«Осень 2024»

Коучингтің тақырыбы: «Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары»

Коучингтің тақырыбы:

«Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары»

Коучингтің мақсаты :

оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдарын таныту және PISA бағдарламасы бойынша мұғалімдерге оқушының оқу сауаттылығын арттыруда коллаборативті орта, дағды қалыптастыруына бағыт беру.

Міндеттері:

1. PISA халықаралық зерттеулері туралы ақпарат беру,

PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны,бағдарламаның негізгі идеялары туралы рефлексивтік ойлату

2.Жеке тұлғаға бағытталған ынтымақтастық оқудың, белсенді оқытудың маңыздылығы,қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегияларды қолдануға қадам жасау;

3.Ұстазға өзінің педагогикалық тәжірибесі туралы ойландыру, мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіруге, ынтымақтастық оқу мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету;

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки






Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы

Қараоба орта мектебінің

I деңгей бойынша сертификатталған мұғалімі

Уакбаева Айман Темиргалиевнаның

«Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын

арттыру жолдары» атты коучингінің жоспары





























 Коучингтің тақырыбы:

    «Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары»  

 Коучингтің мақсаты :

оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдарын таныту және PISA  бағдарламасы бойынша мұғалімдерге  оқушының оқу сауаттылығын арттыруда коллаборативті орта, дағды қалыптастыруына бағыт беру.

Міндеттері:

1. PISA халықаралық зерттеулері туралы ақпарат беру,

PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны ,бағдарламаның негізгі идеялары туралы рефлексивтік ойлату

2.Жеке тұлғаға бағытталған ынтымақтастық оқудың, белсенді оқытудың маңыздылығы,қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегияларды қолдануға қадам жасау;

3.Ұстазға өзінің педагогикалық тәжірибесі туралы ойландыру , мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіруге , ынтымақтастық оқу мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету;

4. PISA – 2018 дайындық, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің    оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдарын анықтау









Глоссарии

Белсенді оқу - Белсенді оқу / Активное обучение / Active learning – педагогикалық (дидактикалық), сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқару құралдарын кеңінен және мүмкіндігінше кешенді пайдалану арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметін жан-жақты жандандыруға бағытталған оқу үдерісін ұйымдастыру және жүргізу.
Белсенді оқу әдістері / Методы активного обучения / Active learning methods – оқу материалын өз бетінше, бастама жасай отырып, шығармашылықпен игеруде оқушылардың оқу үдерісіне толыққанды ойлану арқылы тартылуын көздейтін әрекеттер мен амалдар. Белсенді оқу әдістеріне дебат, пікірталас, рөлдік ойындар, жоба жүргізу, т.б. жатады.

Ынтымақтастық - Ынтымақтастық / Коллаборативный / Collaborative (ағыл. collaborate – ынтымақтасып қызмет ету/ынтымақтасу) - бірлескен; ынтымақтастықта жүзеге асқан.

Ынтымақтастық оқу - Ынтымақтастық оқу / Коллаборативное обучение (обучение в сотрудничестве) / Collaborative teaching and learning - бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген

Топтық жұмыс - Топтық жұмыс / Групповая работа / Group work - білім алушыларды оқу тапсырмасын бірлесіп орындау үшін бірнеше жұмыс топтарын (5-6 адамнан артық емес) құру арқылы ұйымдастыру нысаны. Бұл бірін де сырт қалдырмай барлық оқушыларға жұмысқа қатысып, ынтымақтастық, басқа адаммен қарым-қатынас жасау дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.


     «Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары»  

коучингінің жоспары

2017 жыл

1апта

2күн

Коучинг тақырыбы:

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары

 


Мақсат:

оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдарын таныту және PISA  бағдарламасы бойынша мұғалімдерге  оқушының оқу сауаттылығын арттыруда коллаборативті орта, дағды қалыптастыруына бағыт беру.

Міндеті:

1. PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны ,бағдарламаның негізгі идеялары туралы рефлексивтік ойлау, PISA – 2015 халықаралық зерттеулері туралы ақпарат беру

2.Жеке тұлғаға бағытталған ынтымақтастық оқудың, белсенді оқытудың маңыздылығы,қазақ тілі мен әдебиеті сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегияларды қолдану;

3.Өзінің педагогикалық тәжірибесі туралы ойландыру , мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіруге ,ынтымақтастық оқу мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету;

4. PISA – 2018 дайындық, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің    оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдарын анықтау

Тренингтер мен  ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі.


Сілтеме:

1.PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мұғалімнің жұмыс дәптері

«Мектеп оқушыларын функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған» ұлттық іс-қимыл жоспары

 Күтілетін нәтиже

     1.Қатысушылар белсенді оқыту стратегиясын қолдану жолдарымен танысады
     2.  Мектеп оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқу сауаттылығын дамыту үшін, белсенді оқыту стратегиясын қолдануды меңгереді.
   
3.PISA тапсырмаларын  топтық жұмыста шешімін анықтауға  үйренеді,бағдарлама негізінде мәтінді жаңа форматта талдауға үйренеді,тәжірибесінде пайдалануға қадам жасайды.    

Түйінді идеялар:

Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін өмірде қолдана алуына бағыттау.   Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдарын білу

Сабақта қолданылатын материалдар:

 А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, бағалау парақтары,маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары.

Оқыту әдістері:

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету/СТОҮ/

Көшбасшылық/К/

1.Коллаборативті орта

2. Диалог

3. Жеке жұмыс

4. Топтық жұмыс

5 Белсенді оқыту әдістері стратегиялары.

Тапсырмалар:

 Трениг, ой шақыру , постер қорғау, стратегиялар, бағалау парағы,  өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия



Коучинг сессиясының өту барысы

Уақыт

Коучтың іс-әрекеті

Коучингке қатысушы мұғалімдердің іс-әрекеті




«Таңғалдыра таныстыру»

тренингі

(3 мин)

Коучинг сабақтың қатысушыларымен сәлемдесу.

-Армысыздар,құрметті әріптестер! Өз-өзімізге , бір-бірімізге қошемет көрсетейік! Коучингқа қатысушылар, Сіздерге сәттілік тілеймін!

І.Мұғалімдерге психологиялық жайлы ахуал туғызу ,танысу

"Жүздің түсін білгенше ,бірдің атын біл "дейді дана халқымыз,сондықтан қазір біз

«Таңғалдыра таныстыру»

тренингін өткіземіз.

Бұл-қатысушылардың бір-бірін ұмытпастай есте сақтауына көмектесетін және оның қызықты мәліметтерді ортаға салу мүмкіндігін ашатын тренинг.Тренинг шартымен таныстырады.Шарты: Әрбір қатысушы өз есімін айта отырып,соған қоса өзін ерекше таныстыруы шарт (таңқалдыратын мәлімет айту,тосын сырымен бөлісу,тартымды қимыл жасау,т.т.)





Шапалақпен қошемет көрсетеді







« Таңғалдыра таныстыру » тренингіне қатысады.

Шеңбер болып тұрады, әрбір қатысушы өз есімін айта отырып,соған қоса өзін ерекше таныстырады.

Әр қатысушы әріптестеріне өзі туралы таңқалдыратын мәлімет айтады,не тосын сырымен бөліседі не тартымды қимыл жасайды,т.т.)

Қалған қатысушылар өзін таныстырушы мұғалімге осы бағытта көтеріңкі көңіл күй одағайларымен көтермелей қолдау көрсетеді.

(2 мин)

 

 

Шартты белгі арқылы коучингтің тақырыбы, мақсатымен таныстырады

Коучингтің тақырыбы , мақсатымен танысады

"Сөз таптары"

/ қатысушыларды топқа бөлу/

2 мин





















Ой шақыру

3 мин

"Сөз таптары" әдісі арқылы

Қатысушыларды топқа бөледі.Шарты:"Сөз таптары " дегенде барлығын араластырып отырғызады.Кейін мұғалімдерге берілген жапырақ,қызғалдақ сөзінен біреуіне зат есім, біреуі сын есім, біреуі есімдік, біреуі етістікті құрап , жеке-жеке жаздырады."Сөз таптары " топқа келесі тәсілмен бөлінеді: "Зат есім" дегенде зат есімдер орындарын ауыстырып, біртоп құрайды, "Сын есім" дегенде сын есімдер ауысады, т.с."Есімдік" бір топ,етістік бір топ құрайды. Қатысушыларды

4 шағын топқа бөлу

11-топ "Зат есім"

22-топ"Сын есім"

33- топ."Есімдік"

44- топ."Етістік"

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері,жолдарын ата

РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:

  • білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);

  • оқыту нысандары мен әдістері;

  • білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

  • мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

  • мектепті басқару моделі

  • барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру

ортасының болуы;

  • ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.

Қорытынды: оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытудың басты жолы белсенді оқыту әдісі мен оқытудың белсенді стратегияларын ұжыммен жұмыс жасауды жүргізуде, бірлесіп мәселені шешуде және оқушыларды PISA бағдарламасы бойынша тестке дайындауда қолдану

  • Мәселені коллаборативті шешу Оқытудың белсенді стратегиясы – дегеніміз оқушыға құбылысты тәжірибе арқылы түсінуге дағдыландыру

мүмкіндік беретін, сыни ойлау арқылы түсінуге, мәліметті талдауға мұғалім қолданатын құрал.Тындаушыларға түсіндіру, біз сабақ кезінде бірнеше белсенді стратегияларды қолданып отырмыз, сіздер өз сабақтарыңызда да осы белсенді стратегияны қолдануға болады.



Стратегия: «Коллаборативті мәселені шешу»

Тапсырма:Сіздер пайдаланатын белсенді оқыту стратегияларды айтып беріңіз.

(әр белсенді оқыту стратегиясын жеке стикерге жазып, оның әдістемесін түсіндіріп беріңіз).




"Сөз таптары" әдісі арқылы

4 топқа бөлінеді.

"Сөз таптары " дегенде барлығы араласып отырады.Кейін мұғалімдерге берілген жапырақ,қызғалдақ, сөзінен біреуіне зат есім, біреуі сын есім, біреуі есімдік, біреуі етістікті құрап , жеке-жеке жазады.Сөз таптары "Зат есім" дегенде зат есімдер орындарын ауыстырып, бір топ құрайды, "Сын есім" дегенде сын есімдер ауысады,"Есімдік" бір топ,етістік бір топ құрайды. Қатысушылар 4 шағын топқа бөлінеді

11-топ "Зат есім"

22-топ"Сын есім"

33- топ."Есімдік"

44- топ."Етістік"

.Жауап береді/үлестірме материал /

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері,жолдарын атайды

Сыни тұрғыда ой қозғау.Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары қандай, не істеу қажет? деген сұраққа жауап айтады.

Топ мүшесі қорғайды оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытудың басты жолы белсенді оқыту әдісі мен оқытудың белсенді стратегияларын ұжыммен жұмыс жасауды жүргізуде, бірлесіп мәселені шешуде және оқушыларды PISA бағдарламасы бойынша тестке дайындауда қолдану



Сабақ кезінде бірнеше белсенді стратегияларды қолданамыз, сіздер өз сабақтарыңызда да осы белсенді стратегияны қолдануға болады.






















Мәтінмен жұмыс жасау стратегияларын

PISA халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау аясында жұмыс жасау стратегияларымен бөліседі,

әр топ өз стратегиясын қорғайды,қолдану жолдары көрсетеді


Тапсырманы орындайды

Мәтінмен жұмыс жасау стратегияларын

әр белсенді оқыту стратегиясын жеке стикерге жазып, оның әдістемесін түсіндіріп,көрсетіп береді











1- топ

Стратегия: «Тарелканы беріңіз»

5 мин

Стратегия: «Тарелканы беріңіз»

  • Тыңдаушыларды 5 топқа бөлу (жаңа топ құрастыру).

  • Әрбір топқа қағаздан жасалған тарелканы беріңіз.

  • Ол тарелканың арғы бетінде стратегиялар жазылып тұру керек:

  • 1 «Ойланамын - жұп таңдаймын - Бөлісемін», «Нұсқаулыққа диалогты көзқарас», «Миға шабуыл», «Ыстық картоп», . Әрбір топқа стратегиялар жазылған түсті маркерді беру керек және осы түсті маркермен тарелканың келесі бетінде өз талқылауларын жазу қажет.

  • Тыңдаушылар тағайындалған стратегия туралы ойлауын және стратегияларды PISA бағдарламасының оқусауаттылығы үшін құзіреттілікке байланысы қандай екенін сұрау қажет.

  • Тыңдаушыларға топ ішінде талқылауды сұраймыз, осы стратегияларда қандай құзіреттілік мен дағдыларын қолдануға болады және осы дағдыларын қалыптасуына бұл стратегиялар қалай мүмкіндік туғызады.

  • Тыңдаушылар өз талқылауларын тарелкаға жазады.

  • Тыңдаушыларға 5 минут уақыт береміз, одан кейін топ өз тарелкасын басқа топқа беруіне жағдай жасаймыз. Барлық топтың тарелкаға қосу мүмкіндігінін күтеміз.

  • Тыңдаушылар тарелканы бастауыш топқа кері қайтаруына жағдай жасау. Жаңа толықтыруларды қарауға бірнеше минут береміз.


Үлестіру материалы: Тарелканы беріңіз

  • Осы стратегияларда қандай құзіреттілік пен дағдыларын қолдануға болады және осы дағдылардың қалыптасуына бұл стратегиялар қандай мүмкіндік туғызады.



Стратегия: «Тарелканы беріңіз»

Қорытынды: Коллаборативтік шешім дегеніміз - жағдайды бірге, интерактивті, дуальдық үдерісте шешу, жағдайды анықтау, сонымен қатар оқушылардың өзара қарым-қатынаста болуы арқылы ақпаратты алмасу мен әлеуметтік үдерісті реттеу. Бұл кешенді үдеріс олардың бірізділікпен, нақты топпен бірге шешім қабылдауды қарастырады.


2- топ

«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар» стратегиясы

5 мин








«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар» стратегиясы

Оқушылар мәтінді өз бетінше оқиды. Оқып болған соң мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Жіңішке” сұраққа қарапайым сұрақтар жатады: Кім? Не? Қашан? Дұрыс па? Қайда?, т.с.с.

Жуан” сұрақтарға салыстыруды, талдауды, жинақтауды, бағалауды қажет ететін сұрақтар жатады: Түсіндір, неге олай деп ойлайсың? Айырмашылығы неде? Неге ұқсас келеді?, т.с.с.

Сұрақтарды кестеге рәсімдеуге болады. Бұл әдіс оқушыларға сұрақтарды сауатты қоюға және сұрақтардың күрделілік деңгейін түсінуге үйретеді.


«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар» стратегиясын көрсетеді

Оқушылар мәтінді өз бетінше оқиды. Оқып болған соң мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

.


3- топ

«Ақылды үкілер» стратегиясы


5 мин

«Ақылды үкілер»

стратегиясы

Оқушыларға материалмен өз бетінше танысу ұсынылады. Мәтін бойынша жұмыс жеке, жұптық немесе топтық түрде ұйымдастырылуы мүмкін. Әрбір оқушыға (немесе топқа) мәтіндегі ақпаратты өңдеу мақсатындағы нақты сұрақтары мен тапсырмалары бар жұмыс парағы ұсынылады. Мәтінді өңдеудің түрлі амалдары «Ақылды үкілер» педагогикалық техникасы деп аталады.

Мәтінмен жұмыстың бастапқы қадамдары.

Мәтіндегі негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретпен жазыңыз.

Күтілмеген ақпарат.

Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің алғашқы пікірлеріңізге қарама-қайшы келетін ақпаратты табыңыз.

Соңғы жаңалық.

Сіз үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазыңыз.

Ең негізгі өмірлік даналық.

Бір сөйлеммен мәтіннің (мәтін тарауларының) негізгі ойын келтіріңіз. Екінші нұсқасы: әрбір тараудың қай сөйлемі негізгі болып табылады, қай сөйлемдер түйінді болып табылады?

Белгілі және белгісіз.

Мәтіннен сізге бұрыннан белгілі және бұрын белгілі болмаған ақпаратты табыңыз.

Иллюстративті бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет, схема, карикатура және т.б. арқылы бейнелеңіз.

Мағыналы қорытынды.

Оқығаннан алдағы өмірде және қызметте пайдалы болатын қорытынды жасауға болады ма?

Талқылау үшін маңызды тақырыптар.

Мәтіннен ерекше көңіл бөлуге және сыныпта талқылауға тұрарлық тұжырымдарды табыңыз. Әрі қарай жұмыс нәтижелерін талқылау ұйымдастырылады. Мұнда келесі қадамдарды белгілеуге болады: қосымша ақпарат іздеу, жеке оқушылар немесе топтар үшін үй тапсырмалары, шешілмеген проблемаларды анықтау, жұмыстың кейінгі кезеңдерін белгілеу.



«Ақылды үкілер» стратегиясын түсіндіріп іс жүзінде көрсетеді

Оқушыларға материалмен өз бетінше танысу ұсынылады. Мәтін бойынша жұмыс жеке, жұптық немесе топтық түрде ұйымдастырылуы мүмкін. Әрбір оқушыға (немесе топқа) мәтіндегі ақпаратты өңдеу мақсатындағы нақты сұрақтары мен тапсырмалары бар жұмыс парағы ұсынылады. Мәтінді өңдеудің түрлі амалдары «Ақылды үкілер» педагогикалық техникасы деп аталады.

Мәтінмен жұмыстың бастапқы қадамдары.

Мәтіндегі негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретпен жазыңыз.

Күтілмеген ақпарат.

Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің алғашқы пікірлеріңізге қарама-қайшы келетін ақпаратты табыңыз.

Соңғы жаңалық.

Сіз үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазыңыз.

Ең негізгі өмірлік даналық.

Бір сөйлеммен мәтіннің (мәтін тарауларының) негізгі ойын келтіріңіз. Екінші нұсқасы: әрбір тараудың қай сөйлемі негізгі болып табылады, қай сөйлемдер түйінді болып табылады?

Белгілі және белгісіз.

Мәтіннен сізге бұрыннан белгілі және бұрын белгілі болмаған ақпаратты табыңыз.

Иллюстративті бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет, схема, карикатура және т.б. арқылы бейнелеңіз.

Мағыналы қорытынды.

Оқығаннан алдағы өмірде және қызметте пайдалы болатын қорытынды жасауға болады ма?

Талқылау үшін маңызды тақырыптар.

Мәтіннен ерекше көңіл бөлуге және сыныпта талқылауға тұрарлық тұжырымдарды табыңыз. Әрі қарай жұмыс нәтижелерін талқылау ұйымдастырылады. Мұнда келесі қадамдарды белгілеуге болады: қосымша ақпарат іздеу, жеке оқушылар немесе топтар үшін үй тапсырмалары, шешілмеген проблемаларды анықтау, жұмыстың кейінгі кезеңдерін белгілеу.



4-топ

«Кестені толтыр» стратегиясы



5 мин

«Кестені толтыр» стратегиясы



Оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Кесте 4 бағаннан тұрады:

  1. Мәтін ішінен түйінді сөздерді теріп жазу.

  2. Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау.

  3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

  4. Мәтіннің ішінен негізгі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жазу.


«Кестені толтыр» стратегиясын орындайды



Оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына берілген мәтін бойынша арнайы кестені толтырады.




Бағалау

«Үшбу хат»

(5 мин)  

 

 

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары бойынша  әріптесіне «Үшбу хат»

Бұл тапсырма негізінен адамның ішкі толғанысына құрылған ой-түйіндерін қағазға түсірту мүмкіндігі.

Жұмыс әр адамның өзі сенетін жанға (сүйікті әріптесіне),болашағына хат жазу формасында ұйымдастырылады. Жазылғандарды кіші топтарда оқыту

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары туралы әріптесіне ұсыныс

  • Топта бірлесе отырып, оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары туралы  әріптесіне «Үшбу хат» жазады,оқиды

  • мысалы

  • Мектеп оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сауаттылығын дамыту үшін үнемі ,жүйелі түрде белсенді оқыту стратегиясын қолдану.

  • Оқушыларды PISA халықаралық зерттеулеріне дайындауда мәселелерді коллаборативті шешуге дағдыландыру.

Сабақтарды зерттеу сабағы түрінде өткізу


     Кері байланыс «Тазалық» тәсілі

5 мин

Сабақ соңындағы кері - байланыс

Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін  «Тазалық» тәсілі арқылы теориялық білімді  меңгергенін бақылаймын.

Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» тәсілі
Қатысушыларға бір парақ және стикерлер беріледі. Бір парақта мыналар салынған:
Чемодан(суреті)

қоқыс жәшігі (суреті)

еттартқыш (Суреті)

«Тазалық» тәсілінің шарты:


1.Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар),

2.Бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар).

3.Бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)


Стикердің біреуін  3 суреттің таңдағанына Чемодан(суреті),

қоқыс жәшігі (суреті) ,

кіржуғыш автоматқа (Суреті)

жапсырады. Қатысушылар

«Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары» атты коучингтен алған әсерлерін ашық жазады,ұсыныс береді







« Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру» тақырыбы бойынша коучингтен не алғанын,  не үйренгенін  қорытындылайды




































оқу сауаттылығы



Деңгей

Білім алушылар нені танытуы тиіс

1

2

6

қарама-қарсы күрделі ақпараттарды ұсынатын мәтіннің мазмұнын түсіну; бірнеше мәтіндердің түсініктерін және олардың арасындағы байланыстарды жан-жақты, толық көрсету;

мәтінді бүтіндей толық және дәл түсіндіру;

таныс емес тақырыпқа жазылған күрделі мәтінді сын тұрғысынан бағалау.

5

анықтап және қалыптастыру арқылы ақпаратты жинақтау;

академиялық білімге сүйене отырып, мәтінді ұғыну;

бейтаныс мәтінді түсіну және түсіндіру;

түсініктерді оқу және түсінуді болжамдау.

4

бүтіндей түрде берілмеген ақпарат бірліктерін тауып, байланыстыру; мәтіннің бүтіндей мазмұнына сәйкес, тілдік реңктерді түсіну;

бейтаныс мазмұн мен форматтағы ұзын әрі күрделі мәтіндерді түсіну;

ғылыми болжам ұсыну немесе мәтінді бағалауға үшін мәтінде жазылған арнайы білімді пайдалану.

3

ақпараттардың бірнеше бөлімдерінің арасындағы байланысты анықтап талдау; мәтіннің бірнеше бөлімдерін біріктіру арқылы басты ойды анықтау;

оқырман күтетін нәтижемен сәйкеспейтін және қарама-қарсы ақпараттардан тұратын мәтінді түсіну;

жалпыға белгілі, күнделікті білім негізінде мәтін түсінігін көрсету.

2

мәтіндегі басты идеяны анықтап тану, мәтін құрылымының өзара байланысын немесе құрылымын түсіну;

мәтіннің бір ғана ерекшелігіне негізделген кереғарлықты айқындап салыстыру;

берілген шынайы жағдаяттың жеке тәжірибесі мен жеке қатынасына сүйене отырып, мәтіндер және мәтіннен тыс білімдер арасындағы байланыстар туғызу немесе оларды салыстыру.

мәтін мазмұны және жалпы жұртқа белгілі күнделікті білім арасында байланыс орнату; таныс тақырыпқа мәтін құраған автордың басты мақсатын/мәтіннің басты тақырыбын анықтау;

оқырман үшін көмек болып табылатын анық айтылған ақпаратпен жұмыс істеу.

қарапайым қысқа мәтіндегі оқырманға таныс ақпаратты табу;

көмек көрсетілетін қарапайым мәтіндермен жұмыс істеу (ақпараттардың, суреттер немесе таныс символдардың қайталануы);

қарама-қарсы немесе артық ақпараттары жоқ мәтіндерді түсіндіру.











«Таңғалдыра таныстыру»

/тренинг/



Мақсаты: Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу ,жақсы психологиялық ахуал орнату,танысу

"Жүздің түсін білгенше ,бірдің атын біл "дейді дана халқымыз,сондықтан қазір біз қазір сіздермен «Таңғалдыра таныстыру» тренингін өткіземіз.

Бұл-қатысушылардың бір-бірін ұмытпастай есте сақтауына көмектесетін және оның қызықты мәліметтерді ортаға салу мүмкіндігін ашатын тренинг.Тренинг шартымен таныстырайын.Шарты:әрбір қатысушы өз есімін айта отырып,соған қоса өзін ерекше таныстыруы шарт ,таңқалдыратын мәлімет айту,тосын сырымен бөлісу,тартымды қимыл жасау,т.т. Ал қалған қатысушылар оған осы бағытта көтеріңкі көңіл- күй одағайларымен көтермелей қолдау көрсетуі қажет.









Сөз таптары

/топқа бөлу/

Берілген жапырақ,қызғалдақ, сөзінен сөз таптарын зат есімді,сын есімді,есімдікті,етістікті құрап жазу."Сөз таптары " дегенде барлығы араласып отырады

"Сөз таптары " топқа келесі тәсілмен бөліндік: "Зат есім" дегенде алмалар орындарын ауыстырады, "Сын есім" дегенде алмұрттар ауысады, т.с."Есімдік" дегенде барлығы араласып отырады."Етістік"

1-топ "Зат есім"

2-топ"Сын есім"

3- топ."Есімдік"

4- топ."Етістік"















«Тазалық» ойыны



Коучинг соңындағы кері - байланыс


Коучингке қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мына суреттер салынған:


Сандық (суреті)

қоқыс жәшігі (суреті)

еттартқыш (суреті) және түрлі -түсті стикерлер

Шарт:
- Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ,құнды ақпараттарыңызды сандыққа салыңыздар (стикерге жазып,суретке жапсырыңыз),



Бүгінгі сабақтағы керек емес болған, басы артық дүниені қоқыс жәшігіне лақтырыңыздар (стикерге жазып,суретке жапсырыңыз).



Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (стикерге жазып,суретке жапсырыңыз)

















«Үшбу хат»

Бұл тапсырма негізінен адамның ішкі толғанысына құрылған ой-түйіндерін қағазға түсірту мүмкіндігі.

Жұмыс әр адамның өзі сенетін жанға (сүйікті әріптесіне),болашағына хат жазуы формасында ұйымдастырылады. Жазылғандарды кіші топтарда оқуға да болады

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары Ұсыныс





















































Тақырыбы:Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары


1. Функционалды сауаттылық ұғымы

2. Ұлттық жоспардың мақсаты мен міндеттері

3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ағымдағы жағдайды талдау

4. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері

5. Ұлттық жоспарды іске асырудан күтілетін нәтижелер

1.Функционалды сауаттылық ұғымы

Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады.

ХХ ғ. 60-70-жылдары орын алған әлемдік білім дағдарысы халықтың функционалдық сауаттылығына ауыр да, қатал әсерін тигізді. Мамандардың айтуынша, тіпті бұл дағдарысқа міндетті білім алу шарасы ғасыр бойы жүргізіліп келе жатқан дамыған елдер де ұшыраған.

Ресми дерек 1990-жылдары АҚШ-та 25 миллион функционалдық сауатсыз адам тіркелгенін көрсетті. Ал 2007 жылы АҚШ-тың Ұлттық комиссиясы төмендегідей сандық мәлімет келтірген: ересек американдықтардың 23 миллионы сауатсыз болса, оның ішінде 40 % – жастар.

2009 жылы Еуропалық Одақтың мәлімдеуінше, Польша мен Германиядағы мектеп жасындағы балалардың 40 % әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.

Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 % өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді.

Осы мәселені анықтау күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды. Сараптама нәтижесіне көз салсақ, бiлiм құрылымдарының білім алушыларды қоғамдық-шығармашылық өмiрге араласуына бағытталмағанын байқаймыз. Басқаша айтқанда, дәлел бар да, оның iске асыру жоқ. Содан болар мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзінің жыл сайынғы Жолдауында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес.

Елбасы дұрыс айтады, «Білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет».

Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? 

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.

Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде ҚР зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Мұндағыбасшылыққаалынатынсапалар: 

  • белсенділік 

  • шығармашылық тұрғыда ойлау

  • шешім қабылдай алу

  • өз кәсібін дұрыс таңдай алу

  • өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады

Бұлфункционалдықдағдылармектепқабырғасындақалыптасады.


2.Ұлттық жоспардың мақсаты мен міндеттері

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының Мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген және де Елбасы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқу­шыларының функционалдық сауат­ты­лығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылғанды.

Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Елбасы тапсырмасының негізінде 2012 ж. 25 маусымында Үкімет қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларын функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған» ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды.Олмектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан Республика­сындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.

Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.Ол үшін бірқатар маңызды міндеттер қойылды:

  • мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу,

  • мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау,

  • білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламаларды ұлттық сипатқа сай жасау,

  • білім беру үрдісін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді әзірлеу,

  • мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту,

  • мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі механизмін бөліп қарауға болады.


3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ағымдағы жағдайды талдау

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі.

Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Бұл құжатпен танысқаннан кейін ойға келген төмендегі пікірлерді білдіргені жөн. Мысалы, құжаттың негізгі, анықтаушы ұғымы ретінде алынған «оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» ұғымы,

Біріншіден, «... сауаттылығын дамыту» сөз тіркесі бойынша. Біздің түсінігімізде оқушының сауаты «ашылады», яғни ол «әріптерді таниды, оқи алады, жаза алады». Әрі қарай оқушының жылдам және қатесіз оқи алуын, жылдам және қатесіз жаза алуын, өз оын ауызша да, жазбаша да қатесіз жеткізе алуын қамтамасыз етеміз, яғни оқушының сауаты сапалық өзгеріске ұшырайды. Сапалық өзгеру процесін «жетілу» деп атаған жөн сяқты, ал «даму» сөзі, менің ойымша, сандық өзгерісті сипаттаса керек. Сондықтан, біздің түсінімізге сай «сауаттығын жетілдіру» деген дұрыс па деймін.

Екіншіден, «оқушының функционалдық сауаттылығы» сөзтіркесі бойынша функционалдық сөзінің қазақша баламасы ретінде «оқушының қолданбалы сауаттылығы» десек орынды болғандай.

Аталған құжатта «Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетеді» депті. Яғни, мәселе жас ұрпақтың «сауаттылығы» емес, олардың әрбір пән бойынша алған «мықты білімдерін» өмірдің түрлі жағдаяттарында пайдалана немесе қолдана алу қабілетіне емес пе, сондықтан «оқушының функционалдық сауаттылығы» сөзтіркесін «оқушының білімінің қолданбалылығы» деген түсініктілеу болар еді. Сонда «оқушының білімінің қолданбалылығын жетілдіру» деп атағанымыз дұрыс болар деп ойдаймын.

Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.

РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.

РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы болды.

2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты.Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:

  • қандай да бір күрделі оқу мәтіндерін дәл пайдаланып, олардың көмегімен күнделікті жағдайларда бағдар алуға әзір қазақстандық оқушылардың үлесі – оқу сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 5%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 28,6%);

  • нақты бір жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі тапсырмаларды дамыту мен кіріктіруге әзір қазақстандық оқушылардың үлесі – математикалық сауаттылықты зерттеуге қатысушылар санының 4,2%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдерінде орташа көрсеткіш – 16% қатысушы);

  • жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасауды талап ететін тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі жаратылыстану пәндерінен түсініктемелерді таңдауға және біріктіруге, осы түсініктерді өмірлік жағдаяттарға тікелей қолдануға дайын қазақстандық оқушылардың үлесі – жаратылыстану ғылыми сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 3,6%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5%).

Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелер көрсетуде. Осылайша, Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетеді.


4. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері

РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:

  • білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);

  • оқыту нысандары мен әдістері;

  • білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

  • мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

  • мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

  • барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

  • ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.


Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі механизмін бөліп қарауға болады.

Бірінші механизм – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту.

Аталған саладағы міндеттер аймақтық және республикалық тамыз конференцияларында кеңінен талқыланды. Жоспарды іске асыру мен насихаттауға бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар тартылды.

Сондықтан, Министрлік әлемдік тәжірибе негізінде Мемлекеттік білім стандартын жасауға кірісті.

Білім мазмұнын да жаңа міндеттерге сәйкес келтіру қажет.

Біз бірқатар бағыттар бойынша алға жылжып келеміз.Атап айтқанда, педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттыру, E-learning жүйесі мен оқытудың жаңа технологияларын енгізу және т.б.

Ал, барлық оқулықтарға жасалған талдау тіпті жаңа оқулықтардың өзі ескі әдіснама бойынша жазылғанын көрсетті. Оларды жаңа міндеттерге сәйкес өзгерту қажет. Бұл - қыруар жұмыс.
Авторларды, әдіскерлерді, баспаны және сараптау  жүйесін жаңаша дайындау керек.
Соның негізінде, жеке тұлғаға бағытталған оқытуды қамтамасыз ететін
жаңа форматтағы оқулықтарды әзірлеу қажет.Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс. 

Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдердің субъектілік рөлін дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды енгізу басталды.Осы орайда, барлық білім жүйесіне Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін таратудың маңызы зор.

Кембридж университетімен бірлесіп әзірленген оқу бағдарламалары, жоспарлар мен әдістемелер енгізіледі. Осылайша, біз 12 жылдық оқыту методологиясы мен мазмұнының жаңа негізін салудамыз.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі 11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.

Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік – бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.


Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:

  • басқарушылық(проблеманышешуқабілеті)

  • ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);

  • коммуникативтік (қазақ ,орыс ,ағылшын тілінде ауызша ,жазбаша қарым-қатынас жасау); 

  • әлеуметтік (қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); 

  • тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу); 

  • азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі,тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі)

  • технологиялық (ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану); 
    Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.


Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі - оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту.

Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу - жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады. Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған. Функциональдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалаудыңмаңызы ерекше.

Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі. Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу.

Халықаралық PISA,  TIMSS және PIRLS сияқты зерттеулер. Бұл зерттеулер – әлемдік білім берудегі біздің позициямызды бағалаудың жауапты кезеңдері.

Функциональдық сауаттылықты дамытудың үшінші механизмі

ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Ата-ананың борышы бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерімен тығыз байланыс жасау керек. Ата-ана баласының ерекше қасиетін тану, түсініп қол үшін беру, олардың қабілетін дамыту, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беруі керек. Ата-ананың бойында да фукционалдық сауаттылық болуы тиіс. Бұл үшін мемлекет жаңа әдістемені әзірлеуге кірісті. Осы әдістеменің негізінде ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Аталған жұмысқа Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) және азаматтық қауымдастықтың басқа да секторлары белсенді тартылады.

Төртінші механизм - қосымша білім беру жүйесін дамыту.

Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған.

Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады.

Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б

Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай оқыту жүйесі баланың санасына әлеуметтік тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болады


5. Ұлттық жоспарды іске асырудан күтілетін нәтижелер

Ұлттық жоспарды іске асыру мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша мемлекеттік органдардың, кәсіби қоғамдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналардың қызметін жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұлттық жоспардың негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, ведомстволық бағынысты ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ, жергілікті атқарушы органдар болып табылады.

Ұлттық жоспарды іске асырудың күтілетін нәтижелері:

Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:

  • Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді.

  • Білім беру мазмұнын жаңартады

  • Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді.

  • Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі.

  • Материалдық-техникалықбазасыжаңартылып, нығайтылады.


«Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.» Н.Ә.Назарбаев


«Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.» Н.Ә.Назарбаев


Естігенімді ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін” Конфуций.

Әдебиеттер тізімі

  1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Астана, 14.12.2012

  2. Мемлекет басшысы Н Назарбаевтың Қазақстан халқына ЖолдауыҚазақстан жолы – 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Астана, 17.01.2014

  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.Астана,2010ж.

  4. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары























Мәтінмен жұмыс жасау стратегиялары

(PISA халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау аясында)



Қазақстан 2009 жылдан бастапPISA халықаралық зерттеуінеқатысуда. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзыреттіліктерін бағалауға бағытталған. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы». Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының біріне ерекше көңіл (тесттің үштен екі бөлігі) бөлінеді. 2009 жылы негізгі бағыт «оқу сауаттылығы» болды. 65 ел ішінде Қазақстан осы бағыт бойынша 59 орында болса, 2012 жылы 63 орында болды. Бұл өте төмен нәтиже. Тапсырмалар күрделілігінің алты деңгейі бойынша қазақстандық оқушыларда ең күрделі тапсырмаларды шешу дағдыларының жоқтығы анықталды, бұл оқушылардың логикалық ойлау, қажетті ақпаратты іздеу, табу және интерпретациялау қабілеттерінің төмендігін көрсетеді.


Қазақстандық оқушылардың төмен көрсеткіштерінің себептері:

  • Тестілеудің бейтаныс формасы;

  • Оқушылар мәтіннің жалпы мазмұнын жақсы түсінеді, бірақ кейбір ұсақ мәселелерге зейін қоймайды;

  • Құрама мәтіндер қиындық туғызады (мысалы, ақпарат түрлі жанрдағы жеке-жеке мәтін ретінде берілсе, онда ақпаратты салыстыру, талдау, оны бір ақпараттық ортаға біріктіру қиындық туғызады);

  • Еркін құрастырылған жауапты жазуға қиналады;

  • Оқушыларда түрлі оқу типтері қалыптаспаған (танысу (жүгіртіп оқу) мақсатында, іздеу мақсатында, қажетті ақпаратты сұрыптау мақсатында, т.с.с.);

  • PISAтапсырмаларында түрлі типті мәтіндер қолданылады (тұрмыстық, публицистикалық, ғылыми, т.б.), мұндай мәтіндермен оқушылар сирек кездеседі, сондықтан қажетті дағдылар қалыптаспаған;

  • Түрлі мәтіндермен жұмыс істей алмауы (диаграммалар, кестелер, нұсқаулықтар, схемалар, карталар, т.с.с.);

  • Жеке тәжірибені қолдануды талап ететін тапсырмалар, ақпараттың бір бөлігін еске түсіруді талап ететін тапсырмалар қиындық туғызады.

Жоғарыда айтылған кемшіліктерді жою үшін әрбір сабақта мәтінмен жұмысқа үлкен көңіл бөліну керек. Мұғалімнің назарына мәтінмен жұмыс жасаудың келесі стратегияларын ұсынамын.



«FILA» стратегиясы

Бұл сингапурлық әріптестер тәжірибесінен алынған стратегия бойынша оқушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Мәтінді оқып, танысып болған соң сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Кесте 4 бағаннан тұрады.


FACTS – Мәліметтер

Сіз не білесіз?

IDEAS

Идеялар

Сіз не ойлайсыз?

LEARNINGISSUES – зерттеуді талап ететін сұрақтар


ACTION PLAN –

шешімдер жоспары

Сізге білу үшін не істеу керек?

Мәліметтер. Проблеманың толық сюжеті. Проблеманың мұқият зерттелуі.

Болған ситуация жайлы өз пікірлерін білдіру. Осы ситуацияның туындауы мүмкін себептерді айқындау. Гипотеза (болжау).

Зерттеуді қажет ететін және проблеманың шешілуіне көмектесетін сұрақтар қою. Мысалы: Қалай? Қандай жағдайда?


Жоспар құру.



«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар» стратегиясы

Оқушылар мәтінді өз бетінше оқиды. Оқып болған соң мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Жіңішке” сұраққа қарапайым сұрақтар жатады: Кім? Не? Қашан? Дұрыс па? Қайда?, т.с.с.

Жуан” сұрақтарға салыстыруды, талдауды, жинақтауды, бағалауды қажет ететін сұрақтар жатады: Түсіндір, неге олай деп ойлайсың? Айырмашылығы неде? Неге ұқсас келеді?, т.с.с.

Сұрақтарды кестеге рәсімдеуге болады. Бұл әдіс оқушыларға сұрақтарды сауатты қоюға және сұрақтардың күрделілік деңгейін түсінуге үйретеді.


«Ақылды үкілер» стратегиясы

Оқушыларға материалмен өз бетінше танысу ұсынылады. Мәтін бойынша жұмыс жеке, жұптық немесе топтық түрде ұйымдастырылуы мүмкін. Әрбір оқушыға (немесе топқа) мәтіндегі ақпаратты өңдеу мақсатындағы нақты сұрақтары мен тапсырмалары бар жұмыс парағы ұсынылады. Мәтінді өңдеудің түрлі амалдары «Ақылды үкілер» педагогикалық техникасы деп аталады.

Мәтінмен жұмыстың бастапқы қадамдары.

Мәтіндегі негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретпен жазыңыз.

Күтілмеген ақпарат.

Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің алғашқы пікірлеріңізге қарама-қайшы келетін ақпаратты табыңыз.

Соңғы жаңалық.

Сіз үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазыңыз.

Ең негізгі өмірлік даналық.

Бір сөйлеммен мәтіннің (мәтін тарауларының) негізгі ойын келтіріңіз. Екінші нұсқасы: әрбір тараудың қай сөйлемі негізгі болып табылады, қай сөйлемдер түйінді болып табылады?

Белгілі және белгісіз.

Мәтіннен сізге бұрыннан белгілі және бұрын белгілі болмаған ақпаратты табыңыз.

Иллюстративті бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет, схема, карикатура және т.б. арқылы бейнелеңіз.

Мағыналы қорытынды.

Оқығаннан алдағы өмірде және қызметте пайдалы болатын қорытынды жасауға болады ма?

Талқылау үшін маңызды тақырыптар.

Мәтіннен ерекше көңіл бөлуге және сыныпта талқылауға тұрарлық тұжырымдарды табыңыз. Әрі қарай жұмыс нәтижелерін талқылау ұйымдастырылады. Мұнда келесі қадамдарды белгілеуге болады: қосымша ақпарат іздеу, жеке оқушылар немесе топтар үшін үй тапсырмалары, шешілмеген проблемаларды анықтау, жұмыстың кейінгі кезеңдерін белгілеу.


«Кестені толтыр» стратегиясы



Оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Кесте 4 бағаннан тұрады:

  1. Мәтін ішінен түйінді сөздерді теріп жазу.

  2. Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау.

  3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

  4. Мәтіннің ішінен негізгі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жазу.


Мәтінді оқудың төрт сатылы стратегиясы


Мәтінді сыни тұрғысынан оқу дағдысы төрт сатыдан тұрады:

1. Қарап шығу.

2. Ойлану.

3. Оқу.

4. Бағалау.

Әрбір сатыны қарастырып шығайық.

1-ші саты. Қарап шығу

Қарап шығу – бұл жалпы ұғым, түсінік пайда болу үшін кітаптың немесе мақаланың кейбір бөлімдерін қарап шығу. Орташа есеппен қарап шығу кітап үшін 15-20 минутты және мақала үшін 5-10 минутты құрайды. Сапалы қарап шығу әрекеті сіздің оқуыңызды жеңілдетеді, бүкіл шығарманы немесе оның бір бөлігін қайта оқудан құтқарады.

Қарап шығу келесі сұрақтарға жауап беруі керек: Автор қандай мәселені қозғауда? Осы мәселеге автордың көзқарасы қандай? Бұл кітаптың немесе мақаланың негізгі бөлімдері қандай? Автор өз көзқарасын дәлелдеу үшін қандай фактілерді келтіреді?Фактілер жеткілікті ме?

Егер оқып жатқаныңыз кітап болса, автор мақсатын білу үшін алғысөз бен кіріспені қарап шығыңыз; бөлімдер мен олардың бірізділігін байқау үшін мазмұнды қараңыз; жалпы шолу жасау үшін бір-екі бөлімнің басы мен аяғын көріп шығыңыз; кітаптың неге негізделгенін, автор қандай әдебиетке сүйенгенін білу үшін библиографияны қарап шығыңыз. Уақытыңыз болса, автордың пікірі мен ұсыныстарын білу үшін қорытынды бөлімді толық көріп шығыңыз. Кей-кезде соңғы бөлімде кітаптың негізгі идеясы туралы қысқа түсініктеме беріледі.

Егер оқып жатқаныңыз мақала болса, кіріспені, бөлім тақырыптарын, әрбір бөлімдегі бірінші абзацты және қорытындыларды қарап шығыңыз.

2-ші саты. Ойлану

Бұл жерде ойлану автордың көзқарасы емес, өз көзқарастарыңызды тексеруді меңзейді.

2-ші сатыдағы әрекет – көтеріліп жатқан мәселе туралы терең ойлаңыз, автордың ойын өз ойыңызбен салыстырыңыз, қарама-қарсы көзқарастарды қарап шығыңыз. Бір сөзбен айтқанда, ойлану мақсаты – қорытындыларды шығару.

3-ші саты. Оқу

Егер сіз алдын ала кітапты немесе мақаланы сапалы қарап шықсаңыз (1-ші сатыда), онда бұл қадамыңыз салыстырмалы түрде жеңіл болады. Сіз автордың не айтқаны туралы хабардарсыз, ұсынылған фактілердің түрін және санын білесіз, сонымен қатар автор идеяларының бірізділігін түсінесіз. Ендігі сіздің мақсатыңыз – өз түсінігіңізді нақтылау және тереңдету. Мүмкіндік болса, шығарманы толығымен оқып шығыңыз. Ең маңызды сөйлемдерді сызып отыру үшін әрдайым қол астыңызда қалам немесе қарындаш болсын. Бірнеше абзацтан ең негізгі бір сөйлемді сызуға әрекеттеніңіз. Қажетті жерде өз сұрақтарыңыз бен ой-толғаныстарыңызды қосып отырыңыз (қызыл жолда).

Егер оқып жатқаныңыз кітап немесе ұзақ мақала болса, онда оқығаныңызды конспектілеуге болады. Мұны жасау үшін, сіз маңызды деп белгілеген сөйлемдерді қайта оқып шығыңыз. Автор ойын бұзбастан, сіз қанша сөйлемдерді біріктіре алатыныңызды ойластырыңыз. Сосын өз конспектіңізді жазыңыз. Автор ұсынған фактілерді өз сөзіңізбен қысқа жеткізіңіз. Бірақ конспектілеп жатқаныңызда, автор ойын өзгертпеңіз, аса қысқартып жібермеңіз.

Сіздің конспектілеуіңіз сапалы болса, онда сізде автор жұмысының қысқа нұсқасы пайда болуы керек, мұнда мазмұны сақталады, бірақ бұл нұсқаны талдауға әлдеқайда жеңіл болады. Мұндай әдіспен бір кітаптың мазмұнын бірнеше абзацпен, ал мақаланың мазмұнын 7-8 сөйлеммен жеткізуге болады.

4-ші саты. Бағалау

Автордың негізгі идеяларын түсіну және әрбір идея бойынша ұсынған фактілерді нақтылау үшін өз конспектіңізді мұқият оқып шығыңыз. Содан соң келесі сұрақтарға жауап беріңіз. Ескерту. Кейбір сұрақтар конспетті ғана емес, шығарманың өзін қайта қарап шығуды талап етеді. Мұндай жағдайда конспект қай тарау немесе қай бөлімге қарауыңызды анықтауға көмектеседі.

  • Автор түсініксіз немесе екі мағыналы ұғымдарды пайдаланбаған ба? Мұндай жағдайларда сіз ұғымның қай мағынада қолданылып жатқанын анықтауыңыз керек.

  • Автор пайдаланған фактілер қарастырылып жатқан мәселеге қатысы бар ма? Фактілердің мәселеге қатысы жоқ болса, онда оларды қарастырудың да қажеті жоқ.

  • Егер автор ғылыми зерттеуге сүйеніп жатса, ол зерттеу қайта тексерілген бе? Ол зерттеуді қандай ұйым жасақтап, өткізген? Ғылыми қоғамдастықтың талабы бойынша әрбір зерттеушінің қорытындылары тәуелсіз зерттеушілермен қайта тексерілуі керек. Бұл орынды талап, өйткені кейбір зерттеулер жалған болып шығады.

  • Автор заманауи ақпарат көздеріне сүйенген бе? Ескі көзқарастар дұрыс емес деп айта алмаймыз. Дегенмен, кейбір соңғы қорытындылар алдыңғы ұғымдарды жоққа шығаруы мүмкін.

  • Автор жүгінген эксперттер қаншалықты беделді және сенімді? Баршаға танымал адамды айтылып жатқан мәселеде беделді деп айта алмаймыз. Мысалы, физикадан Нобель сыйлығы лауреатының психологияда немесе мемлекеттік басқаруда мүлдем құзыреттілігі жоқ болуы мүмкін. Немесе автор жүгінген адамның осы салада беделі бар болса да, егер осыған дейін оның беделіне күмән туғызылса, оның көзқарастарын қайта қарастыру қажет.

  • Автор жүгінген экспертті басқа эксперттер қолдайды ма? Кей-кезде автор жүгінген эксперттерді экперттердің көпшілігі қолдамайды, сондықтан мұны анықтау үшін шағын зерттеу жүргізген дұрыс.

  • Осы кітап немесе мақала бойынша басқа ұстанымды қолдайтын адам қандай сыни ескертулер мен қарсы пікірлерді келтіреді? Даулы мәселенің кемшіліктерін білу үшін қарсы беттің комментарийін да білген жөн.

  • Логикада автор ешқандай қателер жібермеген бе? Мысалы, автор тексерілмеген фактілерді ұсынып жатқан жоқ па?

Жоғарыда сипатталған стратегиялар оқушылардың оқығанын ой елегінен өткізіп, мәтінді терең түсіне білу қабілетін, логикалық ойлау қабілеттерін, қажетті ақпаратты іздеу, табу және интерпретациялау қабілеттерін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.








«Мозайка» оқу стратегиясы

Жұмысты көркем шығармадан шағын үзінділерді ұсыну арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Сөйлемдерді жүйелеу, мәтінге ат қою, мәтін құрастыру.

«Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.

Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып: - Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті. Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты.

Оның еске сақтау қабілеті адам қабілетіне ұқсас.

- Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті.

Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты:

- Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады.








«Мозайка» оқу стратегиясы.

Жұмысты көркем шығармадан шағын үзінділерді ұсыну арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Сөйлемдерді жүйелеу, мәтінге ат қою, мәтін құрастыру.



Компьютерде ақпараттар қалай сақталады?

Компьютерге еңгізілетін ақпараттарды сақтайтын элемент – жады. Жад процессорға орнатылады. Біз еңгізген барлық мәліметтерді сақтайтындықтан, ол жады деп аталған. Оның еске сақтау қабілеті адам қабілетіне ұқсас. Алайда олардың айырмашылығы үлкен. Адам жадында қайбір нәрселер ұмытылуы немесе шатасуы мүмкін болса, компьютер жадында барлық нәрсе сол қалпында және тұрақты сақталады.

Жады компьютер ішінде болады. Ол жедел жады және тұрақты жадыдан құрылады. Жады компьютердің қатты табақ жадында болады. Оның сыйымдылығы үлкен болғанмен, ақпараттарға толып қалуы мүмкін. Бұлай болмас үшін бір тәсіл бар. Ақпараттар компьютердің жадында орын алмас үшін, оларды дискетке жазып сақтау керек. Ал өзімізге керек болғанда, дискетті ендіріп, компьютерге ашып оқу бұйрығын береміз.

Компьютер жадында нұқсан келтіретін жағдайларды естен шығармау керек.Кейбір шағын көлемді бөгде бағдарламалар өздігінен компьютер жадына қосымша жазылып еніп кетеді. Оны ақпараттық вирус деп атайды. Керексіз ондай вирустар компьютер жадының қызметін бұзуға соқтырады. (115сөз) (А.Мамырова. Дидактические материалы. Алматы, «Мектеп»: 2011.

Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас

Адамзат жаралғалы бері, ана тілі адамгершілік айнасы болып келеді. Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Өз халқына қызмет ету үшін, алдымен ана тілін жетік білу қажет. «Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас. Ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жарытпас», - деген қанатты сөз бар. Бұл сөзді қырғыз ақыны Сарноғаев айтқан. Өз халқын сүйе білген адам өзге елді де сүйе біледі.

«Ақын болу – міндет емес, азамат болу - парызың», - дейді. Азаматтық дегеніміз – ана тілін ардақтау. Біздің халқымыз тілге кедей емес. Халқымыздың тілдік қоры өте бай. Тіліміздің байлығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіл байлығы - рухани байлық.

(Қазақ тілі мен әдебиет журналы 5/2005, 92 сөз)









Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер, түрлі өзгермелі жағдайлар білім беру жүйесінде де өзіндік әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға негізделген. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Елдің болашағы әрбір азаматтың білімді, әділетті және ашық қоғамда толыққанды өмір сүру үшін қажетті білімді, білікті, түсініктер мен құндылықтарды игеруіне байланысты. Сондықтан, еліміздегі білім беруді дамыту ісі жаңаша көзқарастар мен сондай бағыттарға негізделіп отырғаны мәлім.Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген. Осыған сәйкес Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауатттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бірқатар талаптар қойды. Аталған міндеттер мен талаптар Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алу, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттері мен өмір бойы біілім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Ұлттық жоспарда оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) оқушылардың функционалдық сауаттылығын, атап айтсақ, математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылықтарын бағалау арқылы жүзеге асатыны атап айтылған. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасқандығын бағалау мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA,PIRLS т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас келеді.

Осыған орай, оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалауға арналған тест тапсырмалары зияткерлік, рухани тұрғыдан дамыған азаматтарды қалыптастыру, оның құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыратын болып табылады.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее