«Осень 2024»

Сыртқы цилиндрлік беттерді және бұрандаларды жону

Бинарлы сабақты жүргізу студенттердің мамандыққа қажетті білімдері мен құзырлығын қалыптастыруда ұтымды сабақтың түрі болып табылады.

Менің ойымша, бинарлы сабақтың ұтымдылығының себебі, екі ұстаздың оқушыларға теориялық білім беру мен оны іс жүзінде меңгертуіне арналған еңбектерінің бірігуінде болып табылады.Мұндай сабақтарда бір педагогтың екіншісімен ауысуының себебінен ұстаз өзінің берген сабақтарының практика жүзінде қалай меңгеріліп жатқандығын көреді.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗ



Бинарлы сабақты жүргізу студенттердің мамандыққа қажетті білімдері мен құзырлығын қалыптастыруда ұтымды сабақтың түрі болып табылады.

Менің ойымша, бинарлы сабақтың ұтымдылығының себебі, екі ұстаздың оқушыларға теориялық білім беру мен оны іс жүзінде меңгертуіне арналған еңбектерінің бірігуінде болып табылады.Мұндай сабақтарда бір педагогтың екіншісімен ауысуының себебінен ұстаз өзінің берген сабақтарының практика жүзінде қалай меңгеріліп жатқандығын көреді. Мұндай сабақтардың ұстаздың да оқу өндіріс шеберінің де, өз біліктілігін арттыруларына да маңызы зор. Сонымен қатар оқушылардың өндірістің әртүрлі салаларында құбылыстар мен үрдістердің өзара ғылыми негізделген

байланысы туралы білімдерінің қалыптасуына ықпал етеді. Көбіне оқудың қалыптасқан дәстүрлі түрі өзін ақтай алмайды. Орта кәсіптік білім беру салаларында көбіне білім деңгейлері орташа, ізденуге бейімделмеген оқушылар оқиды.Колледж табалдырығын аттаған студенттер жаңалықты, өзгешелікті күтеді.

Дәстүрлі емес оқу түрі көптеген әдістемелік және дидактикалық мәселелергді шешудің кілті болып табылады. Осындай дәстүрлі емес сабақтардың бір түрін, өндірістік оқыту сабағы мен «Арнаулы технология» сабағының пәнаралық байланысына құрылған бинарлы сабақты назар-ларыңызға ұсынып отырмыз. Сабақ 24,33,40 топ оқушыларымен өтеді.



Сабақты дайындауға қолданылған әдебиеттер:

1.В.А.Слепинин «Руководство для обучения токарей» -М.: Высшая школа,1977

2.М.Молдакулова, Г.Рыскельдиева «Металлорежущее оборудование»-Астана: Фолиант, 2010

3. Д. Сәрсенбаев, С. Әубәкіров. Токарлық іс.

4. А. С.Сәрсенбаев. Сөздік Машина жасау. Рауан 2000ж.


Сабақтың тақырыбы: Сыртқы цилиндрлік беттерді және бұрандаларды жону

Сабақтың типі: Арнайы пәндерден игерген теорияны практикалық бекіту сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі; Игерген теориялық білімді практика жүзінде қолдана отырып тетікбөлшекті жонуды үйренуге жағдай жасау.

Дамытушылық; Оқушылардың өзін-өзі жетілдіріуіне жағдай жасау, білім алуға сұранысын

жетілдіру, сабаққа зейінділігін, есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетін дамыту .

Тәрбиелілігі;Оқушыларды практикаға бейімдеу, оқылатын пәндерге танымдық қызығушылығын ояту , әріптестік қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.өз ісіне жауаппен қарауға, тыңғылықты болуға баулу.

Сабақтың түрі: Бинарлы сабақ.

Оқыту әдісі: Екі пәннің бір сабақта бірігіп бірін-бірі толықтыруы, өзіндік практикалық жұмыс, әріптестік өз-ара көмек қарым-қатынас жағдайын жасау.

