«Осень 2024»

«Үйшік» ертегісін үлгі арқылы әңгімелеп беру.

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. ҰОҚ "Үйшік ертегісін улгі арқылы әңгімелеп беру".

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 2-ші кіші топ

Бөлім: Тіл дамыту

Білім беру саласы: қатынас

Тақырыбы:«Үйшік» ертегісін үлгі арқылы әңгімелеп беру.

Мақсаты: Балалардың тілін дамыту. Білімдік: кейіпкерлерді есте сақтауларына, ертегінің мазмұнын эмоционалды қабылдауға үйретуді жалғастыру. Үлгі арқылы «Үйшік» орыс халық ертегісін айтып беруге үйрету. Дамытушылық:балалардың ойлау, зейін, қабылдау қабылеттерін дамыту. Жұмбақтарды шешуді үйретуді жалғастыру.Қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай білуге үйретуді жалғастыру. Түстер мен геометриалық пішіндерді бекітуді жалғастыру. Тәрбиелік:Ертегі кейіпкерлерін аяй білуге, түсінуге тірбиелеу.



Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Мотивациялық -оятушылық

Шаттық шеңбер:

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн

Қайырлы таң

Қайырлы күн

Күліп шықты бүгін күн

  • Балалар мен сендерге қазір бір жұмбақ жасырамын сендер жауабын тауып көріңдер.Сол кезде бізге қонаққа кім келгенін білесіңдер. (балалардың жауабы.)

Жұмбақ:Ұзын құлағы бар.

Өзі қорқақ, өзі сақ.

(Қоян)

Бізге қонаққа жай қоян емес, ертегі әлемінен келген қоян келді. Балалар айтындаршы қандай ертегілерде қоян кездеседі. (бауырсақ, үйшік, қорқан қоян)

Қоян: Амансындар ма балалар! (жылап)

Қоян сен неге жылап тұрсың? Не болды?

Қоян: «Үйшік» ертегісіндегі достарымды мыстан кемпір сиқырлап, оларды жолақтарға айналдырып тастады.

Қоян біз саған қалай көмектесе аламыз.

Қоян: Ол үшін жолақтарды үйшікке кімнен кейін кім келді сол бойынша қойып шығып, ертегіні айтып беру керек.

  • балалар қоянға достарын қайтаруға көмек береміз ба?

  • балалар қарандаршы мына фланелеграфта қағаз бар , сол қағаздарға ертегі кейіпкерлерін жинаймыз.

  • Қағазда не бейнеленген?Кім бірінші үйшікке келді? Қалай ойлайсыңдар қандай жолаққа тышқан айналып кетті? (Қандай пішіні қандай?) Ол жолақ қандай түсті? Неге ол сұр?

  • Тышқаннан кейін кім келді? Қалай ойлайсыңдар бақа қандай жолаққа айналып кетті? Ол қандай түс? Неге ол жасыл? Жасыл жолақты тышқаннын қасына қоямыз.

  • Осылай әр кейіпкер сипатталады.

  • Балалар жолақтар биіктігі бойынша бірдейме? Ең төмен жолақ қайсысы? Ең ұзыны қайсысы? Бірдей түсті жолақтар барма? Қандай кейіпкерлер жолаққа айналып кетті?

Қоян: рахмет сендерге балалар ! жолақтарды дұрыс қойдыңдар. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Ақ қоян»

   Ойын шарты:Балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.
-Қояным,қояным ұйқыңнан тұршы
Бет-қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Мәсіңді киші,
Көлегіңді киші,
Енді бізді қушы-деп балалар қаша жөнеледі.

Ал енді балалар қазір біз ертегіні өзіміз айтып шығамыз. Кәне кімертегіні бастайды. Кім аяқтайды. Балалар үлгі бойынша ертегіні айтып шығады.

Музыка ойнайды. Ой бұл не? Не дауыс?

Тірбиеші әдемі қораптан ертегі кейіпкерлерін алып шығады.

Қоян: Рахмет сендерге балалар менің ертегі орманына қайтатын кез келді. Сау болыңдар.

  • Балалар сендерге ҰОӘ ұнадыма?

  • Біз не істедік?

  • Кейіпкерлер неге айналып кетті.

Қандай ертегіні айттық.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее