Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні:.26.12.2016
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сілтеу есімдігі
Сабақтың мақсаты:
1. Сілтеу есімдігі туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;
2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 163-жаттығу. Көшіріп жазып, есімдіктердің астын сызыңдар.
Сұрақтар.
1.Есімдік дегеніміз не? Мысал келтір?
2.Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Мысал келтір ? бір сөзді жіктеу
ІІІ.Жаңа тақырып. Сілтеу есімдігі
Сілтеу есімдіктері нәрсені, құбылысты, оқиғаны нұсқау, меңзеу, сілтеу сияқты мағынаны білдіреді. Сілтеу есімдіктері мыналар: бұл (бұ), осы, осынау, сонау, (сона), ол (әрі жіктеу, әрі сілтеу есімдігі) сол, мына, мынау, (мына), анау (ана) әне, әнеки, міне, мінеки. Қай? Қайсы? Деген сұрауларға жауап береді. | |
Енді бәрілген есімдіктердің мағынасына қарап, кестені толтырыңдар. Бұл, сол, осы, сонау, мына, анау, мынау, мәне, әне | |
Жақындықты білдіреді | Алыстықты білдіреді. |
|
|
ІV. Оқулықпен жұмыс.
165-жаттығу. Есімдіктерді теріп жазыңдар.
166-жаттығу. Сөйлемдердегі есімдіктерді талдаңдар.
167-жаттығу. Мәтінге морфологиялық талдау жасаңдар, есімдіктерді мағыналық түріне ажыратыңдар.
V.Сабақты бекіту
Сілтеу есімдіктері ?
Сұрақ-жауап:
1.Сілтеу есімдігі дегеніміз не? (ережесі)
2.Сілтеу есімдіктерін ата?
3.Бір сөзді жіктеу,септеу,
VІ.Үйге жұмыс.
168-жаттығу. Сілтеу есімдіктерін пайдалана отырып, «Жолаушыға жөн айта біл» тақырыбында диолог құраңдар.