«Осень 2024»

М.Жұмабаев "Батыр Баян"

Поэманың мазмұнын меңгере отырып, өзіндік тұжырым жасауға, жалпы болжам жасап, ой қорыта білуге үйрену.

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки

Акмолдаева Жулдыз Кабдешовна

Талдықорған қаласы

А.С.Макаренко атындағы №6 ОМ

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы

Мақсаты: Поэманың мазмұнын меңгере отырып, өзіндік тұжырым жасауға, жалпы болжам жасап, ой қорыта білуге үйрену.

Күтілетін нәтиже:

А – поэманы оқып, мазмұнын түсіну;

В – кейіпкерлерімен танысып, құрылымдық талдау жасау;

С – жырды оқып бағалап, мақсатқа тек батылдық пен еңбекқорлықтың арқасында жетуге болатынын түсіну.

Сілтеме: 8-сынып қазақ әдебиеті оқулығы

Дереккөздер мен жабдықтар: оқулық, интербелсенді тақта, бейнебаян, ғаламтор, флипчарт, стикер

І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық ахуал қалыптастыру

2. Бой бойынша сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. Қарсылас топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бас бармақ», «Бағдаршам» әдістері арқылы бағалайды.

ІІ.Үй тапсырмасы

М.Жұмабаев «Түркістан» өлеңі

1.Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұндау

2.Өлеңнен үзінді жаттау

Үй тапсырмасын бекіту

1.Жалқы есімдер дегеніміз не?

2.Өлеңнен жалқы есімдерді табу

1-топ өзен-көл атаулары

2-топ тау атаулары

3-топ  адам есімдері

Шығатын қорытынды.

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

  • Балалар, XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мағжанды қай қырынан білесіңдер?

Ақын

Прозашы

Ұстаз-ғалым

Аудармашы

Қоғам қайраткері

Өлеңдері:

Өмір”,

Анама,

Сырым, От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жаралы жан”, “Айға”, т.б.

Поэмалары:

Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбай- дың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”, т.б.

 

«Шолпан-ның күнәсі»

 Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926),  “Педагогика” (1922) еңбектері. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектері 

Лермонтовтың «Тұтқын», «Сарғайып келген егін толқынданса»,  Кольцов-тың «Шалдың үміті», Горькийдің «Күн шығады да батады», Мятловтың «Бұтақ», Дмитриевтің «Дәрігер», Гетенің «Орман патшасы», «Айрылдым сенен жан сәулем», Гейненің «Екі бетің сұлу қыз», «Күннің батуы», Абу Фирастың «Жау жеңді...»

Ақпан революцясынан кейін Мағжан Жұмабаев Алаш партиясының облыстық комитетінің құрамына кірді. Оренбургтегі Екінші Бүкілқырғыздық құрылтайда Ахмет Байтұрсыновпен бірге оқушыларға арналған кітаптар шығару комиссисының мүшесі болып тағайындалды. 








ІІІ.Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы. Мақсаты: Поэманың мазмұнын меңгере отырып, өзіндік тұжырым жасауға, жалпы болжам жасап, ой қорыта білуге үйрету.

Поэманың мазмұнын меңгермес бұрын мына тапсырмаларды орындасаңдар. Музыка қосу.

1-топ «Батыр» сөзін орыс, ағылшын тіліне аудару. Омоним, синоним, антонимдерін жазу (Ғаламтормен, сөздікпен жұмыс).

2-топ Батыр баян туралы дерек жинау (Ғаламтормен, энциклопедиямен жұмыс).

3-топ Қалмақ халқы туралы дерек жинау (Ғаламтормен, энциклопедиямен жұмыс).

1. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы туралы бейнебаян

2."Батыр Баян " фильмінен үзінді

3. Мұғалім сөзі

XVIII ғасыр – қазақ тарихындағы ел тағдыры сынға түскен түйінді кезең. Бұл атамекенді жат жерлік басқыншылардан азат ету жолындағы Отан соғысында Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай сынды қолбасшылардың бастауымен бір жұдырықтай түйілген батыр бабалармыздың жанқиярлық ерлік өнегесін тарих беттеріне өшпестей етіп қашаған кезең еді.

Поэма сюжеті XVIII ғ. қазақ-қалмақ арасындағы аласапыран, қиын- қыстау күрделі заманды бейнелеп, ұлт азаттығы, халық бостандығы жолында жан аямай күрескен, тарихта болған Баяндай батырдың басына құрылады. Сондықтан Мағжан қазақ азаматтарына әрі сын тағып, әрі ауыр міндет жүктеп, олардың алдына Абылай хан мен Батыр Баянды идеал етіп ұсынады. Олардың ерлік, даналық, адамдық істерін санада, жүректе жаңғыртады.

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту

«Батыр Баян» поэмасы бойынша талдау жұмыстарын жүргіземіз.

1-тапсырма. Шығарманың құрылымы бойынша постер қорғату

Поэмамен таныса отырып, шығарманың құрылымы бойынша постер қорғату арқылы поэма мазмұнын есте сақтату.

І топқа – оқиғаның басталуы, дамуы

ІІ топқа – оқиғаның шиеленісуі, шарықтау шегі

ІІІ топқа – шешімі.

2-тапсырма. «Кейіпкерді таны».

Топ сызба дайындайды, сол сызба бойынша әр кейіпкерге мінездеме береді. Жауаптарын поэманың жолдарымен дәлелдеп отырады. Жырдың образдар жүйесіне талдау жасау.

1-топ Батыр Баян

2- топ Қалмақ қыз

3- топ Ноян 

3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс «Кейіпкерге хат».

Әр топ өз  кейіпкерлеріне хат жазады  (Кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін қолдап немесе ақыл-кеңес беріп, өз пікірлерін білдіреді.)



Ү.Қорытынды

1. Елжандылық сезім туысқаншылық сезімнен биік болу керек пе?

2. Бүгінгі қоғамдағы адамдардың бойынан осы қасиеттер табыла ма?

3. Автордың орнында болсаңдар, дастанды қалай аяқтар едіңдер?

4. Поэманың бүгінгі таңда қандай маңызы бар? (Лаңкестер туралы мысалдар келтіру).

ҮІ.Бағалау

ҮІІ.Үйге тапсырма: шығармадан ақын монологін тауып жаттау, «Батыр Баян» көркем фильмін көру, поэмамен салыстыру.

Рефлексия

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға.
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Қайталанбас тұлға Мағжан өлеңімен сабағымызды аяқтаймыз.





























«А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебі МДШО» мемлекеттік мекемесі




Ашық сабақ

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы















Талдықорған қаласы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее