Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 18.01.2017
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Болымды етістік пен болымсыз етістік
Сабақтың мақсаты:
Болымды, болымсыз етістік туралы туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
197-жаттығу. Үлгі: суғарды, майлады, құрсаулады, құрықтады, аяқтады, қолтықтады.
Сұрақтар.
Етістік дегеніміз не? Мысал келтіру
Етістік тұлғасына қарай неше топқа бөлінеді?
Негізгі етістік дегеніміз не? Мысал келтір
Туынды етістік дегеніміз не? Мысал келтіру
Құрамына қарай етістіктер неше топқа бөлінеді?
Дара етістік дегеніміз не? Мысал келтір
Күрделі етістік дегеніміз не? Мысал келтір
ІІІ.Жаңа тақырып. Болымды етістік пен болымсыз етістік
Етістіктер , негізінен , іс-әрекеттің болуын, орындалуы мен жүзеге асырылуын білдіретін болымды мәнге ие. Олар- болымды етістіктер. Мысалы: бар, көбей, тісте, айт,істе, жүр, секір, тұр, ұйықта, | |
Ал қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын білдіретін етістікті болымсыз етістік деп атайды. | |
Болымсыз етістіктердің жасалуы: | |
1.Болымсыз етістік негізгі я туынды түбір етістіктерге –ба,-бе,-па,-пе,-ма,-ме жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. | Мысалы:құшақта –ма, түкір-ме, бұз-ба, үз-бе,жыпылықтат –па, дандайсы-ма, өкпеле-ме, өкін-бе, көрсет-пе , шула-ма, айқайла-ма, бөгел –ме, т.б. |
2.Белгілі шақ тұлғасындағы болымды етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. | Мысалы:айтқан емеспін, кеткен жоқ, тыңдаған емеспіз,т.б. |
ІV. Оқулықпен жұмыс.
209-жаттығу. Тыйым сөздерді оқыңдар, оларды жаттап алыңдар. Бұл жердегі болымсыз етістіктердің маңызын ойлаңдар. Егер болымсыз етістік болмаса, тыйым сөздер бола ма?
210-жаттығу. Берілген мысалдарды қатыстырып, сөйлемдер жазыңдар.
Сөйлескен жоқ, келген емес, көрген емеспін, сезген жоқсың, айтып қойма, көмек көрсет, бара берме, сөйлей берме, оқи алмадым, түсінбедім, дайындалған едім, ұйықтап қалма, ренжітпе, жүре берме.
211-жаттығу. Мақалдағы болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырыңдар. Мақалдың мәне өзгере ме?
Үлгі:
Болымды етістік | Болымсыз етістік | Болымды етістік | Болымсыз етістік |
Бірлігі күшті ел озады, Бірлігі жоқ ел тозады | Бірлігі күшті ел тозбайды, Бірлігі жоқ ел озбайды | Жуаспен жұлыссаң да , Ұятсызбен ұстаспа | Жуаспен жұлыспа, Ұятсызбен ұстаспа |
212 жаттығу. Етістіктерді тауып, болымды, болымсыз түріне ажырату
Болымды етістік | Етер, көтерер,бол,айтар, жасаған, болса, екені, белгілеген, салатын, болады, атаса, салдыртады, |
Болымсыз етістік | Іздеме, тола алмас, болма, болмас, бермейді, санамайды, теппейді, ұрмайды, |
213-жаттығу. Мына мәтіннен неше болымды, неше болымсыз етістік барын анықтаңдар.
V.Сабақты бекіту
Сұрақ-жауап:
1.Болымды етістік дегеніміз не? Мысалдар келтіру
2.Болымсыз етістік дегеніміз не? Мысалдар келтіру. Олардың жасалу жолын айту
VІ.Үйге жұмыс. 214-жаттығу. /176-жаттығу.