Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 26.01.2017
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Өзгелік етіс
Сабақтың мақсаты:
Өздік етіс туралы түсінік беру;
Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаз, таблица
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,әдебиет,тарих
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 228-жаттығу . /189-жаттығу
Сұрақ-жауап:
1.Етіс дегеніміз не?
2.Етістер неше топқа бөлінеді? оларды ата
3.Өздік етіс дегеніміз не? мысалдар келтір
4.Өздік етістің жұрнақтары қандай?
ІІІ.Жаңа тақырып. Өзгелік етіс
Асан өткір желден қашып, жуан ағашты паналады. Кім паналады? | Асан адасқан жолаушыны паналатты. Кім паналатты? айырмашылығы бар ма? | ||
Іс- әрекет, қимылдың өзі емес, өзге біреу арқылы іске асатындығын білдіретін етістің түрі өзгелік етіс деп аталады. | |||
Өзгелік етістің жасалу жолдары: | |||
1 | -ғыз,-гіз,-қыз,-кіз: | Сыз-ғыз, жаз-ғыз,ал-ғыз, ки-гіз, кір-гіз, бер-гіз, айт-қыз, аш-қыз, жат-қыз, ек-кіз, күт-кіз,т.б. | |
2 | -дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір | Ал-дыр,сен-дір, айт-тыр, ас-тыр, кел-тір, тік-тір, бат-ыр, кет-ір, біт-ір,т.б. | |
3 | -т: (дауыстыдан кейін) | Оқы-т, таны-т, панала-т, дүрілде-т,,арала-т, ,т.б. | |
Кей жағдайда бір түбірге өзгелік етістің бірнеше жұрнағы бірінен кейін бірі жалғана береді. Мысалы: сат-қыз-дыр-т, сөйле-т-кіз, ал-дыр-т-қыз . |
ІV. Оқулықпен жұмыс.
229-жаттығу. Өзгелік етісті табыңдар, жасалу жолын анықтаңдар. салып бой-ла -т, ой-ла-т, 230-жаттығу. Төмендегі етістіктерден үлгі бойынша өзгелік етістер жасаңдар. ашы-т-а-ды, қайна -т-а-ды , ұйы-т-а-ды, тай-дыр , | 190-жаттығу. Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жасап жазыңдар.
Үлгі: көбей-т-тір |
231-жаттығу.
Айт | Сат | Жаса | Іл | Сал |
Айт-қыз Айт-қыз-дыр Айт-қыз-дыр-т | Сат-қыз Сат-қыз-дыр Сат-қыз-дыр-т Сат-тыр Сат-тыр-ғыз Сат-тыр-т-қыз | Жаса-т-қыз Жаса-т-тыр Жаса-т-қыз-дыр
| Іл-гіз Іл-дір Іл-дір-гіз Іл-дір-т Іл-дір-т-кіз | Сал-ғыз Сал-дыр, Сал-дыр-ғыз Сал-дыр-т-қыз Сал-дыр-т-қыз-дыр |
Айт-қыз-ба | Сат-қыз-ба | Жаса-т-па | Іл-дір-ме | Сал-дыр-ма |
Айт-қыз-дыр-ма Айт-қыз-дыр-т-па | Сат-қыз-дыр-ма Сат-қыз-дыр-т-па | Жаса-т-тыр-ма Жаса-т-қыз-дыр-ма | Іл-дір-гіз-бе Іл-дір-т-кіз-бе | Сал-дыр-т-па Сал-дыр-т-қыз-ба |
V.Сабақты бекіту
1.Етіс дегеніміз не?
2.Өзгелік етіс дегеніміз не?
3.Өзгелік етістің жасалу жолдары қандай? мысалдар келтір
VІ.Үйге жұмыс. 232-жаттығу/191-жаттығу