Сабақтың тақырыбы: Жол және сен. 02.02.17ж.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жолережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :
ІІ. Өткен сабақ бойынша түс. байқау.
1. Үй тапсырмасын тексеру.
2. Қорытынды жасау.
ІІІ. Негізгі бөлім:
Мына сөйлемдердің орыс тілінде аудармасын екінші бағаннан табыңдар.
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2.Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3.Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.(Бағдаршам)
5.Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6.Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
Мәтінді оқып, бірнеше сұрақтар дайындап, жолдастарыңмен сөйлесіңдер.
4. Сергіту сәті. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
1.Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .
2.Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Тақтада
Қызыл – Тоқта !
Сары – Сақтан !
Жасыл – Жол ашық!
Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
5.Тротуарда жүру ережесі. Түсініп оқып, берілген сөздерден туынды сөздерді тауып, талдау жаса. Оқулық,ережелерімізді, сазгер,әнші, баланың, қалаға, жолды, тротуардан.
Қорытындылау :
Мұғалім : Балалар, деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.