Сабақтың тақырыбы: «Менің әуес ісім- сурет салу» 7А сынып
Мақсаты:
Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып «Менің әуес ісім- сурет салу» тақырыбы бойынша жаңа білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік:
-Топтарды қалыптастыру, бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасауға үйрету;
- Диалогтық оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға төселдіру;
- қалай оқу керектігіне және өзін-өзі бағалай алуға үйрету;
Дамытушылық:
- Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау, сан есім туралы білімдерін бекіту.
Тәрбиелік:
- Серіктестік қарым – қатынас орнату; Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу; өнерді қастерлеуге «Менің әуес ісім – сурет салу» тақырыбы бойынша өткен материалдарды қайталау, алған білімдерін тексеру, бекіту, практикада қолдана алу дағдыларын қалыптастыру, білімдерін бір жүйеге келтіру, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру
Көрнекілігі: бағалау парағы, сызбалар, тапсырмалар, интерактивті тақта, тест, ватман, түрлі түсті қарындаштар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ –жауап, түсіңдіру, қолдану, салыстыру, тірек сызбалар, тест, жазбаша жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, дұрыс- бұрыс әдісі
Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі, бейнелеу өнері, технология
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу -Сәлеметсіңдерме, балалар! -Бүгін нешесі? -Аптаның қай күні? -Қазір қай сабақ? -Қазақ тілі нешінші сабақ? -Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлесеміз? -Жылдың қай мезгілі? -Бүгін ауа-райы қандай?
2) Психологиялық жағымды ахуал туғызу:
-Балалар сендердің бүгінгі көңілдерің күннің көзіндей жарқырайды. Бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.
3)Топқа бөліну,топ жетекшісі тағайындалады. Олар өз топ мүшелерінің жұмысын бағалап отырады.
Оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды. -Балалар бүгінгі сабағамыз ерекше болмақ. Біз сендермен өткен материалдарды қайталаймыз, алған білімдерімізді тексереміз, бекітеміз.
Өткенді қайталау: «Білім бұтағы» әдісі. Интерактивті тақтада ағаш бейнеленеді. Ағаштың әр бұтағы бір сұрақ. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау: Қызығушылықты ояту, интерактивтік тақтада суреттер) - Қай тақырып бойынша екенін қазір бірге анықтайық.
Жаңа тақырып: Менің әуес ісім – сурет салу
Жаңа сөздер: Сомдау, өз бетімше, тасжолға, жолын қуып,кәсіби, жүлделі орын
Тыңдалым.
Мен сурет салғанды ұнатамын. Суретті балабақшадан сала бастадым. Кішкентай кезімде суретті тасжолға салатынмын. Мектепте оқып жүргенімде ата-анам сурет салуға керекті құралдардың бәрін сатып алып берді. Сурет сабағынан беретін апайдың тапсырмасын бар көңіліммен орындаймын. Қазір өз бетімше әртүрлі тақырыптарға сурет салып жүрмін, олар: туған жердің табиғаты, отбасы мүшелерінің портреттері, мезгіл көріністері. Байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Ендігі бар арманым – ұлы суретші аға-әпкелерімнің жолын қуып, кәсіби суретші болу.
1 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарды толықтырып,жазыңдар.
Ол ........... ұнатады.
Суретті .............. сала бастады.
Кішкентай кезінде суретті ......... салды.
Ата-анасы .......... сатып әперді.
Ол ..........., ............... тақырыптарға сурет салды.
Оның арманы ...... болу.
(Балалар бір-біріінді тексереді, бағалау парағына баға қояды)
2 тапсырма. Берілген сөздерді ретімен орналастырып, сөйлем құрандар.
Ұнатамын / сурет/салғанды/ мен
Суретті/салатынмын/ кезімде/ тасжолға/ кішкентай.
Құралдарды/ сатып әперді/ сурет салуға/ керекті.
Қатысып/ байқауға/ие болды/ жүлделі орындарға.
(бағалаймыз)
Қосымша шығармашылық тапсырманы айтқызу: Әбілхан Қастеев туралы
Презентация арқылы сұрақтарға жауап беру, сан есімдерді қайталау.
Семантикалық картаны толықтыру: жазбаша жүмыс (сан есім)
Сергіту сәтті: бейне ролик
Тест интерактивті тақта арқылы 10 сұрақ
Бұл қандай әуес: Кітап оқу, киім тігу, зергерлік бұйымдар жасау, сурет салу, фотоға түсіру, ән айту, ас дайындау, спортпен шұғылдану т.б
(Суреттердің астында әуесін жазу)
Шығармашылық жұмыс: Берілген атаулар бойынша фотокалаж жасау (топпен жұмыс)
Жасалған фотокалажды сөйлеммен сипаттау
Дұрыс –бұрыс әдісі:
Менің әуес ісім – сурет салу.
Сурет салу кез келген адамның қолынан келеді.
Сурет салу өнер емес.
Сурет салуда қайшы, мата, жіп керек.
Мен қылқаламмен сурет саламын.
Кәсіби суретшілер суретті арнайы альбомға салады.
Мен сурет салуды ән сабағында үйрендім.
Суретшілер табиғатты салуды жақсы көреді.
5 жолды өлең: Әуес.
«Менің әуес ісім» сұхбат құру
Қорытынды жасау: сұрақтар арқылы.
Рефлексия: смайликтер алып тақтаға іледі. Қызыл-көңілді, сары – онша емес, жасыл – көңілсіз.
-Бүгінгі сабақта өз білімдеріңді көрсете білдіндер. -Жақсы,балалар.Жарайсыңдар.
-Бүгінгі сабақ сендердің ойларыңнан шықты деп ойлаймын.
Яғни, «Адам мақсатқа ең алдымен өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» /Әл-Фараби/ дегім келеді
Үйге тапсырма: «Менің әуес ісім» эссе жазу, сурет салу.