Бақылау әдісі: жеке жауап, өзіндік жұмыс.

Сабақтағы өзіндік жұмыстардың түрлері: Берілген тапсырманы теориялық білімін көрсетіп, практика жүзінде орындау.

Сабақтың материалды-техникалық көрнекілігі:Кескіштер түріне плакат, токарь станогіне плакат, компьютер, интербелсенді тақта, слайдтар, әмбебап токарь станогі,СББ-лі станок,түрлі кесу құралдары; кескіштер, бұрғы, плашка, метчик.

Пәнаралық байланыс: «Материалтану», «Сызу», «Кәсіптік тәжірибе», «Шақтамалар мен техникалық өлшеу», «Арнаулы технология»

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі: (3 минут)

Оқытушы Елеуова Л.А.

Саламатсыздар ма құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымызды Еліміздің президенті Н.Назарбаевтың жастарға арнап «Сендерді, ең алдымен, қалыптасқан тұлғалар, тамаша кәсіпқойлар және шынайы патриоттар тұрғысында көремін», деген сөздерімен бастағалы тұрмын. Кәсіп дегеніміз – табысты өмірдің негізі, соның ішінде техника саласын алатын болсақ, кез келген техниканы жасау токарьдың жұмысынан басталады. Сондықтан да құрметті оқушылар сіздердің мамандықтарыңыздың орны ерекше, таңдауыңыз өте дұрыс дегім келеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сыртқы цилиндрлік беттерді және бұрандаларды жону.

Бүгінгі сабағымызды «кең бейінді станокшы» мамандығының бірінші және үшінші курс оқушылары, және «токарь» мамандығының екінші курс оқушыларының қатысуымен өткізгелі отырмыз. Курстан курсқа жоғарылаған сайын сіздердің білім деңгейлеріңіз тереңдеп, дербестігіңіз, икемділігіңіз, кәсіби бейімделуіңіз шыңдала түседі. Соған сәйкес орындайтын тапсырма-ларыңыз да күрделіленбек. «Арнаулы технология» оқу бағдарламасы бойынша бірінші курс оқушылары әмбебап токарь станогының құрылысын, санды бағдарламалы станоктар мен кескіш құралдардын өтіп игердіңіздер, сондықтан бірінші курс оқушыларына тапсырма - санды бағдарламалы станокпен қалай жұмыс жасауға болатындығын көрсету. Екінші курс оқушыларына тапсырма берілген сызба бойынша «сатылы білік» деталын жонып, сыртқы цилиндрлік беттер туралы өз білімдерін практика жүзінде көрсету, ал үшінші курс оқушыларының тапсырмасы - сызба бойынша болт, гайка, топса жонып өз білім деңгейлерін практика жүзінде көрсету.

Өндірістік оқыту шебері Уксукбаев Н.Б.

Техника қауіпсіздігі

-Жұмыс алдында

1.Арнайы қиімді барлық ілгектерін іліп, шаштарын жинап, жеңінің ілгегін іліп дұрыс кию керек.

2.Құралдардың бекітілуінің сенімділігін (кескіштің кескіш ұстағышта бекітілуін, бұрғының патронда бекітілуін) тексеру керек.

3.Дайындаманы патронға мықтап орнату керек.

4.Қорғаныс құралдарын тексеру керек.

5.Станоктың жүрісін, айналуын бос жүрісте тексеріп алу керек.

-Жұмыс кезінде:

1.Тетікбөлшек патронда сенімді бекітілу қажет.

2.Қүралдарды тек өз тағайындалуы бойынша қолдану керек.

3.Кескіш құралды айналып тұрған дайындамаға сілкімей, күштемей жәйлап жақындату керек.

4.Айналып тұрған тетікті ұстауға тиым салынады.

5.Станок маңайына бөгде заттарды қоюға болмайды.

6.Құралдардың кесу жиегіне қолыңды жақындатпа.

7. Дайындаманы, тетікті айналып тұрған кезде өлшеуге тиым салынады.

8.Жұмыс істеп тұрған станоктан, оны сөндірмей алыстап кетуге болмайды.

9. Жоңқаны тек станок тоқтаған соң жинауға кірісу керек.

10. Құрады сындырып алмау мақсатында, станокты тоқтатпас бұрын кескіш құралды дайындамадан кейін қарай қайтару керек.

-Жұмыстан соң:

1.Станок толық тоқтаған соң стружканы щеткамен не сырықпен жинау керек.

2.Станокты сүртіп, құралдарды жинап шеберге жұмыс орнын тапсыру керек.

Өндірістік оқыту шебері Уксукбаев Н.Б.:

-1-ші курс оқушылары тапсырмаларыңызға кірісіңіздер.

1-ші оқушы: Станокты қосу кезендерін айтып өтеді.

а) басқару бағдарлама «Степпер» қосылады;

б) өңдеу бағдарлама текст түрінде құрастырылады;

в) бағдарлама станоктың функциясына еңгізіледі;

г) «иммитатор» режімінде өңдеу басталады;

д) егер «иммитатор» режимінде қате болмаса,«станок» режімінде өңдеуді

бастауға болады.

2-ші оқушы Детальдің өңдеуін «станок» режимінде басқарып көрсетеді.

Дайын детальды шығарады.(8минут)


Өндірістік оқыту шебері Уксукбаев Н.Б.:

-2-ші курс оқушылары тапсырмаларыңызға кірісіңіздер.

1-ші оқушы сызба бойынша (Слаид 1) «сатылы білік» тетігін қалай жону керектігін түсіндіріп өтеді.

2-ші оқушы әмбебап жону білдегінде жонып көрсетеді.(10минут)

Дайын детальды шеберге тапсырады.


Өндірістік оқыту шебері Уксукбаев Н.Б.:

-3-ші курс оқушылары тапсырмаларыңызға кірісіңіздер.

1-ші оқушы сызба бойынша (Слаид 2) «топсаның» осін қалай жону керектігін түсіндіріп, жонып көрсетеді.

2-ші оқушы әмбебап жону білдегінде (Слаид 3) «топсаның» төлкесін жонып көрсетеді.(15минут) Дайын детальды шеберге тапсырады.

3-ші оқушы сызба (Слаид 4) бойынша болт, гайка тетіктерін жонып көрсетеді. Дайын детальды шеберге тапсырады.(10минут)

Рефлексия:

1.Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар?

2.Бүгінгі сабақ нәтижесі бойынша қандай шешімге келдіңіз?

3.Таңдаған мамандығыңыз туралы не айтасыз?


Бағалау-3минут

Мамандық таңдау мәселесі туралы қазақ ағартушы Ж.Аймауытов: « … қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс» — деп ерекше сипаттама берген болатын.



Үйге тапсырма: Менің мамандығым-менің мақтанышым тақырыбына эссе жазу

Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі


«Келісілді» «Бекітемін» Директордың оқу-өндірістік Колледж директоры

жұмысы жөніндегі орынбасары _______ Джармағамбетова Б.С.

_________ Турганова К.А. « _____» ____________2015 ж. « _____» __________ 2015 ж.





«Арнайы технология» пәнінен және өндірістік оқытудан

ашық сабақ өткізу жоспары




Сабақтың тақырыбы: Сыртқы цилиндрлік беттерді және

бұрандаларды жону




Арнайы пән оқытушысы: Елеуова Л.А.

Ө. О. шебері: Уксукбаев Н.Б.

Өткізу мерзімі: ақпан 2015 жыл.

Мамандықтар: 1109012 «Токарь», 1109102 «Кең бейінді станокшы»

Топ: 24 ( 33 пен 40топ оқушыларының қатысуымен)

Ұзақтығы: 45 минут

Өткізу орны: токарлы шеберхана
















Ақтөбе қаласы 2015 жыл

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее