«Осень 2024»

Ә.Кекілбаев "Тасбақаның шөбі" әдебиеттік оқудан сабақ жоспары (4-сынып)

Тақырыбы: Әбіш Кекілбаев “Тасбақаның шөбі”

Мақсаты:

1. Білімділік. Әбіш Кекілбаев туралы білімдерін арттыру. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу. Ырым-нанымдар туралы түсініктерін кеңейту.

2. Дамытушылық. Сабақ барысындағы тапсырмалар, көрнекіліктер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту. Шығармашылыққа жетелеу;

3. Тәрбиелік. Әңгімені талдату арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге, іздемпаздыққа, өздіктерінен жұмыс жасауға бағыттау.

Міндеті: Оқушылар әңгімені талдайды, тапсырмаларды орындайды, өздігінен ой қосады.

Өзекті мәселе: Оқушылардың нақты, дәлелді сөйлеуін қалыптастыру.

Мотивация:

Ата салты –ардақты,

Әрбір сөзі –салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, дәлелдеу.

Сабақ типі: білім, білік дағдыларын жетілдіру.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақ формасы: топпен

Көрнекілік: слайд, А3, түсіндірме сөздік.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Бекітемін: Т.Х.Биманова

Күні: 07. 03. 2018ж

Тақырыбы: Әбіш Кекілбаев “Тасбақаның шөбі”

Мақсаты:

1. Білімділік. Әбіш Кекілбаев туралы білімдерін арттыру. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу. Ырым-нанымдар туралы түсініктерін кеңейту.

2. Дамытушылық. Сабақ барысындағы тапсырмалар, көрнекіліктер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту. Шығармашылыққа жетелеу;

3. Тәрбиелік. Әңгімені талдату арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге, іздемпаздыққа, өздіктерінен жұмыс жасауға бағыттау.

Міндеті: Оқушылар әңгімені талдайды, тапсырмаларды орындайды, өздігінен ой қосады.

Өзекті мәселе: Оқушылардың нақты, дәлелді сөйлеуін қалыптастыру.

Мотивация: 

Ата салты –ардақты,

Әрбір сөзі –салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, дәлелдеу.

Сабақ типі: білім, білік дағдыларын жетілдіру.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақ формасы: топпен

Көрнекілік: слайд, А3, түсіндірме сөздік.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, музыка.

I .Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу (2мин)

1.Бәйшешек

2.Жусан
3. Көсік

Бағалау түрімен таныстыру. Тақтаға 3 құмыраның суретін іліп, стикерлерді жапсыру арқылы бағалаймын.

II. Үй тапсырмасын сұрау. (5мин)

1-топ: «Наурыз» өлеңін жатқа сұрау.

2-топ:  С. Сейфуллин мен Міржақып Дулатовтың «Наурыз» өлеңдеріндегі қандай ұқсастық бар

3-топ: Ә.Кекілбаев туралы сұрау, өміріне шолу жасап келіңіз деген болатынмын.Әбіш атамыз жайында не білеміз

Құстар жүр жадырап шаттанып сұңқылдап,

Құшақтап бетін сүйіп тұр

Жаңа жылды қарсы алып кәрі, жас бала

Жылдың құсы шілап жатыр

Күн жылы жаз шығып кеткендей

Балалар ойнап жүр

Жаңа жыл басталды Күнмен түн теңелді Мал төлдейді Наурыз құстар келеді Тіршілік оянады адамдар көріседі. Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деген түсінікті ұстанған бабаларымыз.Наурыз күні көшеге тал егіп оның түбіне жаға туылған малдың уызын құятын болған.

Жұмбақ шешеді:                                  

Бауырын жазып шаба алмас,
Озып бәйге ала алмас.
Үстіне киген киімі
Жыртылмас та жамалмас.

Шешуі: (тасбақа)

Ой қозғау: (2 мин)

Тасбақа туралы не білеміз? 

Жай жүреді, құрылықта мекендейді, төрт аяқты жәндік, қосмекенді.

а) Жаңа сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Ырым тиымдар мен адамгершілікке, ізгі қасиеттерге бағыттау

ә) Автор өмірінен мағлұмат беріледі.:Өткен сабақ Әбіш Кекілбаев туралы мағұлымат жинап келіңдер деген болытынмын

Бүігінгі сабағымызда  Маңғыстау обылысынан шыққан Әбіш Кекілбаев атамыздың «Тасбақа шөбі» атты әңгімесінен үзінді

Әбіш Кекілбаев 1939 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келді. Қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері. Биыл 75 жыл толады. Елбасымыз өз қолымен «Еңбек ері» жұлдызын кеудесіне тақты. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары»т.б. роман, повестері бар. 2015ж Астана қаласында өмірден өтті.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (25мин)

1.Оқушыларға әңгімені тізбектеп оқыту. /Мәнерлеп, дұрыс оқуға бағыттау/ *орындықтың артына стикер жапсыру арқылы оқушыларға тізбектеп оқыту.

2. Түртіп алу жүйесі: Сөздікпен жұмыс. Сөздік қорды дамыту.

Көсік – далада, құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік.

Кібіртік – тоқтап сүрініп жүреді,баяу қимыл, салбыр жүріс. Аяқ басуыда соқыр адамдай тым кібіртік
Мимырт – жай жүреді
Сала құлаш – ұзын
Шыбыртқы – шыбық тәрізді таяқ

Қара жол қақырай сөгіліпті – жердің жыртылуы, жарық-жарық болып бөлініп қалуы

Шегір көз-Сарғыш келген көз

Тұқшаңдаған-Бүріскен, бойын жазбай жүруі
Сұрақ-жауап:

- Әңгіме ұнады ма?

1. Жазушы кісі «Мінсе кібіртік, бос жіберсең суаяқ құла деп нені айтып отыр?

2.Қарабала келе жатып нені көрді?

3.Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті? Тасбақаның жазғы тұрым жер астынан тістеп шыққан шөбін алған адамның қай қалауыда орындалады.

4.Өзің тасбақа аузына шөп тістеп алған кезін көрдің бе?

5.Шыбын жаны көзіне көріну дегенді қалай түсінесің?Зәре құты қалмады қорықты деген

6.Әңгімеден тасбақаны суреттеген жерді, оның қимыл-әрекетін тауып оқы.

7. «Әлі бауыр көтере қоймаған қу жусан» дегенді басқа сөйлеммен ауыстырып айт. Әлі көктеп жердің бетінен шығып үлгермеген жас шөпті айтады

*Толықтыру енгізу /тасбақалар жайында оқушылардан сұрау, мәлімет қосу/.

Тасбақалар Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.Тасбақалар еліміздің Батыс аймағын мекен етеді. Олар ұзақ өмірдің символы болып табылады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша Оңтүстік Антлантикада ең кәрі тасбақа анықталған. Ол 176 жыл өмір сүріпті. Тасбақалар шөптермен, жапыырақтармеен қоректенеді. Олардың иіс сезу, көру , есте сақтау қабілеті өте жақсы екен.

*Толықтыру енгізу /Әңгіменің толық варианты туралы айтып өту/

- Балалар, біз бүгін танысып отырған бұл әңгіме бізге сендердің жас ерекшеліктеріңе қарай қысқартылып беріліп отыр. Бұндағы Қарабала деп отырғанымыз жасы елулерден асқан үлкен адам. Әңгіменің толық вариантында ауыл өмірінің тіршілігі, Қарабаланың бастан кешкен оқиғалары туралы айтылады. Әңгіменің басты кейіпкерлері біз бүгін танысып отырған Қарабала мен оның досы Оңбай. Оңбай – еңбек сүйгіш, еңбекқор, халықты аузына қаратқан көсем, тапқыр, жаңашыл, халық қамын ойлайтын қамқор адам. Қарабала – еңбекқор жан, адамға деген жақсылығын ешкімнен аямаған.Ұста болған. Халқына көп көмек еткен. Көмек сұрай келген адамнан қолдан келгенін аямаған қамқор жан болған. Бірақ өзін ешқашан бағаламаған. Өзін сондай жақсы адаммын деп ойламаған Қарабала аудан орталығына жұмыспен бара жатып жаңағы біз оқыған оқиғаға тап болады. Өмірде өзінің де салмағы бар екенін тек аудан орталығына келгенде білуі – Қарабала үшін үлкен жаңалық. “…Қарабала қара шал болғанша бұл ауылда әлі оны “Қарекең” деп көрген жоқ”, ал мұндағылар оны алақанға салғандай сөз айтады. Мұндай құрметті ол өмір бақи көрген емес.

Қазақ халқында қандайда алыс сапарға бел буып шыққан жолаушының тасбақаның шөбін тауып алса, жолы болады деген ырым Қарабалаға кездесуі кездейсоқтық емес екенніне көзі жетті.

Сергіту сәті: бейнебаян

Дәптермен жұмыс

Көсік – далада, құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік.

Кібіртік – тоқтап сүрініп жүреді
Мимырт – жай жүреді
Сала құлаш – ұзын
Шыбыртқы – шыбық тәрізді таяқ
IV. Жаңа тақырыпты бекіту.

Ойын: «Кім тапқыр?» (25-3мин)

Бәйшешек  Әңгімеден Қарабала мінген аттың жүрісін көрсететін сөйлемдерді тауып, сол сөздерді теріп жазыңдар. /Кісі мінсе кібіртік, бос жіберсең суаяқ құлан жусан санатар мыжың жүрісіне сап, мимырт басады.

Жусан  Әңгімеден тасбақа жүрісін көрсететін сөйлемдерді тауып, сол сөздерді теріп жазыңдар. /Тұқшаңдаған немелер тұяқ дыбысын естігенде мойындарын іштеріне тығып бұға қалады да, сәл ұзасаң тарбаңдай жөнеледі. Қыртыс-тыртыс қысқа мойнын әнтек созып, жан дәрментырбаң-тырбаң етеді. Киелі тасбақа әлі бауыр көтере қоймаған жусандар арасына қарай тырмыса жорғалап барады. /

Көсік Қарабалаға мінездеме беріңдер

Ойын: «Кім жылдам?» (25-3мин)

Бәйшешек Әңгімеден теңеу сөздерді теріп жазыңдар. / табаның орнындай, бидайдың дәніндей, инедей /

Жусан   Әңгімеден эпитет сөздерді теріп жазыңдар. Эпитет дегеніміз - заттың, не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Қандай? сұрағына жауап беретін сөз болуы керек. /ұзын жең, қара жал,қысқа мойын, шегір көз, киелі тасбақа /

Көсік Тасбақаға арналған өлең құрастыру.

Тасы төңкерілген табақтай

Көздері бидайдың дәніндей.

Киелі тасбақа келеді

Тістеген шөбі инедей.

Ойын: «Кім көп біледі?» (25-2мин)

*Әр топқа өздері білетін ырым-тыйымдар туралы жазу беріледі

 - Берілген тапсырма бойынша ата - әжелеріңнен, әке – аналарыңнан естіген ырым-тыйымдар туралы жазасыңдар.

*Тақтадағы өлең жолдарын оқыту, талдату.

Ата салты – ардақты,

Әрбір сөзі – салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Y. Рефлексия (25-1мин)

- Бүгінгі сабақ ұнады ма?

- Неліктен?

Күн шуағы мен бұлттарға стикерлер жапсыру.

YI. Үй жұмысы (25-2мин)

1. Әңгімені оқып, мазмұнын айту.

2. Әбділда Тәжібаев туралы деректер жинап келу.

YII. Бағалау: Топты мақтап, мадақтау.



















Мұнайлы ауданы

11 жалпы білім беру орта мектебі КММ-сі



Ашық сабақ

Пәні: әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Ә.Кекілбаев «Тасбақаның шөбі»









Өткізген: Жумаева Л

Сыныбы: 4 «Ғ»











2018ж.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее