Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні:19.10.2016 Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіркесті сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : тіркесті сөздер туралы түсіндіру, олардың ерекшеліктері мен емлесін меңгерту, сауаттылыққа баулу;
Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.
Сабақтың түрі: білімді меңгеру
Сабақтың өту әдісі: кесте , түсіндіру, тапсырмалар беру, семантикалық карта, сәйкестендіру тесті.
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына назар аудару.
3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
«Қысқарған сөздер» ережесін сұрау. «Топтастыру» стратегиясы
ІІІ.Жаңа тақырып. Тіркесті сөздер.
Екі немесе бірнеше сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалып, бір ұғымды білдіретін сөздер тіркесті сөздер деп аталады. Мысалы: он бес, ауа райы, келе жатыр, күні бойы, көк ала.
Тіркесті сөзбен сөз тіркесінің айырмашылығы
Салыстыру | Тіркесті сөз | Сөз тіркесі |
Ұқсастығы | Кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. | |
Айырмашылығы | Республика сарайы, ақ сақалды, он бес | Республикалық жарыс, ақ сақалды адам, он бес үй |
Тіркесті сөздер тең дәрежеде байланысқан екі сөзден құралып, бір күрделі ұғымды білдіреді, бір сұраққа жауап береді. Кәрі жілік. Ақ бата | Сөз тіркесінің басыңқы, бағыныңқы сыңары болады. Кәрі жілікті мүжу, Ақ батасын беру. |
Тіркесті сөздердің құрамындағы сөздер бөлек жазылады:
Зат есім мен зат есім: | Жиренше шешен, Алдар Көсе, Балуан Шолақ, Шыңғыс Алмазұлы, сөз табы, әуе жолы. |
Сын есім мен сын есім: | Қара торы, қызыл күрең, ақ құба, құла қасқа, кең иықты, ақ көйлекті, қызыл шырайлы. |
Сан есім мен сан есім: | Он тоғыз екі мың, екі жарым бес жүз, үш ширек, милионнан астам, алпыс мың. |
Етістік пен етістік: | Жазып отыр, ойнап жүрсіңдер, демалып жатыр, сөйлеп тұрмыз, сағынып қалыпты, ойлана қалды, жүгіре жөнелді, |
Күрделі үстеулер: | күні үлгері, күні ертең, ала жаздай, жыл бойы, |
Көмекші етістікпен тіркесіп келген еліктеу сөздер: | Қаңқ ету, селк етті, қорс етті, |
Көмекші етістікпен тіркесіп келген есім сөздер: | Жәрдем етті, ән салу, үлгі ету, қабыл алды, риза болды, көмек берді |
Көмекші сөзбен (шылаумен ) тіркесіп келген негізгі сөздер: | Отан үшін, мен арқылы, шешем сияқты, келешек туралы, мектепке дейін, үйге қарай, жақсылармен бірге, екеуінен кейін, сабақтан соң. |
ІV. Оқулықпен жұмыс.
83-жаттығу.
Тіркесті сөздер | Сөз тіркесі |
Ақан сері, Сара Сәтбайқызы Есова, | Ақан серінің Құлагері, тіл алғыш бала, Орталық Азиямен шекаралас |
84-жаттығу. Адамның келбетіне қатысты сөздерді қатыстыра отырып, шағын мәтін құра.
85-жаттығу. Авиация саласына тән қысқарған сөздерді теріп жазыңдар, ұшақтар туралы пікір алмасыңдар.
V.Сабақты бекіту. «Топтастыру» әдісі.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Арман ПВ /88-жаттығу.
Атамұра-72-бет /67-жаттығу.