«Осень 2024»

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы

Э.Т. Калыкова

Қараоба орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Ақтоғай ауданы, Павлодар қ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай, алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген еді.

Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген болатын.

Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін төмендегідей кешенді жоспар жасалды. Олар: мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кешен Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту барысында жасалатын іс-шаралардың мақсаттылығын, біртұтастығын және жүйелігін негізге ала отырып дайындалған.

Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы


Э.Т. Калыкова

Қараоба орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Ақтоғай ауданы, Павлодар қ.


Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай, алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген еді.

Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген болатын.

Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін төмендегідей кешенді жоспар жасалды. Олар: мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кешен Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту барысында жасалатын іс-шаралардың мақсаттылығын, біртұтастығын және жүйелігін негізге ала отырып дайындалған.

Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.

Жалпы, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

- белсенділік;

- шығармашылық тұрғыда ойлау;

- шешім қабылдай алу;

- өз кәсібін дұрыс таңдай алу;

- өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Ұлттық жоспардың мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері (механизмдері) нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынды. Олар:

- білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);

- оқыту нысандары мен әдістері;

- білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

- мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

- мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

- барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

- ата-аналардың балаларды оқытуы мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.

Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің нәтижесі біздің еліміз бойынша төмен нәтижелер көрсетіп тұр. Әлемдегі өзгерістерге сәйкес құндылықтар мен білім маңызын қайта қарауды қажет етеді. Осы мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің жұмыс жүйесіне өзгерістер енгізу керектігі туындап отыр. Соңғы кезде, ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40%-ы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті, олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақ параттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.

Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе, бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, 3-сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60%-ның өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті, түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтыны көрінеді. Елбасы Н.Ә.Назарббаев дұрыс айтады: «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет...». Сол себепті, келешек ұрпаққа жалаң білім беріп қана қоймай саналы, сапалы білім беру – басты мақсатымыз.

Ұлттық жоспарды іске асырудан күтілетін нәтижелер:

Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:

1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді.

2. Білім беру мазмұнын жаңартады.

3. Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді.

4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі.

5. Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады.

Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және функционалдық сауаттылығын дамуына мүмкіндік береді.

Озық ойлы адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда. Жаңа технологияның басты мақсатының бірі – баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Яғни, ғылыми негізде білім беру үшін жаңа технологияларды меңгере отырып, оны сабаққа енгізу мұғалімдер алдындағы өзекті мәселе екені анық.

Кез келген білім ордасының мақсаты мен мұраты алдыңғы қатардағы өркениетті елдердің қатарынан көрінетін, жер мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін сауатты, салауатты ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін үйретуі керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал, ел тағдыры, оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болған.

Білім беру жүйесі жыл сайын әр түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін функционалдық сауаттылық көмектеседі.

Бүгінгі мектептің басты міндеті – өзіндік ой-көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінінің дамуына басты кепіл болуды көздейді. Ойын еркін айтатын, сын тұрғысынан ойлануға бейім, интеллект қабілеті дамыған, қоғамдық өмірде өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру мектеп мұғалімдері үшін үлкен жауапты іс.

Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Мұғалімнің сабақ беру шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық мееңгерген жоғары деңгейлі оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үміттің ақталғаны, қарыздың өтелгені.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әрбір мұғалім үнемі ізденісте болса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.


















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

2. ҚР. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2010 жыл.

3. ҚР. Жалпыға міндетті білім берудің Мемлекеттік стандарты. /12 жылдық білім беру/ 2012 жыл.





































ТІРКЕУ ПАРАҒЫ


Тегі: Калыкова

Аты: Эльмира

Әкесінің аты: Табылдиновна

Ғылыми дәреже, атағы: -

Ұйым, лауазымы: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Қараоба орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Үй мекенжайы: Қараоба ауылы, Ш.Уалиханов көшесі 4.

Байланыс телефоны: 8 (71841) 40-090, 87779387738

Email: karaoba_12

Секция: Заманауи педагогикалық технологиялары және олардың мектептің білім беру үдерісіндегі рөлі

Баяндама атауы (толық атауы): Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы


Серия:

  • Мектеп мұғалімі.


Мен:

  • Сырттай қатысамын.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее