«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: "Есімше. Есімшенің жасалуы " (6 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Есімше. Есімшенің жасалуы

Сабақтың мақсаты:

  1. Есімше. Есімшенің жасалуы туралы түсінік беру;
  2. Оқушылардың тілін, ойын, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаз, таблица

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау,

Пәнаралық байланыс: ана тілі,әдебиет,тарих

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 6.02.2017

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Есімше. Есімшенің жасалуы

Сабақтың мақсаты:

  1. Есімше. Есімшенің жасалуы туралы түсінік беру;

  2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаз, таблица

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау,

Пәнаралық байланыс: ана тілі,әдебиет,тарих

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу

3.Сабаққа зейіндерін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 238-жаттығу / 196-жаттығу. Қатемен жұмыс жасату.

ІІІ.Жаңа тақырып. Есімше. Есімшенің жасалуы

Есімнің де (зат есім, сын есім,сан есім) қызметінде қолданылады.

Етістіктің де қызметінде қолданылады.

Білетін (қандай?) әндеріңді айтыңдар.

Оқыған (кім?) -жетер мұратқа

Көрмес (кім?)түйені де көрмес

Ерінген (кім?)қалар ұятқа, 
 Ізденген (кім?)жетер мұратқа

Ақмарал ағылшын тілін жақсы білетін (не істейтін?)

Асыл бұл кітапты талай оқыған. (не істеген?)

Көрмес түйені де көрмес (не істемес?)

Қарағайға қарап тал өсер, (не істер?)
Құрбысына қарап бала өсер (не істер?)

Есімшелер зат есім сияқты тәуелденеді, септеледі, көптеледі, жіктеледі.

Ереже: Есімдер сияқты түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістіктің түрі есімше деп аталады.

Есімше тұлғаларына "емес" , "жоқ" сөздері тіркесіп, болымсыздық мағына беріледі: барған емес, барған жоқ, барар емес, бармақ емес, баратын емес

Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне ,сондай -ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.

1

-ған,-ген,-қан,-кен:

Күткен,күтпеген, күткізген, күткіздірмеген, сыйлаған, сыйламаған, сыйласқан, сыйлатқызған.

2

-атын,-етін,-йтын,-йтін:

Жазатын, жаздыратын , жазбайтын, жазылатын, сызатын, айтатын, кесетін, келетін, білетін, ойлайтын, ойнайтын, сөйлейтін, көрмейтін

3

-ар,-ер,-р,-с:

Алар, барар, тозар, берер, жүрер, келер, қарар, санар, жасар, ойнамас, сөйлемес, көрмес,

4

-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек:

Бармақ, тарамақ, бермек, жүрмек, қазбақ, аттанбақ, сүйенбек, көрінбек, айтыспақ, жарыспақ, сөйлеспек, кездеспек


ІV. Оқулықпен жұмыс.

Атамұра 199-жаттығу. Мәтінді көшіріп, есімшелерді табыңдар.Түбірі мен қосымшасын ажыратып айтыңдар.


239-жаттығу. (жазбаша). Көп нүктенің орнына тиісті есімшелі сөздерді қойып, көшіріп жазыңдар.

240-жаттығу. (ауызша) .Есімшелерді тауып, қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын көрсетіңдер.

Таласқандар (кімдер?)

Жеткен ,болғанмен ,болған емес

Доғаланған (қандай?) иіні

Дейтінім ,өлшеген,басқан жоқ,жауғанда, сасатын, басатын, жететін ,кететін, өтетін,

241-жаттығу. (ауызша) Бала бидің сөзін жаттап алыңдар, есімшені анықтаңдар. (дегенім)

242-жаттығу. (ауызша) Төмендегі етістіктерге есімшенің жұрнағын жалғай отырып, тапсырманы орындаңдар.

1-топ

2 -топ

Тексер (тәуелде), жеткіз (жікте)

Айналыс (жікте) , келген (септе)

243-жаттығу. (жазбаша) Төмендегі нақыл сөздерді көшіріп жазыңдар. Есімшелерді табыңдар.Олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын анықтап астын сызыңдар.

V.Сабақты бекіту 1.Есімше дегеніміз не? (ережесі)

2.Есімшенің жасалу жолы (жұрнақтары, мысалы)

VІ.Үйге жұмыс. Арман ПВ-245-жаттығу. /атамұра-200-жаттығу

1

-ған,-ген,-қан,-кен:

Біт-кен,шық-қан,аспа-ған, жет-кен-де

2

-атын,-етін,-йтын,-йтін:

Таусылма-йтын ,тартылма-йтын, қурама-йтын

3

-ар,-ер,-р,-с:

Бағала-р, жағала-р,

4

-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек:



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее