«Зима 2025»

«әркімнің өзіне ыстық туған жері» сайысы

"Әркімнің өзіне ыстық туған жері" атты 5-6 сыныптар арасында сайсы

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки

«ӘРКІМНІҢ ӨЗІНЕ ЫСТЫҚ ТУҒАН ЖЕРІ» САЙЫСЫ

Мақсаты:
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен  насихаттау, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу.Халқымыздың дана ақындары, ғұлама ойшылдары, қазақтың ақын –өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының ақындардың мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.Ғасырлар тоғысында ғасыр ақындарының ақындық таланттарын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Міндеті: көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, ел бірлігін нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Байқаудың қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы бір жеңімпаз бен үш жүлдегерді анықтайды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударады.

Көрнекілігі: презентация, Тәуелсіздікке қатысты суреттер, кітаптар.

Бағалау критерийлері:

- тақырыпқа сәйкес шығармаларды таңдап алу;

- көркем шығармаларды орындауда кейіпке еніп, көрерменге жеткізе білуі;

- көрермендердің жүрегіне жол таба білуі;

- шығармаларды орындауда дикцияның талапқа сай болуы, орфографиялық қателерді жібермеуі;

-  интонациялық сөйлеу байлығы (ырғақты түрлендіріп отыруы, күші, паузалық үзілісті тиімді, дауысты жоғары шығаруы )

- сахнаға шығу мәдениеті

Әрбір критерийлер 0- ден бастап, 5- балдық жүйемен бағаланады.

Үміткерлер: Үздік орындаушы бас жүлдесі, I дәрежелі дипломмен, II дәрежелі дипломмен, III дәрежелі дипломмен, Өте жоғары шеберлікпен орындағаны үшін, Жоғары сахналық мәдениеті үшін, Көрермен көзайымына айналған орындаушы номинациялар беріледі.

1- жүргізуші

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған «Бабаның сөзі – даналық көзі» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақ ақындарының әрқайсысы шын мәніндегі дарын, қайталанбас шығармашылық тұлға бір –бір дара ретінде танылып отыр.

Тілдің бәрі қымбат маған

Әрбір ұлт тілі сыр сақтаған.

Бәрінен де сен артықсың,

Қазақ тілім, жыр баптаған!

Тілім барда мақтанамын,

Әнімді айтып шаттанамын.

Сол тілімнің құдіреті,

Таптатпаған жатқа бағын.- деп бүгінгі ақындардың сайыс додасын әрі қарай жалғастырамыз.

2- жүргізуші


Ия, ұлылар, ұлылар!
Кім ұлы десек қазақта жетеді ғой шіркін – ай!
Бірақ соның ішінде
Абай, Ыбырай, Мұқағали...
Ең дарынды, ең шебер ақындар.
Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс - әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде.

1- жүргізуші

Ал, енді балалар қазір төрелігін айтатын , сайысымызды бағалайтын,

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Әділ қазыларды шақырамыз ортаға, -деп өзіміз айтып өткен сайысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1. Байгожина Жанель – 8 «Ә» сынып оқушысы

2. Канатов Арман – 8 «Ә» сынып оқушысы

3. Сакенова Альмира – 8 «Ә» сынып оқушысы

2- жүргізуші

Қазақ тілі ,

Байсалды баба тілім,

Сол байлықтан аз емес алатыным,- дей отырып, «Бабалар сөзі – даналық көзі» сайысы төмендегі 3 кезеңнен тұрады.

1. Таныстыру (өзін көркем сөзбен таныстыру)

2. Бәйге ( сұрақ- жауап сайысы)

3. «Әркімнің өзіне ыстық туған жері...»

1-жүргізуші

1-кезең Таныстыру (Сайысқа қатысыушылар өздерін көркем сөзбен тақпақтап немесе қара сөзбен таныстыруы керек)
Өз бағын сынау үшін бірінші үміткерімізді ортаға шақырамыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2- жүргізуші

2-кезең Бәйге сайысы (Сайысқа қатысушылар 1 минут ішінде жылдам әрі нақты сұрақтарда ауызша жауап берулері керек)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. ҚР - ның жер көлемі қанша? (2млн 724, 9 мың шақырым)

  2. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? (Түркия)

  3. ҚР – шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым? (3000 шақырым)

  4. ҚР - да ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15 қараша)

  5. Қазіргі таңда әлемнің қанша мемлекетімен сыртқы сауда байланысы орнатылған? (145)

  6. Қазіргі ҚР ұранының авторлары? ( Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов)

  7. Қазақ хандығын құрған хандар? (Жәнібек пен Керей)

  8. Шыңғыс ханның заңдар жинағы? («Яса»- «Жасақ»)

  9. Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771-17814 жылдар)

  10. Қазақтың беделді билерін ата. ( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

  11. Астана қаласының бұрынғы атауы қандай? (Целиноград)

  12. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова)

  13. ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)

  14. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)

  15. «Қазақстан — 2050» бағдарламасы қабылданған жыл? (Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)

  16. Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары қай жылы өтті, бойтұмары қандай болды? (2011 жылы 30 қаңтар — 7 ақпан, қар барысы)

  17. Қазақ хандығы қашан құрылды? (ХV ғасырда – 1465-1466 жылдары)

  18. Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)

  19. Абылай ханның өмір сүрген жылдары? (1711-1781 жылдар)

  20. Қазақ жүздерін ата. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)

  21. ҚР –ның астаналары болған қалаларды ата. (Орынбор, Қызылорда-Ақмешіт, Алматы-Верный, Астана-Ақмола)

  22. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

  23. ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уәлиханов)

  24. Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы? (экономика)

  25. Жақында өткен Елбасы жолдауының тақырыбы қандай ? (Нұрлы жол – болашаққа бастар жол)

  26. «EXPO – 2017» Халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы қандай? (Болашақ қуаты, энергиясы)

1- жүргізуші

Өнерпаздар жарысып ән салады,

Жиын десе, той десе жан салады.

Сайысымыздың бүгінгі құрметіне,

Әуелеген әсем күй жолданады.

Келесі кезек 6 «Ә» сынып орындауындағы «Кеңес» күйіне кезек береміз.



2- жүргізуші

3- кезең «Әркімнің өзіне ыстық туған жері...» (Берілген сөйлемді мақамына келтіріп, жалғастыру оқушыларға берілген тапсырмалар болатын)

Алдымызда бірінші сайысқа қатысушымыз:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1- жүргізуші

Ән қандай, әнші қандай, тұнған таудай,

Барады жүректерде тағат қалмай,

Осы қүні басылмайды емін тауып,

Тамылжытып әншіміз әнін салмай- деп Абай атамыз айтпақшы келесі кезекті әнге береміз. 7,8 «Ә» сынып орындауындағы «Туған жер» әнін қарсы алыңыздар.

2- жүргізуші

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін оқиды.

Марапаттау рәсімін жүргізу _________________________ беріледі.

2- жүргізуші

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарқырайды жарық күн

Ырыс, дәулет, бақыты үшін халықтың

Жайнай берсін, жайнай берсін, жарық күн- демекші кезекті 5 «Ә» орындауындағы «Атамекен» әніне береміз.

сайысымыз да өз мәресіне жетті

1 - жүргізуші

Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен сайысымыз аяқталды!
Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее