«Осень 2024»

"Тұрақты тіркестер" аукцион сабақ

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойды айшықты жеткізу құралы фразеологизмдер турасында білім дағдысын қалыптастыру, таным көкжиегін кеңейту;

Ә) тәрбиелік: мемлекеттік тіл мәртебесінің биіктеуіне үлес қосуға, оны сүюге, асылымызды ардақтауға баулу;

б) дамытушылық: теория мен практиканы ұштастыру, сөздік қорын молайту, еркін, айшықты сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Олимпиады: Немецкий язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Фразеологизмдер

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойды айшықты жеткізу құралы фразеологизмдер турасында білім дағдысын қалыптастыру, таным көкжиегін кеңейту;

Ә) тәрбиелік: мемлекеттік тіл мәртебесінің биіктеуіне үлес қосуға , оны сүюге, асылымызды ардақтауға баулу;

б) дамытушылық: теория мен практиканы ұштастыру, сөздік қорын молайту, еркін, айшықты сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Сабақтың түрі: аукцион сабақ

Көрнекілігі: сабаққа байланысты слайдтар, суреттер, кітаптар көрмесі,ұлағатты сөздер.

Сабақтың жоспары:

  1. «Таңдау-табыс» («Бір сөзбен», «Суреттер сөйлейді», «Антонимін тап», «Ертегілер елінде»)

  2. Сергіту сәті: Ағылшын тілінде ертегі

  3. Орыс тіліндегі тапсырмаларды орындау

  4. Сыйлықтар аукционы» жұмбақтар

  5. Қорытынды

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі:   

а) Оқушылардың түгелдеу

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Амандасу үш тілде

- Сәлеметсіздер ме ! Здравствуйте! Good aftinon !

ІІ. Кіріспе бөлім. Фразеологизм – қазақ әдеби тілінің айшықты да, мәнерлі де бай тіркестер топтамасы. Бұлар өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді, бояуы қанық алуан түрлі тұрақты тіркестерді халық орынды пайдаланып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.Сондықтан бүгінгі сабағымыз тұрақты тіркестерге арналады.Сонымен бірге үш тілде тұрақты тіркестер туралы білетінімізді ортаға саламыз.

«Еркін жазу»

     Тұрақты сөз тіркестері дегенде ойымызға не келеді?

  1. Орны қалыпты

  2. Бірнеше сөзбен тіркеседі

  3. Бір сұраққа жауап береді

  4. Антонимі болады

  5. Бір мағынаны білдіреді

  6. Ойды көркемдеп әсерлі жеткізудің құралы

  7. Сыңарларын басқа сөзбен алмастыруға болмайды

  8. Сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды

  9. Синонимі болады


Олай болса топқа бірігіп алайық. Әр оқушының қолына тұрақты тіркестің бір сыңары беріледі. Содан соң оқушылар қолдарындағы сөздерге сыңар болатын сөзді іздейді. Мысалы: «Бес» деген сөзі бар бала өзіне лайық сөзі бар баланың қасына тұрады «бес аспап» болады. Сонда «Бес аспап» деген тұрақты тіркесті құрайтын балалар бір топқа бірігеді. Сынып оқушылары осылайша екі топқа бөлінеді. Әр топ өздері құраған тұрақты тіркестің мағынасын ашады. Тұрақты тіркестерге байланысты сұрақтар қойылып, әр топқа тілек айтылады. Шашасына шаң жұқпайды – жүйрік. Ендеше балаларға қазақтың шашасына шаң жұқпайтын білімді шәкірті болыңдар деген тілек айтылады.

І-топ: «Жүйріктер»

ІІ-топ: «Өнерлілер»

Оқытушы:

-Оқушылар, қазірше аукционда отырмыз деп есептейік. Аукцион дегеніміз-сауда жұмысы.Аукцион-бірнәрсені сатып алу, кімде-кім ең жоғарғы бағаны ұсынса, сол сатып алушы болады.

Бүгінгі сабақта сендердің білімдерің саудаға түседі. Сендерге тапсырмалар беріледі, әрбір тапсырманың бағасы ұпаймен есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ бүгінгі аукционның жеңімпазы атанып, саудаға қойылған сыйлыққа ие болады.

-Ал енді, аукционды бастайық! Саудаларыңыз сәтті болсын!

Ау,жарандар,жарандар

Бәрің маған қараңдар.

Сатпақшымын әр түрлі

Тапсырмалар сан түрлі

Тектен-текке бермеймін,

Білімдеріңді тергеймін.

Аукционға «Таңдау-табыс» турының тапсырмалары қойылады

Сатылу бағасы топқа - 5ұпай.

1...2...3 сатылды!

Топ тапсырма сіздердің меншіктеріңізде.

1. Сурет бойынша жұмыс ойын: Адамның портреті ілінеді. Адамның бет-әлпеті, мұрны, аузы, маңдайы, тілі, тісі, жағы қатысына қарай тілімізде қалыптасқан тіркестерді айту.
І-қатар бет, жүзі
ІІ-қатар көз тб
2«Бір сөзбен»Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді оқи отырып,тұрақты сөз тіркесін айту
І топ. Мұғалім Омаровтың білмейтіні жоқ, бәрін істей алады.Ол суретші, жүргізуші, аспаптарда ойнап, билей алады. Ондай адамдарды қалай атайды? ( қолынан өнер тамған адам) 
ІІтоп. Болаттың әскерде бірге болған жақын досы бар екен. Ол үнемі сол досын айтып отыруды не дейді? (аузынан тастамау) 
3. «Ертегілер елінде» Берілген сөйлемдерді әдебиет сабағында қай тақырыптарда өттік? 
І топ. Келінім ақылды екен,бекер тілін алмаған екенмін. (“Ер Төстік”)  
ІІтоп. Кемпірдің алдағанын біліп, санын бір соқты. (“Ер Төстік”) 

4. «Антонимін тап» Берілген тұрақты тіркестің қарама-қарсы мағынасын табу.

Екі көзі шарасынан шығу – қорқу , Жүрек жұтқан – батыл

Ат ізін салмау – хабарласпау  , Ат ізін суытпау – жиі келіп тұру 

таяқ тастам — жақын, , ит өлген жер – алыс

Сергіту сәті: Ағылшын тілінде ертегі.

«Таңдау-табыс» турынан сүрінбей өтуіміздің себебі не?

Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып,жиып ал,

Тепкілесең кетпейді- дей келе орыс тілі пәнінің тапсырмаларына назар аударайық.

2.Завершить фразеологизмы:

Седьмая вода(на киселе)

Как с гуся(вода)

Вешать(нос)

Перемывать(косточки)

Надуть(губы)

Как рыба(в воде)

Как снег (на голову)

Не покладая (рук)

Мастер (на все руки)

Держать язык (за зубами).

3Задание: Фразеологическая загадка

Его проглатывают или прикусывают, держат за зубами, не желало че,мнибудьговорить;он хорошо нодвешен у человека, который говарит бойко и легко

(Язык)

Не цветы, а венут; не в рот, она не течет под лежачий камень, ее не носят в решете, сквозь нее проходят ладоми, а ими хлопают, если чего-то не понимают ,не белье, а их развешивают доверчивые и любопытные люди (уши).

Его на6ирают

(Вода)

Кері байланыс:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер - дей келе бүгінгі аукцион сабағымызды аяқтаймыз.Жеңімпаз топқа аукционға қойылған сыйлйқты табыстаймыз.






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее