Күні: 8.02.2017
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Көсемше. Көсемшенің жасалуы
Сабақтың мақсаты:
Көсемше. Көсемшенің жасалуы туралы түсінік беру;
Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаз, таблица
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау, жаттығу
Пәнаралық байланыс: ана тілі,әдебиет,тарих
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Арман ПВ-245-жаттығу. /атамұра-200-жаттығу
1 | -ған,-ген,-қан,-кен: | Біт-кен,шық-қан,аспа-ған, жет-кен-де |
2 | -атын,-етін,-йтын,-йтін: | Таусылма-йтын ,тартылма-йтын, қурама-йтын |
3 | -ар,-ер,-р,-с: | Бағала-р, жағала-р, |
4 | -мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек: |
|
ІІІ.Жаңа тақырып. Көсемше.Көсемшенің жасалуы.
Көсемше де- етістіктің өзгеше бір түрі. Ол да есімше сияқты екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметпен көрінеді. Мысалы:
Ағам оқуға кетіпті. Ағам не істепті? | Әжем шайды асықпай ішті. Әжем шайды қалай ішті? | ||||
Көсемше тұлғалы сөз жіктелген күйінде етістік | , кейде қимыл,іс-әрекеттің тура өзін емес, оның мезгіл, мақсат,себеп, амалын білдіріп, үстеудің орнына жұмсалады. | ||||
Ереже: Негізгі қимыл, әрекетті білдіретін және негізгі қимылды айқындайтын етістіктің түрі көсемше деп аталады. | |||||
Көсемше етістік түрлеріне (негізгі және туынды) немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады: | |||||
1 | -а,-е,-й: | Бар+а, кел+е, сөйле+й, сөйле+т+кіз+е+ді. | |||
2 | -ып,-іп,-п: | Айт+ып, кет+іп,қара+п,бар+ма+п+ты, кет+пе+п+ті. | |||
3 | -ғалы,-гелі,-қалы,-келі: | Оқы+ғалы, сез+гелі, қайт+қалы, төк+келі | |||
Көсемше тұлғалы етістік көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдамайды., бірақ жіктеледі. Мен кел+е+мін, , ол көр+іп+ті. Алайда -ғалы,-гелі,-қалы,-келі жұрнағы жалғанған етістік жіктелмейді. | |||||
Көсемшеге тән сипаттар: | |||||
1 | Көсемше тиянақты іс-қимылды білдіреді,сөйлемде жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады. | Олар Астана қаласын алғаш рет көріпті Ертең қаланы тамашалауға шығады. | |||
2 | Көсемше қимылдың тиянақталғанын көрсете алмайды.
| Бара, келе, сөйлей, барып, келіп, сөйлеп, барғалы, келгелі, айтқалы | |||
Сондықтан одан кейін әр уақытта толық мағыналы немесе көмекші етістік тұрады. | Жасұлан егістікке бара жатыр. Оқушы түсінгенін айтып тұр. Асқар оқуға түскелі жүр | ||||
3 | Көсемше толық мағыналы етістіктің алдында келіп, айқындаушы мәнге ие болады,сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. | Ол үйге қуанып кірді. Өз жетістігін мақтана айтты. |
ІV. Оқулықпен жұмыс.
247-жаттығу. Көсемшелерге сұрақтар қойып, көшіріп жазыңдар.
Үлгі: Кім білімді көп біліп (не істеп?), көңілді тұрса, оның дәулеті артады. жүріп (не істеп?), үйренеміз (не істейміз?), жайнап ( не істеп?), өспейді (не істемейді?),сатып алғалы, көріспегелі, өтіп,
248-жаттығу. Мәтінді жатқа айтыңдар, көсемшелерді теріп жазыңдар.
Жалқы есімдер | Көсемшелер |
"Қарағым" , "Қанат сынар", "От сөнер", "Бақыт көшті", "Күн тұтылды", "Жеті баламнан айрылдым" кү аттары | болыпты, қырылады, кетеді, орнап, өледі, айтып, ойып, жасапты, тағып, орнатады, деп, атап, тартады, тағып, орындайды, арнап, шығарыпты, сөйтіп, |
249-жаттығу. (ауызша) Мәтінді оқып шығып, көсемшелерді ауызша айтып шығыңдар.
V.Сабақты бекіту
1.Көсемше дегеніміз не? (ережесі)
2.Жұрнақтарын атау? мысал келтіру.
3.Көсемшеге тән сипаттар?
VІ.Үйге жұмыс. Арман ПВ 250-жаттығу./ Атамұра 207-жаттығу.