Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні:20.10.2016 Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Морфология туралы түсінік. Сөз топтары. Атауыш, көмекші, одағай сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : морфология, сөз топтары туралы түсіндіру, олардың ерекшеліктері мен емлесін меңгерту, сауаттылыққа баулу;
Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың өту әдісі: кесте , түсіндіру, тапсырмалар беру, семантикалық карта, сәйкестендіру тесті.
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына назар аудару.
3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Арман ПВ /88-жаттығу. Атамұра-72-бет /67-жаттығу.
Сұрақ –жауап:
1.Тіркесті сөз дегеніміз не? Мысалдар келтіру. Сөз тіркестерінен айырмашылығын айту
ІІІ.Жаңа тақырып:Морфология туралы түсінік.Сөз топтары.Атауыш ,көмекші, одағай сөздер.
Бүгін тіл білімінің тағы бір саласымен танысамыз. Ол морфология деп аталады.
Морфология –сөз топтары мен сөз таптарын зерттейтін сала. Морфологияның зерттеу нысандары және олардың байланысы.
3.Одағай сөздер: Белгілі бір сұраққа жауап бермейді , жеке сөйлем мүшесі бола алмайды , тек адамның көңіл күйін білдіреді, сондықтан да олар оқшау сөздерге жатады. 1.Атауыш сөздер .Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін ,белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздерді атауыш сөздер деп атайды. 2.Көмекші сөздер:Жеке тұрғанда ұғымдық мағынаны білдіре алмайтын ,тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалып, сол сөздің мағынасын толықтырып немесе сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқаратын сөздерді көмекші сөздер дейміз. Сөз топтары: Сөз таптары: Одағай Шылау Еліктеу сөз Етістік Үстеу Сан есім Есімдік Сын есім Зат есім Қосымша Түбір Сөз құрамы:
Мысал арқылы түсіндіру. Пай-пай ,сөзі мен сазы келіскен ән екен!
VІ. Оқулықпен жұмыс:
91-жаттығу. Мәтіннен атауыш сөздерді топтап жазыңдар.
92-жаттығу. Мәтіннен етістіктерді тауып, көшіріп жазыңдар.
93-жаттығу. (ауызша) мәтінді оқып шыққан соң, тәйт,пай-пай бәрекелді одағайларын қай сөйлемдермен үйлестіре қолдануға болатынын ойланып көріңдер.
V.Сабақты бекіту.
Сұрақ –жауап:
1.Морфологияның зерттейтін саласы?
2.Атауыш, көмекші, одағай сөздер дегеніміз не?
VІ.Үйге тапсырма: 94-жаттығу. /74-жаттығу. (77-бет)