«Осень 2024»

Тренинг "Сыныпты қадағалау әдістемесі"

Сыныпты қадағалау бойынша барлық пән мұғалімдеріне өте керекті мәселе. Себебі мұғалім сабақты өту барысында өзі сыныпты қадағалау жұмыстарын жүргізуі керек.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің

қажеттілігін негіздеу


Апта

Күні

Күні

Тренер

Өткізілетін орны

1-апта

2-күн

1 сабақ


Кирбаева Ж.К


ПШО


Сабақтың тақырыбы:

Мектеп пен сыныптағы мәдениет

1-сабақ: Сыныпты қадағалау әдістемесі

2-сабақ: Мұғалімдерге нені білу міндет?Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.

Жалпы мақсаты:

Мұғалім топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және ынтымақтастықта оқыту туралы қорытынды шығарады.Ғаламдық мәдени айырмашылықтар , қоршаған орта факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы қорытынды шығарады.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер өздерінің сыныпта қадағалау жүргізу дағдыларын бағалайды,

қадағалаудың құрылымдалған және құрылымдалмаған түрлерін

салыстырады. Сонымен қатар мәдениет санатына анықтама беріп, аталған

термин оқу ортасымен қалай байланысатынын түсіндіреді.

Түйінді идеялар:

Қадағалау – ақпарат жинау мен мектепте (сыныпта) болып жатқан оқиғалар туралы толығырақ мәлімет алудың пәрменді тәсілдерінің бірі. Мәдениет құбылысын түсінуге қатыстылықты түсінудің маңыздылығы.

Мәдениет құбылысының маңызды болып көрінуіне қарамастан, оны бірқатар «мәдениет» тұрғысынан қабылдау қажеттілігі және «мәдениетаралық» іс-қимылдың мәнін анықтау. Өз мәдениетін шамамен алғанда дара мәдениет болып табылатын өз мәдениетінің ішіндегі әртүрлі айырмашылықты пайымдайтын жалпы мәдениет нормаларының арасалмағымен жайғастыру.

Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмыстарының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқытудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер етеді. Осыған байланысты жұмысты сергіту сәтінен бастап, тренерлер сабақтарында қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде тиісті модельді құру арқылы шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысалдар келтірген маңызды.

Сабақ барысы:1-сабақ

Зейінді күшейту

Сергіту





  1. Зейінді шоғырландыру жаттығуы

«Қадағалаушы болу оңай ма?»

Тыңдаушыларды шеңберге тұрғызып ішінен бір қадағалаушыны сайлап, оның міндеті мынандай яғни тыңдаушылардың іс-әрекетін бақылап қағазға жазбаша түсіріп отыру. Біткен соң сол әрекет бойынша қорытындылау.

А. «Капитандар!» -дегенде честь беру керек

Ә. «Теңізшілер!» - дегенде еден жуу керек.

Б. «Бишілер! » дегенде билеу керек.

В. «Әншілер!» -дегенде микрофонды қолға алып ән айту керек.

С. «Қадағалаушылар!» дегенде дүрбіні қолға алып бақылау керек.

Д. «Түскі ас!»- дегенде 5-6 –дан шеңбер құра топтасу

Қорытындысы: сайланған қадағалаушыға сөз беріледі.


1.Тыңдаушылардың зейіндерін шоғырландыру, қадағалаушының әрекетін анықтау, топқа бөлу,

«Қадағалаушы болу оңай ма?» - деген сұраққа жауап алу

2. АКТ –ны пайдалану.

(Слайд «Қадағалаушының көздері туралы қалай ойлайсыздар?»)





Ақпарат:


Шағын топта жұмыс істеу шаралары


Жеке жұмыс «Қадағалау» туралы не білеміз? Топтың ішінде «Тізбекті жалғастыру» әдісі

«Қадағалау әдістері дегенімізді қалай түсінеміз?»


Осы әрекетті «SMS жазу» әдісі бойынша бағалау.


Тренер «Қадағалау әдістері» туралы нақты жауабын береді.



«Сыныптағы ахуал» бейне ролик көрсету


  1. «Ресурстар: «Білім платформасы.Үлестірме материал» 31-бет ресурс «Қадағалау түрлері» (таратып беріледі)

Ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктегі жұмыс

  1. Стикерге телефон бейнесіндегі өз түсініктерін жаздырту, модерация жасау

  2. Алгоритм түрлері бойынша

  3. АКТ арқылы слайдпен таныстырады.

  4. Бейне ролик


Тәжірибе

Топтық жұмыс:

Топтық жұмысты бақылау және бағалау










Сыныптағы ахуалды

қадағалау

топтық пікірталас


Топтық жұмыс«ДЖИГСО 2» әдісі бойынша поезд билетін тарату

1топ. Ауызша қадағалаудың құрылымдалған кестесін құрғызу.

2топ. Жазбаша қадағалаудың құрылымдалған кестесін құрғызу

3топ. Тәжірибелік қадағалаудың құрылымдалмаған кестесін құрғызу.

4топ. Машық пен дағдыны қадағалаудың құрылымдалмаған кестесін құру.

5топ. Тесттік қадағалаудың құрылымдалмаған кестесін құру



Ресурстар:

  1. Топтық жұмыс туралы нұсқаулық.

  2. «Қадағалау формаларын» дайын үлгідегі критерий бойынша топ бір-бірін бағалайды


  1. АКТ слайд


  1. БП ҮМ 33-34 бет



1.Жайлы және оқуға қолайлы орта

2.Қарым-атынас пен өзара әрекеттестікке түрткі болатын әлеуметтік орта

3.Ұжымшылдық және өзін-өзі сыйлау сезіміне ықпал етуші аффектік орта

4. Оқуға және өзін-өзі іске асыруға түрткі болатын академиялық орта

Кері байланыс


Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:




Топта жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру мақсатында мұғалімдердің топ болып жұмыс істеуі «Қос шенберде бағалаусыз талқылау» әдісі ( қадағалаушымен қадағаланушылар екі шеңберге тұрып бір-біріне керібайланыс жасайды)


Бүгінгі сабаққа керібайланыс жасайды.

Тиісті нұсқаулық негізінде топтағы жұмыстың тиістілігін арттыру мақсатында мұғалімдердің пікірлерін талқылау және оларға арналған ұсынымдар бойынша шешім қабылдау




Ресурстар:

Құрылымдалған кесте ҮМ 31-33 бет



2-сабақ


Сергіту


4.«Мәдениет сағаты»

  1. Амандасу

  2. Тілек айту

  3. Кішіпейілділік таныту

  4. Кешірім сұрау

  5. Ренішін мәдениетті жеткізу

  6. Комплимент айту

  7. Қуанышын бөлісе алу

  8. Жағымды жаңалық айту

  9. Қолын алыңыз

  10. Басынан сипаңыз

  11. Қолдау көрсетіңіз

  12. Мәдениетті қоштасыңыз


«Сынып мәдениетін қаншалықты деңгейде түсінесіздер?»


  1. Қатысушылар сағаттың 12 тіліне аудиториядағы қалаған 12 адамның атын сағат тіліне сәйкес жазу, сағат тілінде жазылған әрекеттерді сәйкес келген аттарға орындау.



  1. «Мен саған, сен маған әдісі»

Қатысушылар бір-біріне айту

Миға шабуыл

Менің әлемімдегі мәдениет туралы 10 сөз


Бейне ролик көрсету


Ресурстар:

БП ҮМ 35-39 бет

Бейне ролик


Ақпарат

5.«Модерация » әдісі

  1. Әр топ жасыл түсті стикерге «Мінсіз мұғалім», сары түсті стикерге «Мінсіз оқушы» сипаттамасын «Қандай?» деген сұраққа жауап жазу

  2. Топта жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру мақсатында мұғалімдердің топ болып жұмыс істеуі

  3. Слаид «Мәдениеттің бес дәрежесі» Хофстеда үлгісі бойынша


  1. Ресурстар: МАН


Таныстырылым:

  1. Жасыл, сары стикерлер тарату ,әр топтың берген жауабын бағалау, ортақ шеімге келу

Таныстырылым: АКТ слаид арқылы


6.«Сынып мәдениеті мен оқу ортасы қалай болуы керек?»

1-топ «Достың пікірі»

2-топ «Сиқыршы пікірі»

3-топ «Данагөй пікірі»

4-топ «Жауынгер пікірі»

5-топ «Оқушы пікірі»

7. «Кемпірқосақ әдісі» бойынша бағалау

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:


Бейнежазбалар мен таныстырылымды талқылау үшін ұстаздардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі.

Әр қатысушы көргендері мен естігендерінің нәтижесі бойынша өз сезімдерін жазу. Топтағы жұмыстардың қорытындыларын талқылау және көрсету

Борт журналыына жазғызу


  1. Рефлексия


  1. Рефлексия

1.«Мен қандай ұстазбын?»

2.«Мен үшін бүгін ... құнды болды, себебі ...»

  1. «Ой толғау»

  1. сөйлем стратегиясы жазбаша)


Қосымша оқу:

Мұғалімге арналған нұсқаулық














































ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТҮСІНУ


Бізжаһанданудәуіріндеөмірсүріпжатқанымызтүсінікті. Технологияәлемді жақындата түсті. Бұл әртүрлі мәдениет адамдары бірлескен жұмыс кезінде бірге болып, бір-бірімен көбірек қарым-қатынас жасайды деген сөз.

Бұл өте қызықты әрі тартымды, бірақ бұл ұнамсыз болып, оң мен солыңды айыруға кедергі жасауы мүмкін. Басқа мәдениет адамына қалай қарайсыз? Әңгімені тез бастау үшін сіз нені айтасыз, ал нені айпайсыз? Мәдени табу бар ма, жоқ па екенін білу қажет пе?

Бүкіл әлемдегі адамдармен байланыс орнату мәдени әралуандылық аспектілерінің бірі ғана. Сіз сонымен қатар адамдарды уәждеу, жобаларды құрылымдау және стратегияларды әзірлеу туралы ойлануыңыз қажет.

Бір жерде әсері болған нәрсенің екінші жерде әсері болмауы мүмкін. Мәселе – бұл мәдени айырмашылықтарды қалай түсінуге болатындығында? Біз шынымен де қателіктерден үйренуді ұмыта бастадық па, еліктеуге болатын әмбебап басқару қағидаттары бар ма екен?

Бақытымызға қарай, Герт Хофстеда есімді психолог бұл сұрақты өзіне 1970 жылдарда-ақ қойған екен. Он жылдан кейінгі зерттеуден және мыңдаған сұхбаттардан соң, жұртшылық мойындаған халықаралық стандартқа айналған мәдени көрсеткіштер моделі пайда болды.

Әлемнің 40-тан астам еліне тараған бір ұйымда жұмыс істейтін адамдармен сұхбаттаса отырып, Хофстеда мәдени деректер жинақтап, оның қорытындыларын талдаған. Сөйтіп әуелі мәдениеттерді бір-бірінен ажырататын төрт дәрежені бөліп алған. Кейінірек бүгінгі күні модель болып табылатын бесінші дәрежені қосты.

Ол мәдениет дәрежесін 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеді. Көрсеткіш жоғары болған сайын, дәреже қоғамда айқынырақ көрінеді.


МӘДЕНИЕТТІҢ БЕС ДӘРЕЖЕСІ


Мәдениет статистикасы бойынша үлкен дерекқоры болғандықтан, Хофстеда үлгілер нәтижесін талдай отырып, осы бес дәреже бойынша берілген жауаптар арасында айқын ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тапты. Оның зерттеуі тек IBM қызметкерлері үшін жасалғанын атап өткен жөн, бұл оған корпоративтік мәдениеттегі айырмашылықтар проблемаларын жоя отырып, үлгілерді негізінен мәдениеттегі ұлттық айырмашылықтарға жатқызуға мүмкіндік берді.

Мәдениеттің бес дәрежесі:

1. Күш / арақашықтық (КА) – Билігі бар және биліксіз адамдар қабылдайтын теңсіздік дәрежесі туралы сөз болып отыр. КА көрсеткіші жоғары болса, бұл қоғамның биліктің тең бөлінбеуін қабылдайтынын және адамдардың жүйедегі «өз орнын» білетіндігін білдіреді. КА көрсеткіші төмен болса, бұл билік жақсы бөлінгенін және таратылғанын білдіреді. Бұл сонымен қатар қоғам мүшелерінің өздерін тең санайтындықтарын білдіреді.

Қолдану:Хофстеда моделі бойынша КА көрсеткіші жоғары елдерде, мысалы, Малайзия сияқты (104), сіз есепті тек қана жоғары басшылыққа жіберер едіңіз және аз ғана адамдар, күштілер мен таңдаулылар қатысатын жабық кеңестер өткізер едіңіз.


Сипаттама

Кеңестер

КА көрсеткіші жоғары

  • Орталықтандырылған компаниялар

  • Иерархия мықты

  • Борыш, беделжәнесыйластықарасындаайырмашылықүлкен.

  • Көшбасшы билігін мойындау.

  • Сізгежауапалуүшінбасшылыққажүгінугетуракелетінінестеұстау.

КА көрсеткіші төмен

  • Теңұйымдар.

  • Басшыларменқызметкерлердітеңдепсанауғаболады.

  • Командалық жұмысты пайдаланыңыз.

  • Шешімқабылдауғамүмкіндігіншекөпадамтартыңыз.


2. Жеке-даралық (ЖД) – Бұл жерде қауымдастықтағы адамдардың басқалармен байланысының күші туралы сөз болып отыр. ЖД көрсеткіші төмен елдерде адамдар арасында тығыз байланыс болады. ЖД көрсеткіші жоғары елдерде тұлғааралық байланыс жоқ, отбасы үшін жауапкершілік аз бөлінеді, ол тек жақын достар арасында ғана көрінуі мүмкін. ЖД көрсеткіші төмен қоғамда топ мүшелері арасындағы байланыс берік, оларда өзара сыйластық жоғары. Жалпы топ та, ондағы адамдар да бір-бірінің жайлылығы үшін жауапкершілік алады.

Қолдану: Хофстеда талдауы Орталық Американың Панама, Гватемала сияқты ЖД көрсеткіші өте төмен елдерінде (тиісінше, 11 және 6) қоғамға пайда әкелетін, не әйгілі саяси қозғалыспен байланысты маркетингілік науқан жақсы қабылданар еді деп көздейді.


Сипаттама

Кеңестер

ЖД көрсеткіші жоғары

  • Адамдардыңуақытынжоғарыбағалаужәнеолардыңбостандықтықажететуі.

  • Тапсырманы орындаудан ләззат алу және ауыр жұмыс үшін марапат күту.

  • Жеке өмірге сыйластықпен қарау.


  • Жетістіктерді мойындаңыз.

  • Жеке сұрақтарды көп қоймаңыз.

  • Пікірталас және өз идеяларын білдіруін қолдаңыз.

ЖД көрсеткіші төмен

  • Дағдылардыдамытуғабасаназараудару, адамдарөзісініңшеберлерінеайналады.

  • Жұмысты өзін қанағаттандыру үшін істеу.

  • Адалдыққақарағанда, үйлесіммаңыздырақ.

  • Жасынажәнеданалығынақұрметбілдіріңіз.

  • Үйлесімменжұмысістеуүшінсезіміңізбенэмоцияңыздыбасыңыз.

  • Дәстүрлердіқұрметтеңіз,өзгерістердібіртіндепенгізіңіз.


3. Еркектік (ЕР) – Қоғамның құндылықтарды, дәстүрлі ер және әйел рөлдерін қаншалықты ұстанатындығы туралы сөз болуда. ЕР көрсеткіші жоғары елдерде еркектер – қатал, отбасының отағасы, мықты тұлғалар. Егер әйелдер үйден тыс жерде жұмыс істесе, олардың еркектерден өзгеше мамандықтары бар. ЕР көрсеткіші төмен болса, гендерлік рөл өзгермейді. ЕР көрсеткіші төмен қоғамда бұл рөлдер айқын көрінбейді. Бұндай елдерде көптеген мамандықтарда тең дәрежеде бірге жұмыс істеп жүрген әйелдер мен еркектерді көруге болады. Кәсіби табысқа жету үшін еркектер сезімтал болып, әйелдер көп жұмыс істей алады.

Қолдану: Жапония еркектік көрсеткіші жоғары ел (95), ал Швецияда көрсеткіш ең төмен (5). Хофстеда талдауы бойынша, егер сіз Жапонияда кеңсе ашып, команданы басқаруға ер адамды қойсаңыз және командада ерлер болса, сіз өте табысты болар едіңіз. Швецияда, керісінше, сіз жынысына қарай емес, дағдылары жағынан тең командаға ұмтылуға тиіссіз.







Сипаттама

Кеңестер

ЕР көрсеткіші жоғары

  • Еркектер ержүрек, әйелдер нәзік.

  • Әйел мен ер адамның жұмыстары арасында нақты белгіленген айырмашылық бар.

  • Адамдар бір-бірінен өзгеше әйел және еркек рөлдерін күтуі мүмкін екені есіңізде болсын.

  • Еркектерге эмоцияларды талқылаудан немесе эмоцияға негізделген шешім қабылдап, дәлел ұсынудан аулақ болу ұсынылады.

ЕР көрсеткіші төмен

  • Әйелеркекістейалатынжұмыстардыңбәріністейалады.

  • Мықты әрі табысты әйелге сүйсініс, құрмет білдіріледі.

  • «Ересек ұлдар клубы» менталитетінен аулақ болу.

  • Жыныстық белгілер бойынша кемсітпейтін жобалар және жұмыспен қамтамасыз ету.

  • Әйелдер мен еркектерге тең дәрежеде бірдей қарау.


4. Түсініксіздік / аулақ болу индексі (ТАБИ) – бұл қоғам мүшелерінің нақты емес және бейтаныс жағдайда үрейленуіне қатысты. ТАБИ көрсеткіші жоғары елдер түсініксіз жағдаяттардан мүмкіндігінше аулақ болуға тырысады. Олар нақты ереже мен тәртіп орнатып, ұжымдық «шындыққа» ұмтылады. ТАБИ көрсеткіші төмен қоғамға жаңа оқиғалар мен құндылықтардағы өзгешелік ұнайды. Ережелер өте аз және адамдар өзі үшін өз шындықтарын ашуға ұмтылады.

Қолдану: Хофстеданың мәдени дәрежелері ТАБИ шәкілі бойынша 94 ұпай алған Бельгияда адамдармен жобаны талқылау кезінде сіз түрлі нұсқаларды зерттеп, содан кейін шектеулі ғана нұсқа ұсынуға тиіссіз, бірақ қауіп төнген жағдайда нақты, толық ақпарат бар екеніне сенімді болу керек (Бельгияда француз және голландиялық сөз сөйлеушілер арасында мәдени айырмашылық болатынына көңіл аударыңыз).


Сипаттама

Кеңестер

ТАБИ көрсеткіші жоғары

  • Істітымформалдыжүргізу.Ережелерменсаясаттардыңкөпболуы.

  • Қажеттіжәнекүтілетінқұрылым.

  • Шамшылдықэмоцияжәнеоныбілдірудіңжоғарыдеңгейінжоққашығарады.

  • Айырмашылықтардан аулақ болу.


  • Күтілетіннәтижеменөлшемдерді жеткізуде айқынәріқысқаболыңыз.

  • Жоспарлаңыз және дайындаңыз, жиі және алдын ала қарым-қатынас жасаңыз, жұмыс немесе жобаның тактикалық аспектілеріне назар аударыңыз.

  • Өзіңіздің эмоцияларыңызды қимылмен және көтеріңкі дауыспен білдіріңіз.

ТАБИ көрсеткіші төмен

  • Іске бейресми көзқарас.

  • Күнделіктігеқарағанда, ұзақмерзімдістратегияғаназараудару.

  • Өзгерістер мен қауіпті қабылдау.

  • Қажетіболмаса, ережелерменқұрылымдардытаңибермеу.

  • Байсалдыболаотырып, эмоционалдықпікіріңіздіазайтыңызжәнеайтпасбұрынжағдаяттардықарастырыпалыңыз.

  • Айырмашылықты тапқанда, қызығушылық білдіріңіз.

5. Ұзақ мерзімді бағдар (ҰМБ) – Бұл жерде қоғам қысқа мерзімдімен салыстырғанда, ұзақ мерзімді дәстүрлер мен құндылықтарды қаншалықты бағалайтындығы туралы сөз болады. Бұл бесінші дәрежені Хофстеда 1990 жылы Азия елдері батыс мәдениетіне қарағанда негізінен конфуцийлық философияға сілтеме жасай отырып, басқаша әрекет ететіндігін тапқаннан кейін қосты. ҰМБ көрсеткіші жоғары елдерде әлеуметтік міндеттемелерді орындау және «беделін сақтау» маңызды болып саналады.

Қолдану: Хофстеда талдауының деректері бойынша, Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда ҰМБ көрсеткіші төмен. Бұл шығармашылық пен жаңа идея тұрғысынан алғанда бұл мәдениеттерден ештеңе күтуге болмайтынын білдіреді. Бұл модель АҚШ және Ұлыбритания адамдары басқа елдерге қарағанда дәстүрлерді бағаламайтындығын білдіреді, сондықтан олардың сізге ең инновациялық жоспарларыңызды орындауға көмектесуге толық түрде қатыспайтынына дайын болуыңыз керек (олардың дәстүрді қалай қабылдайтынын ескеретін болсақ, Ұлыбритания адамдары бұны білсе, таңғалар еді).


Сипаттама

Кеңестер

ҰМБ көрсеткіші жоғары

  • Отбасы қоғамның негізі болып табылады.

  • Ата-аналар мен еркектердің жас адамдар мен әйелдерге қарағанда өкілеттіктері көбірек.

  • Мықты жұмыс этикасы.

  • Білімменоқуөтеқұнды.


  • Дәстүрлерге құрмет көрсетіңіз.

  • Ысырапшылдықнемесежеңілтектік танытпаңыз.

  • Табандылық, берілгендік және міндеттеме алуды көтермелеңіз.

  • «Беделдің жоғалуына» әкелетін нәрселерден аулақ болыңыз.

ҰМД көрсеткіші төмен

  • Теңдікті қолдау.

  • Жоғары шығармашылық, жеке-даралық.

  • Басқаларөзіңізгеқалайқарасындесеңіз, өзгелергедесолайқараңыз.

  • Өзін өзі жүзеге асыру жолдарын іздеу.

  • Өзіңіз жасаған стандарттар мен ережелер бойынша өмір сүруге дайын болыңыз.

  • Басқаларды құрметтеңіз.

  • Қажетті өзгерістерді енгізуден ұялмаңыз.


Елдер бойынша ұпайлар саны мен Хофстеда зерттеулері бойынша толық ақпаратты мына веб-сайттан ала аласыз.

Ескерту:

Хофстеда талдауы елдер бойынша жасалды. Көптеген елдерге қатысты бұл нәтижелер әділ болса да, этникалық тиістілік немесе географияға негізделген мықты субмәдениеті бар елдерде олар қолдау таппайды. Канадада, мысалы, Канаданың ағылшын бөлігімен салыстырғанда мүлдем басқа нормалар қолданылатын әртүрлі франко-канадалық мәдениет бар. Ал Италияда еркектік көрсеткіші Солтүстік пен Оңтүстікте мүлде өзгеше болады.


ТҮЙІНДІ СӘТТЕР

Мәдени нормалар жұмыстағы тұлғаралық қатынастар тетіктерінде үлкен рөл атқарады. Сіз белгілі бір мәдениет аясында өскендіктен, оның мінез-құлық нормаларын ұстанатыныңыз түсінікті. Сіз өзіңіздің реакцияңыз, қалауыңыз бен сезімдеріңіз туралы ойламауыңыз керек.

Сіз бөтен мәдениетке кіргенде, барлығы күтпеген жерден өзгереді. Сіз не істеу немесе не айту керектігін білмейсіз. Хофстеданың мәдени көрсеткіштерін пайдалана отырып, сіз қоғам сіз туралы не ойлауы және сізге қалай жауап беруі мүмкін деген жалпы мағынаға негізделген өзіңіздің тәсіліңізді, өзіңіздің шешіміңіз бен әрекетіңізді бағалай аласыз.

Әрине, бірде-бір қоғам біртекті емес, сондықтан Хофстеда нормаларынан ауытқу жоқ деп айта алмаймыз, алайда жолнұсқар ретінде қолыңызда бұл ақпарат болса, сіз өз бағыт-бағдарыңызды реттей аласыз. Белгісіздік сондай қорқынышты болмайды, әрі сіз бұл мәдени модельді зерттеу кезінде өзіңізге қажетті сенім мен қауіпсіздік сезімін аласыз.


МҰНЫ ӨМІРДЕ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

  • Хофстеданың әртүрлі мәдени дәрежелерін анықтау үшін елдер көрсеткішін қарастыруға уақыт табыңыз.

  • Басқа елдердің адамдарымен араласқанда немесе араласып жүрсеңіз, осы көрсеткіштер тұрғысынан қандай да бір өзара әрекеттестік туралы ойлаңыз. Осы білген жаңалық тұрғысынан, Сіздің сұхбатыңыз немесе ассоциацияларыңыздың мәні бар ма?

  • Бір мәдениет туралы көбірек білу үшін өзіңізді сынаңыз. Егер сіздің жұмысыңыз басқа елдің адамдарымен жұмыс істеуді көздесе, бұл елді бастапқы нүкте ретінде пайдаланыңыз. Хофстеданың көрсеткіштерін қолдана отырып, сіздің жағдайыңызда олардың дәл әрі өзекті болуын анықтаңыз.

  • Келесі жолы басқа мәдениет адамымен жұмыс істеген кезде, Хофстеданың көрсеткіштерін пайдаланыңыз және өзіңіздің тәсіліңіз туралы, талқылау кезінде неге дайын болуыңыз керектігі туралы және неге осылай санайтыныңыз туралы жазбалар жасаңыз. Осыдан кейін өз жұмысыңызды бағалаңыз да, зерттеуіңізді әрі қарай жүргізіп, келесі жолға дайындалыңыз.

  • Ең алдымен мәдени ерекшеліктерді ескеруді күнделікті әдетіңізге айналдырыңыз. Адамдар арасындағы ерекшеліктерді бағалап, әрбір ұлттың айрықша белгілерін құрметтеуге, сыйлауға үйреніңіз.


СЫНЫП МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ ОҚУШЫНЫҢ БЕРГЕН БАҒАСЫ

Сіз кез келген сыныпқа арнап бұл сауалнама нысанын өзгерте аласыз. Есіңізде болсын, егер сіз оқушылардан сауалнамаға өз аты-жөндерін ашық түрде жазуды сұрасаңыз,сауалнама нысанын жасырын толтырған кездегіден мүлде басқа жауап алуыңыз мүмкін.


Әрқашан

Жиі

Кейде

Сирек

Сынып ұйымдастырылған ба?





Сізсыныпережесінтүсінесізбе?





Қалай ойлайсыз, сіз маған сұрақ қоя аласыз ба?





Мұғалім шын мәнінде әділетті ме?





Сіз мұғалімге сенесіз бе?





Сізгеқажеткезіндекөмеккөрсетілеме?





Сізөзіңіздісыныптафизикалықтұрғыданқауіпсізсезінесізбе?





Сізөзіңіздісыныптаморальдықтұрғыданқауіпсізсезінесізбе?





Сізгесыныпқакелуқызықтыма?





Сіздепроблемалартуындағанжағдайдамұғалімтыңдайма?





Сіздіңұсынысыңыздымұғалімтыңдайма?





