Пән: Өзін – өзі тану
Мектеп:
Күні:
Сынып: 5
№: 7
Мұғалімі:
Оқушылардың саны:
Сабақтың тақырыбы: Мен – Адаммын!
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, әділеттілік, әдепті болу, .
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы білімдерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Білімділік: оқушыларды басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету. Дамытушылық: оқушылардың бойындағы әділеттілік қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. gibrat.kz 2. bilim-all.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену». |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. №6 - сабақ. «Қайырымдылық – қайырлы іс» атты қайырымдылық акциясын өткізудің жоспарын жасау. 2. Келесі сабақ. №7, «Аяз би» аңызын оқып келу. Сұрақтар: 1. Билік пен байлық адамды өзгертпес үшін не істеу керек деп адам өзің басқара аласың ба? 2. Адам өзін-өзі қалайша тәрбиелегені дұрыс деп санайсыңдар? |
|
3. Сабақтың дәйексөзі. Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту. «Адам боп оңай туғанмен Адам боп қалу көп қиын» Қ.Мырза-Әлі. Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995). Сұрақтар: 1. Өзіңді тану арқылы өмірді танисың дегенді қалай түсінесің? 2. Адамды ақ ниетті,кең пейілді болуға мәжбүрлеуге бола ма? 3. Өзіңнен қандай өзгерістерді байқадың? 4. Дәйексөзден қадай ой түйдіңіз? |
|
4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы) Өміріміздегі 1 мен 0-дерПрофессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап “бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет” деп түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: “ал бұл болса жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 – тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады” деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік.. тәртіптілік.. сүйіспеншілік.. Қосылып тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе баитатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 сандар қалады. Профессор былай дейді студенттеріне: “Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те тұрмайды”. Сұрақтар:
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс: Оқушылар бес топқа бөлінеді. Тапсырма: Жағдаяттарды шешу |
|
6. Топпен ән айту «Достық» Асан Пердешов Достықты сыйлаған, достарын қимаған, Қуанған сәттерде достарын жинаған. Іс туссе басыңа досыңнан жасырма, Адал дос қалады қол беріп қасыңдааа. Қайырмасы Зырғып өмір өзен, Орнында тұрмайды. Жастық шақ өтеді, Бір күн қол бұлғайды. Сыйластық қалады, Достар әлемінде. Достық пен ынтымақ, Болсын бар еліңде. Достықтың нышашы сіз бізден басталған, Ыстық дос құшағы сезілер ашқаннан. Досың барда қайға қардай еріген, Әнді достық жайлы шырқа менімен. Қайырмасы Сен адал досымсың берік сенімге, Тек достар қосылсын өмір төрінде. Кел досым жаныма өткенді еске алайық, Балалық шағына кел бірге барайық. |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №7 - сабақ. ««Өзімді танумен өсіп келемін» тақырыбында шағын шығарма жазу 2. Келесі сабақ. №8, «Сабыр түбі – сары алтын» ертегісін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|