«Осень 2024»

«Мен отбасыммен мақтанамын» атты өнегелі отбасыларының жастарымен кездесу кеші

Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету. Күтілетін нәтиже: Ата - ана мен баланың өзара қарам - қатынасы жақсы, бір - бірін түсіне алатын, үлгі бола алатын отбасы.

Олимпиады: ОБЖ 5 - 11 классы

Содержимое разработки



«Мен отбасыммен мақтанамын» атты өнегелі отбасыларының жастарымен кездесу кеші

Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Ата - ана мен баланың өзара қарам - қатынасы жақсы, бір - бірін түсіне алатын, үлгі бола алатын отбасы.

Жоспары:
1. Кіріспе. Баяндама. «Ата - ана махаббаты».
2. «Мен отбасыммен мақтанамын» пікіралысу.
3. «Үшеуіміздің суретіміз!» тренингі.
4. «Сұраңыз - жауап береміз» жаттығуы.
5. Қорытынды.

Барысы:
1. Баяндама. «Ата - ана махаббаты».
Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп - инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым - қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата - аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата - ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

2. «Мен отбасыммен мақтанамын» тақырыбында пікіралысу.
- Отбасы дегеніміз не? Оның құрамы?
- Менің отбасым....
- Менің отбасымның жетістіктері...
- Отбасым менің мақтанышым...
3. «Үшеуіміздің суретіміз!» тренингі.
Суретті бір - бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
3. Бір - біріңізді қалай түсіндіңіз?
4. Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
4. «Сұраңыз - жауап береміз» жаттығуы.
Бұл жаттығуды орындау барысында әр қатысушы өздеріне қарама - қарсы жыныс өкілінен қыз бен ұл арасындағы қатынас жайлы пікірлері мен көзқарастары қандай екені туралы пікірлерін салыстырып талдайды. Ұл балалар бұл сұрақты қыздар қалай талқылайтыны туралы өз пікірлерін, ал керісінше қыздар ұл балалар пікірін өзінше талдайды.
Әр қатысушы парақ бетіне бір сұрақтан жазады. Сұрақ тақырыптары - ұл балалар мен қыз балалардың қатынасы және кездесу. Мысалы, кездесу кезінде не істеуді ұнатасың? Біреуге ұнайтыныңды қалай білесің? Ұл балалардың (қыз балалардың) киім киісінің қандай стилі ұнайды?» Ер балалар мен қыз балалар топтары екі жаққа тарайды да біріге отырып сұрақтар тізімін жасайды. Әр сұрақ жеке параққа жазылып, парақтар екі қорабшаға немесе кәрзеңкеге салынады. Сұрақтарды талқылауды қыздар бастайды. Біріншіден, қыз балаларда сөйлеу әрекеті жақсы дамыған, сұрақтарды талқылау бірден қызықты пікірталасқа айналады. Екіншіден, жеткіншек қыз балалар ұл балаларға қарағанда «ересектеу» болып саналады. Демек қыз балалар, ұл балаларға үлгі бола алады.
Қыз балалар жерге шеңбер бойымен отырады, ал ұл балалар олардың артына орындықта отырып, пікірталасты бақылап отырады. Қыздар кезекпен сұрақтарды бір - біреуден қорабшадан шығарып, оны дауыстап оқып, талқылайды және оған жауап береді. Егер ұл балалардың біреуі бір нәрсені нақтылағысы келсе, қолын көтеріп, сөз берілгенше күтеді. Сұрақтардың барлығы талқыланғаннан кейін, ұл балалар ортаға отырып қыз балалардың сұрақтарын талқылайды, ал қыздар болса жетекшілер рұқсат бергенше сөйлей алмайды.
5. Қорытынды:



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее