«Осень 2024»

"Латын әліпбиіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам…" мақала

Латын әліпбиіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам… мақала. Барлық адамдарға қатысты.

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Латын әліпбиінекөшу — тілімізүшін жасалған игі қадам…


"Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын жоба біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарынан бастауымыз керек", — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Мәңгілік ел» болып қалыптасу –жарқын болашаққа бастар жол болса, латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы.

Азияның кіндігінен ойып тұрып орын тепкен, бүгінде бірнеше елдермен бәсекелестік орнатып,  терезесі тең тұрған, 18 миллион халқы бар бүтіндей бір мемлекетті бір ғасыр бойы қолданып келген «кирилл» қаріпінен латын әліпбиіне көшіру – бір айда немесе бір жылда жүзеге аса салатын оңай іс емес. Мұндай үлкен жобаны іске асыру үшін біршама уақыт пен еңбектің қажет екендігі белгілі.

Қазақ тілі-халқымыздың тарихымен астасып, тірлігімен тыныстап жатқан тіл.Тілдің құндылығы тереңде жатыр. Ол қоғам рухын, мәдениеті мен ұлттық кодын білдіреді. Қазақ тілінің латын графикасына көшу мәселесі ұлтты дамытудың объективті факторы.Латын –әлем өркениеті мен техникалық прогрестің әліпбиі.

Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Біздің еліміз латын қарпін іс-қағаз құжаттарында, әдебиет,мәдениет және басқа да барлық салаларда 1929-1940 жылдары пайдаланылғаны тарихтан белгілі.

Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар е әрпі созылыңқы және қысқа айтылуына байланысты мысалы: Liber - тәуелсіз, Liber – кітап сөздердің мағыналары өзгереді.

Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны баршамызға тайға таңба басқандай белгілі.

Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған еді.

Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: біріншіден—араб әліпбиі (1929 ж. дейін),

екінші—латын әліпбиі (1929-1940 жж.),

үшіншісі—кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі (1940 жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз).

(Латын графикасына байланысты пікірталастардың басталуы)

Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі . Бүгінгі күнге дейін Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда ойларын да айтып бөлісті. Айта кетсек, солардың бірі - филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің пікірі: «Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды – деп айтты.

Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсақ, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы.Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз.

Қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да, яғни жаңартылған білім мазмұны осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосады деген ойдамын. Оған дәлел, бастауыш буыннан бастап тілдің үш тұғырлығының басымдығының бастау алуы.

Біздің бейбіт және көпұлтты қазақстанымызда мемлекеттік тілді өркендету үшін латын әліпбиіне көшу –рухани жаңғыру көрінісі болмақ. Сол арқылы бабалар мұрасын сақтап, дамыған отыз елдің қатарына ену үшін жаңа көкжиекке жол ашамыз.Тіл адам санасына бағыт береді, оның өмірлік тәжірибесін қалыптастырады.Латын әліпбиіне көшу арқылы әлемдік ғылымның, инновациялық және ғылыми-техникалық прогрестің игілігін еркін меңгеруге ықпал ететін болады, сол себепті барлық қазақстандықтар ұрпақ болашағы үшін осы реформаны қолдауы керек.

Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор.

Латын әліпбиіне көшу,сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек. Латын әліпбиіне көшу-қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне , болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз.Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздің дыбыстық жүйелерін нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.Сондықтан біз үшін , болашақ еліміз үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.
«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», - деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда. Ендігі кезекте, Мемлекет басшысы атап өткендей, ғалымдардың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы қабылданып, әдістемелік жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті болмақ.  
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз— қорқақ, қол—батыр», - деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанып нақты нық қадаммен алға басайық!


«С.Сейфуллин атындағы

7мектеп-гимназиясы»КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Батталова Алия Омиржановна






















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее