«Осень 2024»

Сабақтың тақырыбы: "Сын есім жасаушы жұрнақтар " (6 сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : сын есім жасаушы жұрнақтар туралы түсінік беру, алған білімдерін қолдана білуге үйрету; Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу; Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 21.11.2016 Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есім жасаушы жұрнақтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : сын есім жасаушы жұрнақтар туралы түсінік беру , алған білімдерін қолдана білуге үйрету;
Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.

Сабақтың түрі: білімді беру
Сабақтың өту әдісі: кесте , түсіндіру, тапсырмалар беру, сұрақ-жауап,
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар


І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына назар аудару.

3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

125-жаттығу.

ІІІ.Жаңа тақырып. Сын есім жасаушы жұрнақтар

Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар

Етістіктерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар

1

-лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті:

Су-лы, өнер-лі, сән-ді, дарын-ды, бақыт-ты, сәт-ті,т.б.

1

-ғақ,-гек,-қақ-кек,-ақ ,-ек: тырыс-қақ , тоң-ғақ, үр (і) к-ек

2

-сыз,-сіз: ой-сыз, ,ел-сіз, жан-сыз, т.б.

2

-ық,-ік,-қы,-к: сын-ық, біт-ік,

3

-ғы,-гі,-қы,-кі: сырт-қы, кеш-кі, түн-гі, жаз-ғы,

3

-ғыш,-гіш,-қыш,-кіш: сен-гіш, айт-қыш,біл-гіш,

4

-лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік:

аудан-дық, өлке-лік, күз-дік, жаз-дық

4

-ғыр, -гір,-қыр,-кір: ұш-қыр, ал-ғыр, біл-гір, т.б.

5

-шыл,-шіл: ұйқы-шыл, үй-шіл,сыр-шыл.

5

-шақ,-шек: ұрын-шақ, жас-қан-шақ, сүрін-шек

6

-шаң,-шең: сөз-шең, ашу-шаң

6

-Ыңқы,- іңкі,-ңқы,-ңкі: көтер-іңкі, салбыра-ңқы,-шаш-ыңқы

7

-дай,-дей,-тай,-тей: үй-дей, ай-дай,ат-тай

7

-ынды,-інді, -нды,-нді: асы-ра-нды, түй-інді,

8

-кер,-гер,-қой,-қор,-паз (-ымпаз,-імпаз): айла-кер, шай-қор, әсем-паз,т.б.

8

-малы,-мелі,-балы,-белі,-палы,-пелі: көтер-мелі, жыл-жы-малы, көш-пелі

Ескерту:

-лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік жұрнағы зат есім де жасайды.

Салыстырыңдар: орман-дық (қандай?), адал-дық (не?)

сыз,-сіз: -дай,-дей,-тай,-тей: -шаң,-шең: жұрнақтары үстеуде де кездеседі.

Салыстырыңдар: тер-шең (жігіт) ,көйлек-шең (отырды)Зат есіммен тіркескенде сын есім, етістікпен тіркескенде үстеу қызметінде жұмсалады.

9

-ымды,-імді,-мды,-мді: шыда-мды, келіс-ісді, қон-ымды,

10

-аған,-еген: қаш-аған, сүз-еген, теб (п)-еген, қаб (п)-аған,

11

-улы,-улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы.

12

-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе: боя-ма, қыз-ба, ес-пе

(етістіктің болымсыз түрінде де кездеседі)


ІV.Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма: берілген сөздердің түбірі мен жұрнағын ажыратып көрсету . туынды сын есім жасайтын қандай жұрнақтар екенін атап айту.

Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сын сын есімдер

Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сын сын есімдер

Ауызғы, төргі, сыртқы, төменгі, баладағы, цехтағы, киімдегі, көктемгі,

Ашық, сынық, үркек, ширақ,дөңгелек,

Балалы, атты, арлы, атақты, сиырлы, ұғымды, өнерлі, көрікті, сәулетті, баласыз, әкесіз, мұңсыз, панасыз, ақылсыз,

Жинамалы, төгілмелі, ауыспалы, көшпелі,

Ұйқышыл, сауықшыл, күлкішіл, уайымшыл, қоғамшыл, ойшыл,

Жабысқыш, кеңескіш, байқағыш,білгіш,

Көйлекшең, етікшең, шапшаң, ашушаң, сөзшең, бойшаң, тершең,

Аяншақ, мақтаншақ, ұрыншақ, еріншек,

Қалалық, аудандық, көлемдік, көйлектік

Қашаған, сүзеген, ,жабулы, бүркеулі, ерттеулі, жинаулы,

Таудай, үйдей, аттай, құстай

Жатыңқы, көтеріңкі, салбыраңқы, желбіреңкі


V.Сабақты бекіту.

Сұрақ жауап:

1.Сын есім дегеніміз не?

2.Сын есімнің сұрақтарын ата? Мысал келтір

3.Сын есімнің белгілерін атау, мысал келтіру.

4.Сын есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

5.Сын есім құрамына қарай қалай бөлінеді?

6.Сын есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?


VІ.Үйге тапсырма.

Сын есімнен өткен тақырыптарды қайталау.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее