«Зима 2025»

“Оқыту үрдісінде оқушылардың өзі талдау және өзі бақылау дағдысын қалыптастыру”

Мұғалімдер балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қарым қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде дамуына ықпал ететін шарттар мен факторларды зерделейді.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки


Оқыту үрдісінде оқушылардың өзі талдау және өзі бақылау

дағдысын қалыптастыру” аудандық семинар



Өткізген: Г.Г.Габдуллина

Сабақтың тақырыбы:

Қалай оқу керектігін үйренудің мәні. Мұғалімнің қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері

Сілтеме:

«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» II деңгей


Мақсаты

Мұғалімдер балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қарым қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде дамуына ықпал ететін шарттар мен факторларды зерделейді.

Мақсаты

Мұғалімдер өзін-өзі реттейтін оқудың мәні мен маңызы туралы қорытынды жасайды.Оқушылардың өзін өзі реттейтін оқуын көрсететін мінез-құлықты бақылайды және қадағалайды. Кәсіби тәжірибе түрлеріне талдау жасайды.

Топқа біріктіру.

Сандар реті бойынша топқа бірігеді.


« Наполеонның кейіпі» жаттығуы

Қатысушыларға үш түрлі қозғалыс :

1/ қолды кеуде тұсында айқастыру,

2/ ашық алақанмен қолды алға созу,

3/ түйілген жұдырықты қол көрсетіледі.

Жүргізушінің «Бір, екі, үш! », командасы бойынша: қатысушылар өзіне ұнаған кейіпті көрсету керек (ұнағанын).

Мақсатымыз барлығы немесе көбі бірдей қалып көрсеткені.

Шешімі: Бұл жаттығу сіздің жұмысқа қаншалықты дайын екендіктеріңізді көрсетеді. Егер де көпшілігі алақандарын көрсетсе, онда бұл олардың жұмысқа дайындығын көрсетеді. Жұдырық агрессияны, Наполеон қалыбы – тұйықтық немесе жұмыс жасағысы келмеушілікті көрсетеді.

Кіріспе тапсырмалары №1

Топқа сұрақ:

1.Тауға қалай шығуға болады? Бірден таудың шыңына шығуға бола ма?

2.Адам жақсы өмір сүру үшін, еңбегі табысты болуы үшін не істеу керек?

/4 минут/ Ауызша орындау

Талқылау тапсырмасы №2

«Жабайы қаздар сабағы» бейнебаянын көріп, топта талқылау.

Топта бірлескен оқудың мәні мен ынтымақтастық.

Постер қорғау.

Сергіту

«Көзқарас» ойыны

Мақсаты: мұғалімнің байқау және бақылау қызметін дамыту, топ мүшелерінің ынтымақтастығын нығайту.

Топтық тапсырма №3

« Өзін-өзі реттеу моделін» құру


Тапсырманы бағалау.

Әр топтың пікірі арқылы бағалау.

(қол шапалақтай отырып, мадақтау)


Теория

Коуч түсініктемесі

Қалай оқу керектігін үйренудің мәні, өзіндік реттелу

      • танымдық: метатану

      • эмоциялық: эмоциялық зият

      • әлеуметтік: ақыл теориясы

      • ынталандырушылық: шеберлікке бағытталған

«Өзін- өзі реттеу» презентациясы

Қорытынды

«Көбелектің дамуы»

Түйін: «Оқушылардың оқудағы кедергілерді өз бетінше шешуіне мүмкіндік беріп, қолынан келетіндігіне сенім білдіру – ұстаз міндеті»


Рефлексия

Мен үшін бүгін ең құнды болған нәрсе - ­­­­________, себебі­­­­­­­­­­­­­________________________.


Рефлексивтік есеп

Коучингке өз қалауымен барлығы 11 мұғалім қатысты.

Коучингтің негізігі мақсаты: Өзін-өзі реттеу немесе өз бетімен үйренудің дәлелі болып табылатын балалардың мінез құлқының практикалық үлгісімен бөлісуге шақыру, Оқушылардың оқудағы кедергілерді өз бетінше шешуіне мүмкіндік беріп, қолынан келетіндігіне сенім білдіру – ұстаз міндеті екенің ұғыну

Мұғалімдер сандар бойынша екі топқа бөлінді.

Коучинг кезеңдері слайд арқылы көрсетіліп отырды.

1 кіріспе тапсырмада екі топқа сұрақтар берілді:

1.Тауға қалай шығуға болады? Бірден таудың шыңына шығуға бола ма?

2.Адам жақсы өмір сүру үшін,еңбегі табысты болуы үшін не істеу керек?

Берілген сұрақтар бойынша топ мүшелері ойланды, ойларын ортаға салды.

1 топтан бастауыш мұғалімі Ақмарал шығып, топтың атынан өз ойын ортаға салды.

2 топтан химия пәнінің мұғалімі Гулдана шығып, берілген сұраққа жауап берді

Әр топ қарсы топтардың жауаптарын бағалады. Содан кейін, слайд арқылы сұрақтарға жауап көрсетілді. Жауап 2 топ мүшелерінің жауаптарымен сәйкес келді.


Сергіту сәті

Наполеонның кейіпі» жаттығу

Қатысушыларға үш түрлі қозғалыс :

қолды кеуде тұсында айқастыру,

ашық алақанмен қолды алға созу,

түйілген жұдырықты қол көрсетіледі.

Жүргізушінің «Бір, екі, үш! », командасы бойынша: қатысушылар өзіне ұнаған кейіпті көрсету керек (ұнағанын). Мақсатымыз барлығы немесе көбі бірдей қалып көрсеткені.

Жаттығуды орындау:

Бұл жаттығу сіздің жұмысқа қаншалықты дайын екендіктеріңізді көрсетеді. Егер де көпшілігі алақандарын көрсетсе, онда бұл олардың жұмысқа дайындығын көрсетеді. Жұдырық агрессияны, Наполеон қалыбы – тұйықтық немесе жұмыс жасағысы келмеушілікті көрсетеді.

Бұл жаттығуда 1 мұғалім- наполеон қалыбын, бір мұғалім –агрессияны көрсетті, қалғандары (көпшілігі) алақандарын көрсетіп, жұмысқа дайындығын көрсетті.

Яғни, көпшілігі жұмысқа дайын деген сөз.

теория

өзіндік реттелу,

танымдық: метатану

эмоциялық: эмоциялық зият

әлеуметтік: ақыл теориясы

ынталандырушылық: шеберлікке бағытталған

«өзін- өзі реттеу» презентациясы арқылы теориялық мәлімет берілді

2 тапсырма. Өзін өзі реттеу моделін құру постер қорғау

Ой қозғау

Көбелек сабағы презентация

Бұл көбелек сабағы мұғалімдерге ой салды. Осы сабақты көріп отырып, сабақ беруде мұғалімдер шыдамдылық, төзімділік танытып, оқушылардың тапсырманы өздігінен орындауына, проблемадан өздігінен шығуына мүмкіндік беру қажет екенің, оларға әрқашанда сенім білдіру маңызды екенің түсінді. «Сыртқы реттеудеден», «өзіндік реттелуге» ілгерлеу біздің басты мақсатымыз екенің, соның нәтижесінде оқушы бойында өзіне деген сенімділікті, табандылықты, шыдамдылықты қалыптастыра алатынымызды түсінді.

Қорытынды. Рефлексия

Мұғалімдер өз ойларын, тілек, ұсыныстарын стикерге жазып қалдырды.


Болашақта айтқан ұсыныстарын ескере отырып, коучинг өткіземін.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее