«Зима 2025»

Тұрақтылықтың басты кепілі – татулық пен келісім

Тұрақтылықтың басты кепілі-татулық пен келісім

Олимпиады: Викторина "Родная речь моя, я так горжусь тобой" 1 - 11 классы

Содержимое разработки


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Мектеп: А.Тайманов атындағы №34 МГ

Күні: 15.02.2019

Мұғалімнің аты-жөні:

Гизатова А.Н.

Сынып: 7 в

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :


Сабақтың тақырыбы

Тұрақтылықтың басты кепілі – татулық пен келісім



Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.1 хроника, хабар, очерктердің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

7.4.4.2 еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Мәтіннен хрониканы анықтайды.

  • Тақырыптарға сай очерк жазады.

  • Суреттерге байланысты хабар дайындайды.

  • Еліктеуіш сөздердің қолданысын ажыратады.


Бағалау критерийлері


  • Хрониканы сандық деректермен ажыратады.

  • Хабарды рәсімделуіне сай дайындайды .

  • Очерктің жанрлық ерекшеліктеріне сай ажыратады.

  • Еліктеуіш сөздердің түрлерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Хроника, очерк, хабар, еліктеуіш сөздер, бейнелеуіш сөздер

Құндылықтар

Ашықтық, құрмет, өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

Осыған дейін меңгерілген білім

«Мәңгілік ел, бір ел, бір тағдыр»

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы


10 минут

1.Сәлемдесу.

2.Топқа бөлу.

Оқушылар мұғалімді айнала шеңбер жасап тұрады. Мұғалім қолындағы сандықшадан галстуктар таңдау арқылы топқа бөлініп, орындарына отырады.

3.Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар галстук түстеріне және төсбелгілеріне сәйкес сабақ тақырыбын болжайды.

Мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлайды.













Сабақтың ортасы


5 минут














10 минут















8 минут









3 минут

















1-тапсырма. Оқылым тапсырмасы

Хроника. Әр топ өздеріне берілген ресурсқа және төсбелгілеріне сай хроника жасайды. Стикерлерге 1 мәліметтен жазады. Тақтаға жапсырады.

Хроника-деректер жиыны

Үлгі:

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді.

Дескриптор:

1.Нақты мәліметтер береді;

2.Сандық көрсеткіштерді қолданады;

3.Кім? Қайда? Қашан? деген сұрақтарға жауап береді.

ҚБ «Шапалақ» әдісі

«Ке-ре-мет!», «Жа-рай-сың!», «Та-ма-ша!»


2-тапсырма. Жазылым тапсырмасы

Берілген тақырыптарға сай очерк жазады.

Очерк - деген шынайы адамдар мен шынайы өмір суреттелетін көркем әдеби әрі деректі шығарма.

Тақырыптар.

1.«Төртеу түгел болса...»

2. «Береке басы - бірлік»

3. «Менің сүйікті қалам»

3. «Мен жастарға сенемін»

Дескриптор:

1.Тақырыпқа сай ойды ашады;

2.Көркемдегіш құралдарды тиімді пайдаланады;

3.Өмірмен байланыстырады.

Мұғалім ҚБ


3-тапсырма. Айтылым тапсырмасы

Топтар алдарына берілген суреттер мен ресурстарды қолдану арқылы хабар дайындайды.

Дескриптор:

1.Сурет бойынша хабар дайындайды;

2.Хабардың жанрлық ерекшілігін сақтайды;

3.Хабарға тақырып қояды.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі


4-тапсырма. Жазылым тапсырмасы.

Оқушылардың алдыңғы білімін пайдалана отырып, еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын ажырату. Мәтін қиындылары таратылады. Оқушылар еліктеу сөздерді тауып, тақтаға жазады.

1.Жастар үлкендерге жапыр-жұпыр қол берісіп, амандасты.

2.Туған жер десе селт етпейтін жүрек жоқ.

3.Менің отаным-Қазақстан деп саңқ еткен дауыс естілді.

4.Барлық оқушы жалт қарады.

5.Домбырадан күмбір-күмбір күй төгілді.

6.Ашық маңдайлы жаңашыл жастар ашық үнмен сыңқ-сыңқ етіп қоғамға үн қосуда.


7.Төбемізде көк туымыз желп-желп етеді.

8.Туған жерге деген жүрегім дүрс-дүрс соғады.

Дескриптор:

1.Еліктеу сөздердің түрлерін ажыратады;

2.Еліктеу сөздердің ережесін шығарады.

ҚБ «Үш шапалақ»

Үй тапсырмасы.

Әр топ өздерінің төсбелгілеріне сәйкес өлең жаттау.


https://qazaquni.kz/2017/11/12/72175.html


















Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау мақсатында «Екі дос» бейнебаянын көреді. Сабақтан алған жақсы әсерлерін ортадағы рефлексия кірпішіне жабысытырады.



https://www.youtube.com/watch?v=UYOI7mmNif0


Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)



















Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее