«Осень 2024»

Мерекелі,берекелді алтын күз.

Соққанда кейде дауылы Береке күздің жауыны Сол жауыннан өсіпті Бақшаның қарбыз-қауыны.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Алтын күз мерекесінің сценарийі

Алтын күз мерекесінің сценарийі
          
І ж
үргізуші:    Төңірек толы сары алтын
            К
үз келді туған жеріме
            Шуа
ғы нұрлы жайнаған
            Алтын к
үз әсем айналам

    Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, баршаңызды күзгі мейрамдарыңызбен құттықтаймыз.Құттықтай отырып бүгінгі біздің ортаңғы топтың «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:    Олай болса,
            Мерекесі халы
қтың
            Алтын к
үзді бастайық
             Алтын к
үзге арналған
            Ерте
ңгілігімзіді бастайық

Хор: «Ақ дастархан»

Ғажайып сәт:    Әуенмен залға күз келеді.
    -Саламатсызар ма балалар,саламатсыздар ма
қонақтар.Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймын.
    -Балалар  к
үз бізге өз өнерімен келіпті.Қандай өнер көрсетеді екен?

Жібек:    Жетті  желмен алтын күз
        Жемісін жинау салтымыз
        Жиып-теріп бол
ған соң
        Той жасайды салтымыз
        Мол
өнімді жинаймыз
        Елді
ң бәрін сыйлаймыз.

Сымбат:    Көк майсалы көрікті
        Ал
қаптағы көп егін
        Б
ұл күндері келіпті
        Сары жібек к
өйлегін.

Ару:        Күзім,күзім,күзім
        Пісті алма,ж
үзім
        Т
ұрғанда бәрін күз беріп
        Кел алайы
қ біз теріп.

 

Қ.Аружан:    Соққанда кейде дауылы
            Береке к
үздің жауыны
            Сол жауыннан
өсіпті
            Ба
қшаның қарбыз-қауыны.

Әсел:        Тамсандырып таңдайды
            Жеміс-жидек піседі
            Жапыра
қтар сарғайып
            Жер бетіне т
үседі.

І жүргізуші:    Балабақша бағында
            Сайра
ңдаймыз жанында
            На
қ өзіндей бүлдіршін
            К
өп достардың жанында,-деп,біздің кішкентай қыздарымыз сіздерге «Балабақша» әнін орындап береді. (Әсел,Аружан,Ө.Аяулым,Ару, Сымбат,Әсемай,Қ.Аяулым).

Ғаламат:    Күз жомарт қой қашанда
        Мол жемісін беретін
        Піскен
қарбыз,тәтті алма
        Балалар
ға керек қой.

Мағжан:    Күн шуаққа маужырап    
        Жатыр еді атырап
        А
ғаштарда жамырап
        
Ұшты кенет жапырақ.

Мади:    О,алақай,тамаша!
        Шашу шашты жапыра
қ
        Ба
қтың іші алаша
        Аунар ма еді жатып ап.

Дарын:    Жел тынымсыз гуілдеп
        Болып кетті тым б
ұзық
        Шуылдайды тал,терек
        Жапыра
ғын жұлғызып.

ІІ жүргізуші:    Күйекте күйлі мол қанша
            
Қырманда толы дән қанша
            Алтын к
үз әсем айналам
            
Қараймын көзім талғанша.

Келесі кезекте Хор: «Дақылдар әні».

Қ.Аяулым:    Қазан болды молшылық
            Д
әулет қорын қалады
            За
ңғар көкке жол сызып
            
Құстар қайтып барады.

Нұрай:        Алтын,сары,қызыл көк
            Алуан-алуан жапыра
қ
            К
үзгі бақта күлімдеп
            К
өз тартады атырап.

Диас:        Күздің қазан айында
            Алма,алм
ұрт піседі
            Жапыра
қтар сарғайып
            Сыбдыр-сыбдыр т
үседі.

Ө.Аяулым:    Көктемде егін егетін
            К
үзде жиып беретін
            Бізді
ң дала-бай дала
            Алтын асты
қ айнала.

І жүргізуші:    Ән: «Толқиды бидай».Орындайтын Алиакбар Жібек.

Ырғақ биі: (Думан-Қ.Аяулым
     Дарын-Аружан
                 Деис-
Әсемай
     
Әділет-Әсел
     Диас-Ару).

Жасұлан:        Шоғы толған гүлдей жайнап
            Жар
қырады жарқын күз
            Сайра
ңдадық  күліп ойнап
            Келді,міне,алтын к
үз.

Сұңқар:        Дала сары киінді
            Самал со
қты салқындау
            
Қырмандарға үйілді
            Алтын асты
қ,алтын тау.

 

Аятулла:    Берекелі сары күз
        Тамылжыды балбырап
        М
әуелі ағаш сары уыз
        Майысады албырап.

Нұржігіт:        Аспанда бұлт жөңкіген
            Д
үниеге сұр өң кірген
            Жылы жа
ққа құс кетті
            Жаз жо
ғалып,күз жетті.

ІІ жүргізуші:    Бақ өсіріп көрік беріп
            Жай
қалтамыз алқапты
            Алма,ж
үзім,өрік теріп
            Бізді
ң бақтан тарапты.

Келесі кезекте Хор: «Бағбандар жыры»

Әсемай:    Алма пісіп,алмұрт түсіп
        К
үзде бақтар жайнайды
        
Құстар қайтып қош айтысып
        
Қимас үнмен сайрайды

Гүлнұр:    Қамба толы астыққа
        Ал
ғыс саған алтын күз
        Бір уыс д
ән шаштық та
        
Қап-қап бидай алдық біз

Айгерім:        Күн мұңайып тұр бүгін
            
Қыс ызғары келеді
            
Құс шуласа бір-бірін
            Жо
ғалтпасақ дегені

Денис:    Құстар қайтты ән салып
        Б
ұлт шарлады аспанды
        
Қыс келеді жар салып
        К
үзгі суық басталды.

І жүргізуші:    Қуанышқа бөленген әр күніміз
Ба
қыттымыз балалар барлығымыз
Ән шырқайық көтеріп көңілдерді
А
қ көгершін әніне кезек беріп.
Ән: «Ақ көгершін». Ғалымбек Думан.

Келесі кезекте мың бұралған бишіліерімізді ортаға шақырайық.
Би: «
Өзбек биі» (Жібек,Нұрай,Б.Аяулым,Әсел,Сымбат.)

Перизат:    Алтын нұрдай тамшылап
        Жапыра
қтар төгіліп
        Бізді
ң өмір таң шуақ
        Бізді
ң өмір көңілді.

Нұрислам:    Жапырақ ұшты
            Суы
қ та түсті 
            Сонда да бізге
            
Қызық көп күзде

Әділет:        Бақ өсіріп көрік беріп
            Жай
қалтамыз алқапты
            Алма,ж
үзім,өрік теріп
            Бізді
ң бақтан тарапты.

Ойын:    «Кім жылдам?»

ІІ жүргізуші:    Бас қаласы елімнің 
            Астанасы жерімні
ң 
            Б
әйтерекпен танылған
            Ол Астанам бас
қалам-деп келесі кезекті әнге берейік.
«Ел ж
үрегі -Астана» (Әділет,Нұржігіт,Сұңқар,Диас,Дарын,Мағжан,Ғаламат.)


Алтынай:    Қыстың жақын қалғанын
            Жапыра
қтар білгендей
            Желмен
ұшып барады
            Жерге
қонып үлгермей.

Б.Аяулым:    Жапырақтар жамырап
            Сай
ға барып бекінді
            Анасынан ажырап
            
Қалған бала секілді



Думан:    Ерекше күз келді
        Айнала сары ала
        Комбайн ж
үзеді
        Тол
қыған далада

        Тазартса бірі дән
        Тиейді бірі асты
қ
        
Қырманға осы сән
        К
үзге бұл жарастық

        Шоферда болмайды
        Тыны
ғу жату да
        Тасиды бидай да
        
Қойма элеваторға.


Би: «Қазақ биі» (Жібек,Ө.Аяулым,Нұрай,Алтынай)

І жүргізуші:    Апортқа алма жетпейді
        К
үллі әлем сүйсінген
        Д
әмі аузыңнан кетпейді
        Хош иісі
үйіңнен-,деп келесі кезекте 
Хор: «Апорт деген т
әтті алма».

    Құрметті ата-аналар,қонақтар,баршаңызды тағы да күз меркесімен құттықтаймыз.Осымен бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар

 

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее