«Зима 2025»

Разработка урока по самопознанию на тему:"Әдептен озбайық!"

Құндылық: Дұрыс әрекет. Қасиет (сапа): адамгершілік қатынастарды–ынтымақтастық, ізгілік, адалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті орнықтыру

Қасиеттер: Оқушыларды мейірімділікке, ізгілік, құрмет көрсету, сыйлауға баулу.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері: – Қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп

нормаларын түсіндіру;

– Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

– Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Интерактивтік тақта,компьютер, түрлі түсті қағаздар, қиындылар, видео ресурстар, суреттер.

Олимпиады: Русский язык 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының Ембі қалалық №2 орта мектебінің өзін өзі тану пәнінің ұстазы

 Тақырып: Әдептен озбайық Құндылық: Дұрыс әрекет. Қасиет (сапа): адамгершілік қатынастарды–ынтымақтастық, ізгілік, адалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті орнықтыру

 Қасиеттер: Оқушыларды мейірімділікке, ізгілік, құрмет көрсету, сыйлауға баулу. Сабақ мақсаты: Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері: – Қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп

нормаларын түсіндіру;

– Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

– Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Интерактивтік тақта,компьютер, түрлі түсті қағаздар, қиындылар, видео ресурстар, суреттер. Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. . 2. Үй тапсырмасын тексеру 1.Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойналады. /Моцарттың –колыбельная/әунеімен Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл – күй орнату.Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады. «Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл – күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді. 2.Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасына «Адами қарым-қатынас ізгіліктері» тақырыбы берілді. Үйге тапсырманы тексеру мақсатында сұрақтар беріледі? 1-сұрақ. Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?

2-сұрақ. Әдепті сөйлеудің адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай?

3-сұрақ. Адами қарым-қатынастағы ең басты әдептілікке не жатады?

4-сұрақ.Адами қарым-қатынас ізгіліктеріне дәйексөз келтіріңдер?

5-сұрақ.Тіл табысудың басты кілті не болып табылады?

6-сұрақ.Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сурет құрастырады. Бұл суретте әділік тақырыбы қозғалады.

Сабақ барысын талдау: 3.Әңгiмелесу-Әдептілік туралы түсінік айту

Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?

• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?

• Әдептілікті бізге кім үйретеді? Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым – кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол – біздің ата – анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата – баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

Студент қыздың әңгімесі Ж.Бейсенбаев «Студент қыздың әңгімесі» мәтінін қонақ студентпен сұхбат арқылы оқушыларға тыңдатып, пікірлесу.

– Жігіттердің іс- әрекеті сізге қандай ой қалдырды?

– Олардың істегендері дұрыс па?

– Оларға қандай ақыл – кеңес берер едіңіз?

– Қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз? 4.Дәйексөз. «Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін». И.Гете «Бәрі өз қолыңда» видео ресурс

ІІ. Дәйек сөз.

“Таяқ еттен өтеді,сөз сүйектен өтеді”.

”Аңдамай сөйлеген-ауырмай өледі”

” Қылыш жарасы бітер,

 «Тіл жарасы бітпес».  –талдау.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Суреттер арқылы жаядаяттарды талдау. 1.Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп, даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.

Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?

2.Назым әп- әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп – нәзік, биязы бойжеткен көз алдыңызда біртіндеп, әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айырылып жүре береді?

Назымға қандай кеңес берер едіңіз? Сахналау 3 .берілген жағдаяттарды сахналап көрсету

1. Сыныптастардың телефонмен сөйлесу әдебі.

2. Қоғамдық көліктегі оқушы мен қарияның және бақылаушының әдептері.

3. Үлкендер мен жастардың дастарқан басында өзін ұстау әдебі.

6.Қорытындылау. «Ата-анаға құрмет» видео ресурс «Аялы алақан» ойыны :Берілген көгершін суреттеріне қоғамдық орындарда, көшеде, іссапарда,театрда кездесетін әдеп қағидаларын оқушылар жазып, өз ойын айтып, аялы алақанға орналастырады.

7.Топпен ән айту. Ән: «Қыз сыны» сөзін жазған: Қ.Қазыбеков Әнін жазған М.Омаров Үй тапсырмасы. «Мен әдепті баламын» эссе жазып келу. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық… бар жерде, тыныштық… бүкiл әлемде) Ыңғайланып отырып, баяу әуен толқынымен дұрыс әрекет пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет! Барлығынды жақсы деп бағалаймын. Сабақ аяқталды.










 



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее