Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 11.01.2017
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Болымсыздық есімдігі. Көне түркі ескерткіштеріндегі есімдіктер
Сабақтың мақсаты:
1. Болымсыздық есімдігі туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;
2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.184-жаттығу. Төмендегі есімдіктерді қатыстырып, сөйлемдер құраңдар.
2.Белгісіздік есімдігі туралы түсінік айту.
Сұрақтар.
1.Есімдік дегеніміз не? Мысал келтір?
2.Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Мысал келтір ? бір сөзді жіктеу
3.Сілтеу есімдігі дегеніміз не? Оларды ата? Сұрақтарын ата?
4.Сұрау есімдігі дегеніміз не? Оларды атау?
5.Өздік есімдігі дегеніміз не? Оларды ата?
6.Жалпылау есімдігі дегеніміз не? Оларды ата?
ІІІ.Жаңа тақырып. Болымсыздық есімдігі. Көне түркі ескерткіштеріндегі есімдіктер
Есімдіктің болымсыздық мағынаны білдіретін түрі болымсыздық есімдігі деп аталады.Болымсыздық есімдіктері мыналар: ешкім, ештеңе, ештеме, дәнеңе, дәнеме, ешқайсысы,ешқандай, ешбір, ешқашан, ешқайда, ешқайдан. |
Болымсыздық есімдіктері төмендегі сөз таптарының орнына жүреді. |
Ешкім, ешқайсысы, ештеңе,ештеме, дәнеңе, дәнеме есімдіктері зат есім орнына; ешқандай, ешбір сын есім орнына, ешқашан, ешқайда, ешқайдан үстеу немесе мезгілдік,мекендік мағынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. |
1.Өз білімдеріңді тексеріп көріңдер: Ешкім, ештеңе есімдіктерін септеңдер.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
185-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден болымсыздық есімдігін тауып, жасалу жолын анықтаңдар.
186-жаттығу. Есім сөздерді (зат есім,есімдік) тауып, морфологиялық талдау жасаңдар.
Өлшейді, ешкімнен сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.
187-жаттығу. Жаттығудағы омонимдерді сөз табына талдап, мағынасын айқындаңдар.
188-жаттығу. Болымсыздық есімдіктерін тауып, тұлғасын анықтаңдар.
V.Сабақты бекіту
Сұрақ-жауап:
1.Болымсыздық есімдігі дегеніміз не?
2.Болымсыздық есімдіктерін атаңдар?
Пысықтау сұрақтары: | Мыалы: |
Болымсыздық есімдігі түбір тұлғада келеді? | еш ,дәнеңе, дәнеме, |
Болымсыздық есімдігі туынды тұлғада келеді? | ешқайсысы,ешқандай, ешбір, ешқашан, ешқайда, ешқайдан, ешкім, |
Болымсыздық есімдігі зат есім орнына жүреді? | Ешкім, ешқайсысы, ештеңе,ештеме, дәнеңе, дәнеме |
Болымсыздық есімдігі сын есім орнына жүреді? | ешқандай, ешбір |
Болымсыздық есімдігі үстеудің орнына жүреді? | ешқашан, ешқайда, ешқайдан |
VІ.Үйге жұмыс.
189-жаттығу.