
тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың жырларындағы халықтың салт- дәстүрлері мен нақыл сөздері.

- Мақсаты: ақын жырларына жан- жақты талдау жасау және халықтың салт – дәстүрлерін қалай арқау еткенін анықтау. Сонымен қатар ақын поэзиясындығы нақыл сөздерді, яғни афоризмдерді талдау.
- Мақсаты: ақын жырларына жан- жақты талдау жасау және халықтың салт – дәстүрлерін қалай арқау еткенін анықтау. Сонымен қатар ақын поэзиясындығы нақыл сөздерді, яғни афоризмдерді талдау.

(1931 – 1976)
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.


Халықтың салт-дәстүрі мен тұрмыс тіршілігін, сезімталдықпен жырлаған ақынның бірі – Мұқағали Мақатаев.

Мұқағали Мақатаев қазақ поэзиясының-мақтанышы.
- Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық т.б тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген және қазақтың салт-дәстүрлері ақын поэзиясында өзіндік орын алады

Халықтың дәстүрі –ақын өлеңдерінде
Тұсау кесу
Үлкенді сыйлау
Бесікке салу
Бәсіре атау
Қонақты қарсы алу
Тәбәрік беру
Беташар

Тұсау кесу
«Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін»
«Сәби болғым келеді»
Қанаттанып өмірге ұшарымда
Кесілмесе бәрібір тұсауым да
Сәби болғым келеді, сәби болғым
Сәбиі жоқ ананың құшағында.

«Әлди, әлди ақ бөпем, ақ бесікке жат бөпем»
Бесік жыры
Бөпем – бөпем, бөпем-ау,
Қай жерде қалды көкең-ау
Көбісі біздің ырымның
Түкке алғысыз екен-ау!

Беташар
Боз ала ауыл жастары,
- Боз ала ауыл жастары,
Бозбала күнін бастады.
Боз жаулық жауып қыздарға
Шаңырақ құра бастады,


Бәсіре атау
Жылқышы атам – қамқоршы, асыл еді,
Әкелді де, ерттеді бәсіремді.

Тәбәрік беру
Әке – сенің тастап кеткен мұраңды
Төрт немерең көрген шақта қуанды
Терің сіңген тақияға жармасып
Алма- кезек бірінен соң бірі алды
« Т әбәрік »
Аппақ тонын атамның тәбәрігін
Жүзге кел деп арқаңа жаба салам.

Үлкенді сыйлау
“ Тоқта ботам”
Ей, болашақ! Қарт келеді зиялы
Кейімесін ата қыран ұялы .
Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін
Атаң саған ұзақ өмірін қияды

Анам маған: -
Үлкенді сыйла деген.
Сол сөз маған ізгілік құйған екен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем

Қонақты қарсы алу
Бұ зықтың қамшысындай иректелген
Бұзық ит, не сор сені сүйреп келген.
Тамыз, кәне, сүтіңнен таңдайыңа
Тажал неме бізді де үй деп келген

Нақыл сөздерге арналған Мұқағали өлеңдері
- Мұқағали Мақатаев өз поэзиясында көптеген халықтың салт-дәстүрін, ырым-нанымдарын өлеңдерін арқау етеді. Ақын өлеңдерін оқығанда ақынның әр өлеңінен нақыл сөздерді жиі келдестіруге болады.

Өмір-өзен
«Рахатқа бола бес күнгі
Ренжіт іп көрме ешкімді .»
«Өмірді қалай сыйласаң,
Өлімді сондай жат көрме

Достық туралы
« Қарлығашым, келдің бе? »
«Достық деген адамның көрігі екен,
Достық деген адамның серігі екен »
«Достық»
Шоқтанып жүрген көгімде
Шолпаным бар ғой менің де,
Жолдассыз, доссыз тегінде
Өтк із ген өмір, өмір ме?

Афоризм
- Афоризм - дегеніміз мән-мағыналары терең нақыл сөздер.
1. Жамандарды іздеме өзі табар,
Жақсыларды табуың қиын екен
(«Мавр» өлеңінен)
2 . Бір бұйымы бір үйге мұра болар,
Қайран біздің аталар – ғұламалар.
(«Аққулар ұйықтағанда»)

3. Атамнан қалған мұра ізеттілік,
Арымды соған қоям күзеттіріп.
«Шуағым менің»
4. Қазақтың мал-ырысы, малы-бағы,
Қашаннан бір-біріне танымалы.
«Тау өзені тентек қой, тасып жатыр»

5 .Адамның ғұмырынан қысқа не бар?
Күн еңкейсе болғаны, кеш кіреді.
“ Сәби-ана ”
6 .Бықсып жанған қоламта емес,
Артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ошағында
Біз тұтатқан от жансын!
«Болады деп арманда»

7. Бас – биік қой,
Биік жерге алдымен қар түседі
(«Бастау» өлеңінен)
8. Тіршілікте көрінеміз өлместей,
Тұра алмаймыз ерегеспей,белдеспей.
Өтейікші біріміз бен біріміз
Өшіктірмей, өкпелетпей, сен деспей
(«Қарлығашым, келдің бе?»)

«Елім барда»
Ең бірінші бақытым – халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін.
Тас жүректі тіл і мен тілім дедім
Бақытым бар үшінші – Отан деген
Құдай деген кім десе, Отан дер едім.

Мұқағали поэзиясы-қымбат қазына.
- «Ғасыр ақыңы» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті.

- . Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті. Мұқағали шығармашылығы әлі де терең зерттеу қажет деп ойлайм ын .

Пайдаланған әдебиет
- Қазақ әдебиеті «хрестоматия» Қ.Құрманбаева
- Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде 6/2007
- Салт –дәстүрлер/ Сен білесің бе ?/Аруна баспасы
- Бата –тілек /Сен білесің бе ?/Аруна баспасы
- Ү йлену тойы/ Сен білесің бе ?/ Аруна баспасы

Жобаны ң авторы:
Сапарова Индира
8 сынып оқушысы
Михайлов орта мектебі
2013 жыл
