Сабақтың тақырыбы:М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынын талдау (2 сағаты)
Сыныбы:8
Күні:21.02.2017
Сабақтың мақсаты: Поэманың тілі мен жазылу ерекшелігіне жан-жақты талдау жасай отырып оқушының әдебиетке,поэзияға деген қызығушылығын арттыру.Бала бойында табиғатты қорғауға,ел мен жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,құстарды қорғауға баулу.
Сабақтың міндеті:ақын шығармасын оқи отырып,композициялық құрылысына талдау жасай білу,шығарманы оқи отырып,ой тереңдігін,тіл шеберлігін сипаттау,СТО-ға байланысты- тақырыпты меңгеру барысында СТО әдістері білімдерін ортаға салып,өз ой пікірлерін қорытындылау,топтық жұмысқа байланысты –топтағы жұмысты ұйымдастыру,жұмыс нәтижелерін көрсету.
Көрнекілігі:интерактивті тақта,кітаптар көрмесі,ақын өміріне арналған буклет, ақын өміріне арналып жасалған слайт.
Түрі:ББҮ кестесі,талдау,пікір сайыс,сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс :қазақ тілі,тарих,биология.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Сыныпты топқа бөлу: Ортаға көк,қызыл,жасыл түстегі гүлдер шашылып топқа бөлінеді.
3.Өткен сабақты еске түсіру мақсатында:
«Менің қымбатты достарым!Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды,шығармаларымды зерттемек болсаңдар ,онда мен не жазсам,соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар.Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін.Естеріңізде болсын,менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес.Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті.Басы және аяғы бар.Ол кейде күлімдеп,кейде түңілген жанымның құдды дауысындай» Ақынның күнделігінен.
Ақынның қандай өлеңдерін жатқа айта аласыз?
4. «Көкпар»- Оқушылар Мұқағали туралы мәліметтерден берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап берулері керек.
«Ана» тобына арналған сұрақтар:
1.Ақынның азан шақырып қойған есімі.
2.Мұқағалидің әкесінің аты кім?
3.Ақынның туған жеріне арнаған өлеңдерін ата.
4.Әкесі соғысқа кеткенде шығарған өлеңі не деп аталады?
5.Ақынның әжесінің аты кім?
«Аққулар» тобына арналған сұрақтар:
«Фариза қыз» өлеңі кімге арналған?
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көл
Мұқағалидің сөзіне жазылған әндерді ата.
Мұқағалиға алтын қалам сыйлаған жазушы кім?
Ақын өзінің өмірбаяны туралы қай өлеңінде жазады?
«Табиғат» тобына арналған сұрақтар:
«Майгүлге» өлеңі кімге арналған?
Ақын мұражайы қай жерде ,қашан ашылды?
Ақында прозалық шығарма бар ма,болса аты?
Ақынның жарының аты кім?
Ақынның алғашқы өлеңдерін ата.
5.Оқушының сезімін түрту стратегиясы:
Аядым | Қызықтым | Ренжідім |
|
|
|
6.Шығармашылық бағытындағы тапсырмалар:
«Ана» тобына ,поэмадан ананың ішкі сезім толқынысын сипаттайтын үзіндіні тауып оқи отыра,өз пікірлерін білдіру.
«Аққу» тобына ,шығармадан аққудың жаралы бейнесін суреттейтін жолдарды оқи отыра суретін салу.
«Табиғат» тобына ана мен жылқышының арасындағы болған әңгімені көрініс қылып көрсету.
7.Диспут
*Аққуды атуға бола ма?
*Ананың кінәсі қандай?
*Дәрменсіз әке бейнесі.
*Тәуіпке барып қаралған дұрыс па?
*Халық медицинасын қолдайсың ба?
8. «Қызыл кітапқа» енген аңдар,құстарды атап,Жайық бойында кездесетін құстар туралы әңгіме өрбіту.
9.Рефлексия
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
10.Тапсырма:Эссе жазу. «Аққуды атуға,махаббатты сатуға болмайды»