«Осень 2024»

Сабақтың тақырыбы: "Есімдіктердің емлесі, есімдіктен өткенді қайталау " (6 сынып)

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 12.01.2017

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің емлесі, есімдіктен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Есімдіктердің емлесі туралы түсінік беру, есімдіктен өткенді қайталау;

2. Оқушылардың тілін, ойын, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу

3.Сабаққа зейіндерін аудару

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 12.01.2017

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің емлесі, есімдіктен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Есімдіктердің емлесі туралы түсінік беру, есімдіктен өткенді қайталау;

2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу

3.Сабаққа зейіндерін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

189-жаттығу.

Пысықтау сұрақтары:

Мыалы:

Болымсыздық есімдігі түбір тұлғада келеді?

еш ,дәнеңе, дәнеме,

Болымсыздық есімдігі туынды тұлғада келеді?

ешқайсысы,ешқандай, ешбір, ешқашан, ешқайда, ешқайдан, ешкім,

Болымсыздық есімдігі зат есім орнына жүреді?

Ешкім, ешқайсысы, ештеңе,ештеме, дәнеңе, дәнеме

Болымсыздық есімдігі сын есім орнына жүреді?

ешқандай, ешбір

Болымсыздық есімдігі үстеудің орнына жүреді?

ешқашан, ешқайда, ешқайдан

Сұрақтар.

1.Есімдік дегеніміз не? Мысал келтір?

2.Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Мысал келтір ? бір сөзді жіктеу

3.Сілтеу есімдігі дегеніміз не? Оларды ата? Сұрақтарын ата?

4.Сұрау есімдігі дегеніміз не? Оларды атау?

5.Өздік есімдігі дегеніміз не? Оларды ата?

6.Жалпылау есімдігі дегеніміз не? Оларды ата?

ІІІ.Жаңа тақырып. Есімдіктердің емлесі, есімдіктен өткенді қайталау

Есімдіктердің жазылуын есте сақтаңдар.

1

Қосарлану арқылы жасалған күрделі есімдіктер дефис арқлы жазылады.

Кімде-кім, кімде-кімге, өзімен-өзі, бірде-бір, қандай-қандай, қай-қайсысы

2

Еш,әр,кей, қай, әлде, бір есімдіктері есімдікпен тіркесіп келгенде бірге жазылады.

Ешкім, әрқалай, қайбір, әлденеше, бірнеше, кейбіреу, әрқайсысы

3

Еш,әр,кей,қай,қайсы, әлде,бір деген сөздер зат есімдермен тіркесіп келгенде бөлек жазылады.

Әр адам, әр уақыт,та, әр нәрсе, кей жылы, кей кездері, қай кезде, еш жұмысым жоқ, еш айыбы жоқ

4

Бір деген белгісіздік есімдігі мына сияқты тіркестерде бөлек жазылады

Белгілі бір (белгілі бір ережеге сүйенеді),бейне бір (бейне бір түс көргендей күйде қалды), екінші бір (екінші бір айтатын әңгіме) неше бір (неше бір заман өтсе де)

5

Неше деген есімдікке –інші жұрнағы қосылғанда, неше есімдігінің соңындағы (е) дыбысы айтылмай қалады және бұл жазылмайды да

Неше-інші, нешінші

6

Бірыңғай мүшелерден кейін бәрі, барлығы, баршасы, күллісі жалпылауыш есімдіктері келетін болса, онда олардың алдынан сызықша қойылады.

Асыл,Алмат,Арыс-барлығы алтыншы сынып оқушылары


ІV. Оқулықпен жұмыс.

190-жаттығу. Мысалдарды емле ережесіне сай жазып шығыңдар.

Ешкім, әркім, өз жері, ештеңе, әрқайсысымен, кейбіреу,кей адам, кей жері, кейбір,әрқашан, әр үйдің,сонау бір, әрқайсысы, әр қилы, әр түрлі

191-жаттығу.

Бірге жазылатын есімдіктер

Бөлек жазылатын есімдіктер

Әр түрлі, әр келкі, әрнеме,әрбір,әркім,әрне, әртарапты,

Әр үй, әр нәрсе, әр күні, әр дайым,

Кейбіріңе,кейбіреу, кейбір,кейбіреуге ,кейбірде,

Кей уақытта, кей кезде,кей жылы, кей адам, кей күні,кей-кейде,

Ешқашан,ешбір,ешкім, ештеңе,ештеме, ешқайсысы,

Еш жұмыс, еш адам, еш уақытта, еш болу, еш кетті


192-жаттығу. Мәтіннен есімдіктерді теріп алып, құрамына, мағынасына қарай талдаңдар.



V.Сабақты бекіту

Сұрақ-жауап:

1

Қосарлану арқылы жасалған күрделі есімдіктер............ ?(дефис) арқлы жазылады.

2

Еш,әр,кей, қай, әлде, бір есімдіктері есімдікпен тіркесіп келгенде ..........?(бірге) жазылады.

3

Еш,әр,кей,қай,қайсы, әлде,бір деген сөздер зат есімдермен тіркесіп келгенде......? (бөлек) жазылады.

4

Бір деген белгісіздік есімдігі мына сияқты тіркестерде бөлек жазылады?

5

Неше деген есімдікке ......?( –інші) жұрнағы қосылғанда, неше есімдігінің соңындағы (е) дыбысы айтылмай қалады және бұл жазылмайды да ?

6

Бірыңғай мүшелерден кейін ........? (бәрі, барлығы, баршасы, күллісі) жалпылауыш есімдіктері келетін болса, онда олардың алдынан? ( сызықша ) қойылады.





VІ.Үйге жұмыс.


193-жаттығу.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее