Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні:17.10.2016 Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздердің емлесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : қысқарған сөздер туралы түсіндіру, олардың ерекшеліктері мен емлесін меңгерту, сауаттылыққа баулу;
Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.
Сабақтың түрі: білімді меңгеру
Сабақтың өту әдісі: кесте , түсіндіру, тапсырмалар беру, семантикалық карта, сәйкестендіру тесті.
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына назар аудару.
3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Арман ПВ -82-жаттығу. Атамұра -68- бет / 64-жаттығу. ІІІ.Жаңа тақырып. Қысқарған сөздердің емлесі.Күрделі атаулар әртүрлі жолдармен қысқартылады, емлесі төмендегідей болады:
Ережесі | Емлесі | Мысалы |
1.Күрделі атау құрамындағы сөздердің бас әріптерінен құралады. | Қосымша дефис арқылы соңғы әріптің әуеніне қарай жалғанады. | БАҚ-Бұқаралық ақпарат құралдары,ҚР-Қазақстан Республикасы ,ЕО-ға мүше елдер, БҰҰ-дағы жиын |
2.Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады.. | Қосымша дефис арқылы жазылады | Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқиды, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің түлегі |
3.Құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөз тұтас қалпында бірігіп құралады. | Мұндай қысқарған сөздер кіші әріппен және оған қосымша дефиссіз қосылып жазылады. | Кеңшар –кеңестік шаруашылық ,медколледждің- медициналық колледждің , пединститутта педагогикалық институтта |
4.Техника түрлерінің (ұшақ, машина, трактор,т.б.) маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілері. | Мұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылса да, қосымша дефис арқылы жалғанады | ТУ-154-ке билет алдым. Ил-86-ға отырдым. АН-24-пен ұштым. |
5.Әртүрлі өлшемнің атауына қатысты белгілері де қысқарған сөздер болып табылады | Қосымша дефис арқылы жазылады. | См-ді (сантиметрді), т-ға (тоннаға) (га-ға (гектарға) ц-ге (центнерге) |
ІV.Тапсырма. «Семантикалық карта»
| 1.Күрделі атау құрамындағы сөздердің бас әріптерінен құралады. | 2.Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады.. | 3.Құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөз тұтас қалпында бірігіп құралады. | 4.Техника түрлерінің (ұшақ, машина, трактор,т.б.) маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілері. | 5.Әртүрлі өлшемнің атауына қатысты белгілері де қысқарған сөздер болып табылады |
Педколледж,атком | | | + | | |
ГАЗ-51,ТК-154 | | | | + | |
Қаз ҰПУ | | + | | | |
кг,т, га, ц,см | | | | | + |
БАҚ,ҚР ҰҒА, ХШЖК | + | | | | |
1 | СЭС | | Атқару комитетіне |
2 | ЖЭС | Қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті | |
3 | ҚарМУ | Жеке сәйкестендіру номері | |
4 | Ұжымшар | Шаған жалпы орта білім беретін мектебі | |
5 | Аткомге | Гектар | |
6 | ЖСН | Дециметр | |
7 | Қаз ҰПУ | Ұжымдық шаруашылық | |
8 | га | Қарағанды мемлекеттік университеті | |
9 | дм | Жылу электр станциясы. | |
10 | Шаған ЖОББМ | Санитарлық эпидемиялық станция, |
1 | ҒА | | кәсіптік-техникалық училище |
2 | ХШЖК | салық төлеушінің тіркеу нөмірі; | |
3 | КТУ | кәсіпорындар және ұйымдардың жалпы жіктеушісі | |
4 | ҚМЖ | Америка Құрама Штаттары | |
5 | БИН | Қысқа мерзімді жоспар | |
6 | СТН | Қазақтың медицина институты. | |
7 | КҰЖЖ | Қазақтың телеғраф агенттігі | |
8 | АҚШ | бизнес идентификационный номер | |
9 | ҚазМИ | Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесі | |
10 | ҚазТАГ | Ғылым Академиясы |