Сізөзіңіздісыныптыңқатысушысыретіндесезінесізбе?





Сізбасқаоқушылартарапынанқолдаусезінесізбе?





Сізбасқаоқушылардықолдайсызба?









МЕКТЕПТЕГІ ЖӘНЕ СЫНЫПТАҒЫ АХУАЛ


Мектеп ішіндегі ахуал оқыту мен оқу үшін қажетті алғышарттарды қамтамасыз ететін өзгерістерге неғұрлым қабілетті физикалық және психологиялық мектеп аспектілерін көрсетеді. Мектеп ішіндегі ахуалды мектеп ортасының төрт аспектісі тұрғысынан қарастыруға болады:

Мектеп ортасының физикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және оқу (танымдық) факторлары мыналар:






Жайлы және оқуға қолайлы физикалық орта

Оқуды қолдайды

Оқуға кедергі жасайды

  • Мектептегі оқушылар саны нормадан артық емес.

  • Мектептегі оқушылар саны нормадан асып кеткен.

  • Оқушылар мектеп ішінде барлық жерлерде өздерін қауіпсіз және жайлы сезінеді.

  • Дәлізде, демалыс бөлмелерінде, асханада және ойын алаңдарында оқушыларға басқа оқушылар қысым көрсетеді.

  • Сыныптар толық жарақталған.

  • Сыныптар толық жарақталмаған.

  • Сыныптар мен алаңшалартаза әрі жақсы жағдайда ұсталады.

  • Сыныптар мен алаңшалар кір, аса жарық емес және нашар жағдайда.

  • Шу деңгейі төмен.

  • Шудың деңгейі жоғары.

  • Сабақ пен түрлі шараларға арналған орындар мақсатқа сай келеді.

  • Сынып бөлмелері көрнекі және оқуға тартады.

  • Сабақтар ол үшін лайықталмаған бөлмелерде өтеді.

  • Сыныптар жасырылған, тексеруден қорғаулы.

  • Қызметкерлер жеткілікті әдебиетпен және мектепке қажетті жабдықтарымен қамтылған.

  • Әдебиеттер мен мектепке қажетті жабдықтар жеткіліксіз. Жеткізу бөгелуде.




Қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікке түрткі болатын әлеуметтік орта

Оқуды қолдайды

Оқуға кедергі жасайды

  • Өзара әрекеттестікті ынталандырады. Мұғалімдер мен оқушылар белсенді қарым-қатынаста болады.

  • Өзара әрекеттестік шектелген. Оқушылар мен мұғалімдер бір-бірімен сөйлеспейді. Мұғалімдер бір-бірінен алшақ. Оқушылар өздерін бір-бірінен алшақ ұстайды. Ата-аналарды тең серіктес ретінде қарастырмайды

  • Мұғалімдер алқалы жұмыс істейді. Оқушылар тобы әртүрлі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқыту үдерісінде серіктес болып табылады.

  • Барлық шешімдерді орталық әкімшілік немесе басшылық ата-аналардың қатысуынсыз қабылдайды.

  • Шешім алаңшада тікелей мұғалімдердің қатысуымен қабылданады.

  • Оқушылардың пікірі қызметті анықтау немесе сыныптағы және жалпы мектептегі проблемаларды шешу кезінде ескерілмейді.

  • Мұғалімдер құрамы оқушылардың ұсыныстарын белсенді түрде қабылдайды; оқушылар шешім қабылдауға қатыса алады.

  • Басынулар мен дау-дамайлар қаперге алынбайды.

  • Мұғалімдер құрамы мен оқушылар даудың алдын алуды үйренген.






Ұжымшылдық және өзін-өзі сыйлау сезіміне ықпал етуші аффекттік орта

Оқуды қолдайды

Оқуға кедергі жасайды

Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі сыйластыққа, қолдаушылыққа, жауаптылыққа негізделе құрылған.

Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі көбіне өте аз және қашық. Кейбір оқушыларға көп көңіл бөлінеді, ал сонда басқаларының қызығушылығы қалыс қалады.

Оқушылар мұғалімі мен ұжымына сенеді. Мұғалімдер мен оқушылар бір-біріне достықпен қарайды.

Оқушылар мұғалімдерінің олардың қызығушылығына әрекет еткендерін көрмейді.

Мектеп түрленуге ашық және барлық мәдениетке құрметпен қарайды

Мұғалімдер мен оқушылардың моральдық деңгейі төмен.

Мұғалімдер мен оқушылар мектеп жетістігіне жеке үлесін қосатынын сезінеді.

Мұғалімдер мен оқушылар өздерін жеткілікті бағаламайтынын сезеді. Оң әрекеттері үшін ынталандыру жоқ.

Біртұтас қоғамдастық сезімі бар.

Мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар өздерін біртұтас сезінбейді.

Ата-аналар мектепте өздеріне жылы шырайды сезінеді

Ата-аналарды балаларының «қиын мінез-құлқы» үшін кінәлайды.





Оқуға және өзін-өзі іске асыруға түрткі болатын академиялық орта

Оқуды қолдайды

Оқуға кедергі жасайды

Салмақ академизмге түседі, бірақ та зият пен оқытудың кез келген түріне қолдау көрсетіледі. Баланы оқытуға ықпал ететін кез келген әдіс қолданылады.

Қолданылатын әдістер әртүрлі емес. Академиялық маңыздылығы төмендетіледі және марапатталмайды.

Барлық оқушылардан жоғары нәтиже күтіледі. Мұғалімдер табысқа жету үшін әрқайсысын ынталандырады.

Күтілетін нәтижелер төмен.

Өрлеу үнемі қадағаланады.


Бағалау төмен немесе жүйелі емес.

Бағалау нәижелері бірден оқушылар мен ата-аналарға хабарланады.

Бағалау нәтижелері өте аз талқыланады. Оқушылар алынған нәтижелерді қалай пайдалануды білмейді. Ата-аналар балаларының түпкілікті бағаларын көргенде ғана олардың оқуда қиындық көріп жүргенін біледі.

Бағалау нәтижелері оқыту үдерісі мен оқу мазмұнына баға беру және қайта құру үшін қолданылады.

Нәтижелер жақсарту мен дамыту үшін пайдаланылмайды. Оқушылар мен мұғалімдер бұрынғы қателіктерін үнемі қайталайды. Марапаттау мен мақтау сирек.

Мұғалімдер білімді әрі сенімді.

Мұғалімдер сенімсіз әрі дайындықсыз.





МӘДЕНИЕТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?


Мұғалімдер мен оқушылар үшін «мәдениет» дегеннің нені білдіретіні туралы ойлану маңызды тапсырма болып табылады.


1-жаттығу. Мәдениет дегеніміз не?

1. «Мәдениет дегеніміз не?» Топта немесе жұпта талқылауға арналған сұрақ.

«Мәдениет» сөзі туралы өзіңіздің түсінігіңізді үлкен (A3) қағаз бетіне тұжырымдамалық карта ретінде салыңыз. «Мәдениет» түсінігін қамтуы мүмкін барлық жайттарды қосыңыз.

2. Басқа топтармен өз нәтижелеріңізді бөлісіңіз.

Әр топтан бір адам келесісіне өтетін әдісті қолдана отырып, жұптарды немесе топтарды араластырыңыз, осы топ кейін жаңадан келген адамға олардың қағаздарында не бар екенін түсіндіреді, жаңадан келген адам өз тобына оралады да, қағаз бетіне өзінің басқа топтардан көрген кейбір нәрселерін қосады. Осыны қатысушылар басқа топтарға ауысқан кезде үнемі орындап отырыңыз.

3. Өз жазғандарымызды қалай жіктеуге болады? Топтар мәдениет ұғымын құрастыруға ұсынылған сөздерді санаттарға бөлуге тырысады (көмек: құндылықтар немесе түсініктер; мінез-құлық нормалары; мәдени ескерткіштер/мәдени шығармалар – бұлар ортақ санаттар, бірақ егер топтар өздерінің санаттарын ұсынатын болса, тіптен жақсы). Топтарда және бүкіл сыныпта талқылаңыз.



ҚҰРЫЛЫМДАЛҒАН БАҚЫЛАУ КЕСТЕСІНІҢ ҮЛГІСІ


Көрсеткіш

Мұғалімнің тәсілі

Бағалау

өте жақсы ----------------нашар Мысалы: √

Үлгілі тәжірибе мысалы

Бақылау жолымен алынған

Иә (И) немесе Жоқ (Ж)

Сыныптағы қауіпсіз және жайлы ахуал

Оқушыларға өздерін еркін сезінуге жағдай жасайды




Балаларға оң ықылас білдіреді


Әзілмен жауап беріп, әзіл шақырады


басқа деректер?






Өзара сыйластықты ынталандырады




Балаларды бір-бірін тыңдауға ынталандырады


Басқа деректер?





Оқушылардың өздеріне сенімін қолдайды



Балалардың сауалдары мен жауаптарына ілтипатпен түсініктеме береді.

Оқушылардың қолынан келетін істерге оң көзқарасын білдіреді.

Басқа деректер?












Оқушылардың мінез-құлқына және тілді қолдануына құрметпен қарайды


Оқушылардың сөзін аяқтауға мүмкіндік береді.

Олардың айтуы қажет нәрсесін тыңдайды.


Басқа деректер?












Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее