Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер
Сабақ тақырыбы: |
Қазақ отбасының дәстүрлері. |
Білімділік: | Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде отбасылық дәстүрлер жайлы толық ақпарат бере білуге машықтандыру. Лексикалық тақырып аясында тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгерту. |
Дамытушылық: | Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану арқылы оқушы- лардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. |
Тәрбиелік: | Қазақша мәтіндер арқылы отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. |
Сілтеме: | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
Жетістік критерийлері: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде қазақ отбасындағы дәстүрлер жайлы ақпарат бере алады. |
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде отбасындағы жақсы дәстүрлерді си- паттайды қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады. | |
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында қазақ тілінде сыныптастарымен тілдеседі, диалог құра алады, қарапайым үлгілер арқылы сөйлесімге келеді. | |
Жаңа сөздер: | Дәстүр, кеңес береді,қамқоршы, құрметтеу |
Сабақта қолданылатын матери- алдар: | Интерактивті тақта, отбасылық дәстүрлер мен мерекелер жайлы слайдтар, плакат, мар- керлер, доп, парақ, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, смайликтер. |
Оқыту әдістері: | Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой қозғар» әдісі, ассо- циограмма, «Менің отбасым» дидактикалық ойыны, диалог, «Бинго» ойыны, «Суреттер» блиц ойыны, синквейн, жағдаяттық тапсырмалар, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техника- сы. |
Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік |
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ынтымақтастық ат- мосферасын орнату үшін оқушыларға: — Балалар, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріне қандай жақсы сөздер айтасыңдар?-деп сұрайды. |
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айта-ды. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын! |
Өткен сабақты тексеру | Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатады. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді. |
І. Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой қозғар» әдісін пайдаланып, «отбасы» сөзіне ассоциограмма құрғызады. | Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады. |
ІІ. Мағынаны тану | 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
2. Мәтіналды жұмыс. А) Оқылым. Жазылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. | Оқылым. Жазылым. Диаграммаға отбасына қатысты туыстық атаулар- ды, «Қандай отбасы?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазады. | |
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға, машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Диаграмманы пайдала- нып, өз отбасы туралы мәтін құрап жазады. | |
Б) Оқылым. Оқушыны мәнерлеп оқуға дағдыландыру үшін 3-тапсырманы орындатады. | Оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқиды, өлеңдегі туыстық атауларды табады, мағынасын анықтайды, мазмұнын түсіндіреді. | |
В) Айтылым. Оқулықтағы жағдаяттық тапсырманы (4-тап- сырма) орындатады. | Айтылым. Өз отбасылары жайлы диалог құрады. | |
3. Тілдік бағдар. Тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгертеді. | Тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгереді. | |
4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады. | Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады, қарамен жазылған сөздерді сөздік дәптеріне жазады. | |
Ә) Жазылым. Оқушыны дұрыс, сауатты жазуға дағдыландыру үшін 6, 11-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Мәтіндегі тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазады, синквейн дайындайды. | |
Б) Оқылым. Айтылым. Дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 7-тап- сырманы орындатады. | Оқылым. Айтылым. Мәтіндегі ақпа- раттың дұрыстығын тексереді. |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| В) Жазылым. Айтылым. Сауатты жазуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орындата- ды. | Жазылым. Айтылым. Мәтін бойынша бес сұрақ құрастырып жазады, сұ- рақтарға жауап береді. |
Г) Айтылым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Берілген сөздерді жекеше түрде тәуелдеп айтады. | |
5. Мәтінсоңы жұмыс. Жазылым. Оқулықтағы 12, 13, 14-тап- сырманы орындатады. | Жазылым. «Бинго» ойынының шар- тын орындайды, мәтінді толықтырып жазады, 12-14 үнқатымнан тұратын диалог құрастырады. | |
6. Мәнерлеп оқу. А) Оқулықтағы «Кел, жаттығайық!» айда- рында берілген өлеңді мәнерлеп оқып береді. Мәнерлеп оқуға машықтандырады. Өлеңде тақырыпқа байланысты кездескен сөздерді тапқызып, қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады, жаңа сөздерді қайталайды, жаттайды. | |
Ә) «Сыр сандықтағы» сөздер. | «Сыр сандыққа» салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды. | |
7. Сергіту сәті. «Менің отбасым» дидактикалық ойынын ой- натады. Ойынның шарты бойынша оқушылардың қолына доп береді. | Оқушылар шеңбер құрады, бір-біріне допты лақтыра отырып отбасылары жайлы жақсы сөздер мен тілектер айтады. Мысалы, менің отбасым тату. Мен отбасымды жақсы көремін. | |
ІІІ. Ой толғаныс | Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін «Суреттер» блиц ойынын (15-тапсырма) ұйымдастырады. | Әр оқушы өз отбасының суретін салады, оны сыныптастарына таны- стырады. |
IV. Бекіту | Оқулықтағы 16-тапсырманы орындатады. | Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, жағдаяттық тапсырманы орындайды. |
V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. | «Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды. |
VI. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау. |
|
VII. Рефлексия | Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл- күйлерін білдіреді. |