мен де ұғайын.
Екіншіден, пышағы не Еліктің?
Түгел білсем,түгі қалмас, сезіктің.
Үшіншіден, оң жақтағы балың не?
Солыңда – у, білсем деймін бәрін де.
Нұржан: Мен отырған тағым, міне, төрімде,
Үш аяғын көр де тоқы көңілге.
Үш тағанды нәрсе берік, мызғымас,
Үш аяғы тұрғанда ұстап, жылжымас.
Бұл пышақты кім нық тұтса қолына,
Өнер ол да. Сілтер кесел жолына.
Пышақтай мен кесем аршып әр істі,
Кінәліні тауып, білем мәністі.
Бал-шекерді татқан кісі жадырар,
Жаны шат боп, уайым, мұңнан арылар,
У бұйырар қара жүрек кісіге,
Заңнан қашқан зәрін түйіп ішіне.

Сұрақ: Үш тағанды нәрсенің беріктігі жайлы ой ел бірлігі, ел бектерінің қасиеттерін саралайтын тарауда қалай көрінеді?
иетін бектерге анық шарапаты,
Үш кісі бар, қызметі – марапаты.
Бірі – дана ғалымдар, зейінділер,
Бірі – хатшы, білсін дер кейінгілер.
Үшіншісі – жүректі ер, батырларың,
Жау десе, жайдай жайпар жасындарың.
Бұл үш түрлі ер бір жеңнен қол шығарса,
Қалған жұртты үйіріп, қоңсыға алса,
Төтен келген жауың да шаба алмайды,
Жазылған тарихыңды ала алмайды.-деп ғұлама халық бірлігінің беріктігі – ғалымдар, хатшылар, батырлардың қолында екендігін нақтылап жеткізеді.

ІІІ. Сұрақ. 1.Шығармада аталған кейіпкерлер атынан нені аңғарамыз?
Бұл әзіз кітап төрт ұлы ұғым, төрт қымбат қасиеттердің сұхбатынан құралған. Бірі - Әділдік, екіншісі – Дәулет, Үшіншісі – Ақыл, төртіншісі – Қанағат. Олардың әрқайсысына жеке-жеке түркіше ат берген. Әділдікке «Күнтуды Елік» атын беріп, хан орнына қойған. Дәулетке «Айтолды» деген ат беріп, уәзір орнына қойған. Ақылға «Өгдүлмүш» атын беріп, уәзірдің ұлына балаған. Қанағатқа «Одғұрмыш» деп ат беріп, уәзірдің туыс, ағасы деп санаған. Ғұлама өз пікірлерін, ой толғаныстарын солардың арасындағы пікірлесу, сауал-жауап сөздер арқылы әңгімелеп, желілеп .Күнтудының Айтолдыға қойған сұрақтарына жауап беру.

1. Қолбасы қандай болу керек?
Сөзсіз, бекке қажет мықты қолбасы,
Ұйқы қашып, сассын жаудың ордасы.
Қолбасыға жігіт керек құрыштай,
Жарқылдаған жалаң өткір қылыштай.

2. Елдің тізгінін кім ұстау керек?

Бірі – уәзір, екіншісі – қолбасы,
Қалам, қылыш екеуінің жолдасы.
Екеуі елді түзеп, қуар наласын,
Біріксе олар, кім үзеді арасын.

3. Хажыб қандай болу керек?

Хажыб ісі – қонақтарды қарсы алу,
Хажыб ісі – заң ісі үшін жан салу.
Кедей, жетім, жесірлерді елесіп,
Бәрін тыңдап, берсін ақыл-кеңесін.

4. Шежіреші қандай болу керек?

Жылнамашы бар сырды білгені жөн,
Бәрін түйіп ішіне жүргені жөн.
Шықпау үшін құпия жиған дерек,
Адал пейіл, қасиет, иман керек.

5. Қызметшілердің хақы қандай болу керек?

Қызметшімен бектердің қол ұзарар,
Қызметшімен елге билік құра алар.
Бектер ұлық болып туар тегінен,
Қызметші озық боп шығар елінен.


6.¥л-қызыңа үйрет білген білімді
Қолыңа ұстат кеудеңдегі күніңді.
Сонда ұл-қызың адамдықтан таймайды
Көңілі - таза, көзі шоқтай жайнайды''.
Балам білім жолын қусын десеңіз,
Бесігіңде-ақ ілім шоғын көсеңіз...
Білім үйрет сәбиіңе сарыла,
Уыздай ұйып, сүттей сіңір қанына!-деген үзіндінің мәнін түсіндіріңдер.

Жауап:
''Құтты білік'' дастанында үйленудің, ұл-қыз өсірудің қиыншылығы көркем суреттелген. Автордың ойынша, егер ұл-қызың жаман болса, төрдегі басыңды көрге сүйрейді. Ал, өзіңе ұқсап туған жетелі бала сенің түріңді, бет-бейнеңді жоғалтпаумен қатар, туған тіліңді де болашаққа жоғалтпай апарады дегенді айтады.
Қорытынды сөз

:«Құтты білік» еңбегі оқу-тәрбие ісінде балғын жастың табиғатын түсінуге жетелейді. Баланың ақыл-есінің, мінез-құлқының ерекшеліктерін еске алмайтын, олардың бәрін бір қалыпқа сыйғызу тәжірибесінен аулақ болуға шақырады. Ұлы ойшылдың салихалы педагогикалық пайымдаулары ұрпақ тәрбиелеуде әркез есте ұстайтын тағылымдар екендігі сөзсіз.
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек, бағына»,-
деп өзі айтқандай, ғұлама Баласағұни сіз бен бізді ойландырар небір даналық тұжырымдары мен сөз маржандарын соңына қалдырып кетті. Кейінгі ұрпақ керегінше өз қоғамдарында қолдансын, пайдаларына жаратсын деп аманат етіп кетті.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее