Казбекова Казна Кулбаевна
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
МКҚК №162 бөбекжай-балабақшасы
1-санатты тәрбиешісі.
Қош бол, балабақшам!
Мектепке даярлық «Күншуақ» тобы
Дайындаған: тәрбиеші Қазбекова Қ.К.
Қош бол, балабақшам!
(Залдың іші мерекеге сай безендірілген)
Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, қонақтар және балабақша апайлары!
Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырғалы отырмыз.
Жаттатып ән мен өлеңін,
Кетесің енді, бөбегім,
Қош айтып балабақшаға.
Достарың қолын тұр бұлғап,
Өбеді күліп көкте Күн.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Күтеді сені мектебің.
Үйреніп әдет-ғұрыпты,
Өткіздің мұнда неше күн.
Ақтағаның зор үмітті.
«Жақсы адам болдың!» - десе елің!
-демекші ортаға сол түлектерімізді әдемі билерімен қарсы алайық.
Жүргізуші: Ал, енді бүлдіршіндеріміздің балабақшаға арнаған өлең шумақтарын қарсы алыңыздар. Ортаға: Ерсін, Ә.Жания, Сұлтан, Амина, Ерасыл, Жібек
Балабақша шуағы
Бізге төкті шапағын
Күнде мейрам, күнде той
Қалай қиям бақшамды. Ерсін
Биыл күзде мектепке
Біріншіге барамын
Үйретіп бәрін білгізген
Апайға рақмет айтамыз.
Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер қаламым Ә.Жания
Таңқалдырып достарды
Мен мектепке барамын.
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз. Сұлтан
Балабақшам қош енді,
Әр кез аман бол деймін.
Әкем менен шешемді
Ертіп енді келмеймін.
Мектепке енді барамыз
Кешегі сәби баламыз.
Жарайды міне, қараңыз, Амина
Ғылым білім жолына
Енді қайық саламыз.
Мектепке ертең барамыз
Оқимыз сауық құрамыз.
Қашықта болмас арамыз,
Сіздерге келіп тұрамыз. Ерасыл
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын қуамыз
Балабақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз. Жібек
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.
Жүргізуші: Ән: «Үйретеді мектепте»
Жүргізуші: Өлең шумақтарын қарсы алыңыздар. Ортаға; Ернұр, Айбике. Айболат, А.Жания, Сабыржан, Айдана.
Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз. Ернұр
Сезімде туған баламыз
Оянды ақыл-санамыз
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз.
Қош балабақшамыз
Естен кетпес есімің.
Қош балабақшамыз
Алғаш ашқан есімін. Айбике
Қуантып әрі қинайды
Бақшамнан алыс кеткенім
Қажет қой бірақ білімнің
Теңізінен өткенің.
Мектепке біз барамыз
Жақсы оқушы боламыз. Айболат
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы,
Балғын сәби жастықтың. А.Жания
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың.
Ержетті деп бөбегім,
Ата-ана қуансын.
Оқулығың, құралың
Жоғары білім шырағың. Сабыржан
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір қадам.
Бақшаға алғаш келгенімде
Тәрбиешім қарсы алдың. Айдана
Енді міне қоштасарда
Қимастықпен ән салдым.
Ән: «Әдемі» әнін орындайтын тобымыздың әнші қызы Айдананың орындауында қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Би: «Көбелек» орындайтындар: Камила, Ә.Жания, Амина, Жібек, Алия, Жанель, Дария, Айана.
Жүргізуші: Өлең шумақтарын қарсы алыңыздар. Ортаға: Дана, Шыңғыс, Нарима, Бекжан, Ажар.
Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Әнге салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды-ой. Дана
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер білім үйреткен,
Өзіңді біз қимаймыз. Шыңғыс
Баулап, баптап өсірген,
Бұзықтық етсек кешірген,
Ұмытпаймыз өзіңді
Ұмытпаймыз бақшаны.
Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында.
Көп оқыдық, көп білдік,
Ел мен Отан жайында. Нарима
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып, жазып үйрендік.
Балабақша бесігім
Тағы бір ой жасайық.
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық. Бекжан
Талай қызық өткіздік,
Бірақ орны ереше
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше.
Оқулықты құрметте
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке. Ажар
Үлкендердей тап-таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Жүргізуші: Ұлдарымыздың әзіл биін қабыл алыңыздар. Ортаға: Дарын, Мирас, Ерасыл, Айболат, Жанель, Камила, Ажар, Дана.
Жүргізуші: Ән: «Мен қазақтың қызымын» орындайтын тобымыздың әнші қызы Айбикенің орындауында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Өлең шумақтарын қабыл алыңыздар. Ортаға: Дарын, Камила, Мирас, Алия, Жанель.
Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім. Дарын
Гүлге толы жан-жағым
Асыр салып жүгшірдім.
Өсті талап-талғамым,
Көп нәрсенә ұғындым.
Өстік алты жастамыз
Өнерпаз жас боламыз.
Қош бол балабақшамыз
Біз мектепке барамыз. Камила
Біз мектептен аялы
Оқып, білім аламыз.
Қош болыңыз аяулы
Тәрбиеші анамыз.
Қуанышым менің мол
Мектебіме тарттым жол. Мирас
Ұмытпаймын өзіңді
Балабақшам, қош сау бол.
Қош бол балабақшамыз
Қимай кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз сені біз. Алия
Біздер алты жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз.
Мектеп бізді шақырады
Қош бол, әсем бақшамыз.
Өстік біздер, мінеки
Жаттап талай тақпақты.
Бала күнім балдәурен
Ұмытылмас шоқ тәтті. Жанель
Жүремін сүйіп елімді
Танып туған жерімді
Қадам басам өмірге
Үмітіммен сенімді.
Жүргізуші: Би: Ұл-қыздарымыздың орындауында «Түймедақ» биін қабыл алыңыздар. Айбике, Дана, Нарима, Айдана, А.Жания, Ажар, Сұлтан, Ернұр, Ерсін, Шыңғыс, Сабыржан, Бекжан.
Залға әсем әуен ырғағымен білім ханшайымы кіреді.
Білім ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Жас түлектер! Құрметті қонақтар. Мен Білім патшалығынан келген Білім ханшайымымын! Сендердің мектепке дайдықтарыңды бақылауға келдім. Алдымен жұмбақ жасырып көремін, ал сендер жауабын табыңдар.
1-жұмбақ: Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар өзінде.
Ол не? (қаламсап)
2-жұмбақ: Алты қырлы,
Алты сырлы.
Ол не? (қарындаш)
3-жұмбақ: Білім алып бәріміз,
Басымызды иеміз.
Оқу оқып қысы-жазы. (ол біздің ұстаз)
Білім ханшайымы: Жақсы, жақсы бұл тапсырманы жақсы орындадыңдар.
Ал, енді математикадан есеп шығара аласыңдар ма?
Гүлге қонды 3 ара
Тағы келді 4 ара
Гүлмен бірге тербелген
Болды бәрі қанша ара? (7 ара)
Балалар есепті де жақсы біледі екенсіңдер, ал балалар алфавиттің басында неге
А,Ә,Б әріптері тұрады.
Балалардың жауаптары:
«А» деген – ол аналар ғой ардақты,
«Ә» деген – ол әкелер ғой салмақты,
«Б» деген – ол балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Білім ханшайымы: Өркендерің өссін, балаларым!
Жүргізуші: Құрметті, ханшайым! Біздің өнерлі балаларымыз сіздің келу құрметіңізге арнап дайындаған «Портфель» көрінісін қабыл алыңыз!
Автор:
Жанель Бір күні Әліппе келе жатып, жолда портфельді көреді. Әрі қарап, бері қарап былай дейді:
Әліппе:
Камила - Мынау маған бір ыңғайлы үй екен ғой. Ертең балалар мектепке барғанда мені осы үйге салса өте ыңғайлы болар еді. Бұның мен «портфель» деп қоямын. Іші сондай кең екен. «мен осы портфельде тұрайыншы» (деп кіріп отырады).
Автор:
Жанель Бір мезгілде дәптер келеді.
Дәптер:
Шыңғыс Қандай әсем үй. Бұл үйде кім тұрады?
Әліппе:
Камила -Мен әліппемін, тұрып жатқан үйім портфель.
Ал, сен кімсің?
Дәптер:
Шыңғыс -Мен дәптермін. Мен балаларға сандарын, әріптерін жазу үшін керекпін. Мен де сенімен портфельде тұрайыншы.
Әліппе: Жарайды бірге тұрайық.
(қалам келеді)
Қалам:
Дарын -Қандай әсем үй. Бұл үйде кім тұрады?
Камила -Мен әліппемін.
Шыңғыс -Мен дәптермін.
-Сен кім боласың?
Қалам:
Дарын -Мен қаламмын. Мен балаларға өте қажетпін. Менсіз балалар дәптерге жаза алмайды. Менде сендермен тұрайыншы.
Автор:
Жанель Сөйтіп портфельдің ішінде: Әліппе, дәптер, қалам тұрып жатады. Бір мезгілде күнделік келеді.
Күнделік:
Алия -Қандай әсем үй, бұл үйде кім тұрады екен? Мен әліппемін, мен дәптермін, мен қаламмын.
-Сен кім боласың?
Күнделік:
Алия -Мен балаларға мектепке барғанда бағаларын қою үшін керекпін. Мен де сендермен тұрайыншы. (сөмкеге кіріп кетеді)
Төрттік, бестік келеді.
-Қандай әсем үй, бұл үйде кім тұрады екен? Мен әліппемін, мен дәптермін, мен қаламмын, мен күнделікпін.
Төрттік:
Сұлтан Жақсы оқитын балалар,
4-пен 5-ті алады
Ұқыпты өзі ынталы,
Тәрбиелі болады.
Бестік:
Нарима Оқушының бәрі де,
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
Автор:
Жанель Сөйтіп портфельде құралдардың барлығы тұрып жатады.
Бір кезде бір бала жүгіріп келіп:
Ернұр: -Мынау қандай керемет портфель ішінде не бар екен
қарайыншы. Әліппе, дәптер, қалам, күнделік, төрттік, бестік бар екен. Мұның бәрі маған мектепке барғанда керек қой. Мен бұл құралдарды ұқыпты ұстаймын., ренжітпеймін.
Білім ханшайымымы: Рақмет! Ризамын сендрге! Білімді де, дарынды бала
екенсіңдер. Білім ханшайымы атынан сендерге алтын
кілт тапсырамын. Жолдарың болсын. Қыркүйек айында кездескенше!
Ойын ойналады: «Портфельге оқу құралдарын жинау»
Жүргізуші: Балалар бүгін сендерге «Қарлығаш тобының балаларының дайындаған өлең шумақтары бар екен соны
тамашалайық. Ортаға: Нұрай, Мадина, Жансұлтан.
Мен әлі төрт жастамын
Балғын жастан аспадым. Нұрай
Ақ жол тілеп сіздерге,
Бақшамда мен қаламын.
Сөз келтірмей бақшаңа
Жақсы оқығын сабақты. Мадина
Тәртіпті, жақсы, ұқыпты
Оқушы болғын әрдайым.
Ашық болсын аспаның,
Жарық болсын жолдарың. Жансұлтан
Сабақты тек жақсы оқып,
Орындалсын армандарың.
Тағы да «Құлыншақ» тобының әнші үлы Әдидің орындауында «Көктем» әнін
қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Бақшамызда шырқалмаған жыр бар ма,
Бақшамызда айтылмаған сыр бар ма.
Бақшамызда алаулаған жас жалын
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға, - деп біздің тұлектеріміз
өз апайларына алғыстарын айтамыз дейді.
балабақшамен қоштасу кешіне арналған арнау-шумақтары
«Күншуақ» тобы – 2014ж.
(Ортаға: Бекжан, Сабыржан, Дана, Ажар, Амина, Жібек, Айбике, Мирас, Ә.Жания, Ерасыл, Ерсін)
Меңгеруші апайға:
Ұстаздардың ұстазы
Тәрбиенің ұстасы.
Меңгеруші апайға Бекжан
Риза ата-анада
Бізде мұнда әрдайым
Бәрі-бәрі дап-дайын
Қамымызды ойлаған
Жанар Өмірбайқызына, мың алғыс!
Әдіскер апайға:
Әдіскер боп бақшада
Атқарған зор қызметті.
Ардақ Муратханқызы қашанда Сабыржан
Бәрімізге құрметті
Сізге айтамыз, мың алғыс.
Медбике апайға:
Денсаулықты болаттай
Ауруларды жолатпай. Дана
Күнде болған әбдігер
Қамқорымыз дәрігер,
Жанар Серікқызына, мың алғыс!
Завхоз апайға:
Еңбек еткен еңселі
Сырты менен ішіне.
Балабақшаның қызметін, Ажар
Иығына көтерген
Дәмді, тәтті тағамды
Жеткізген бізге дүкеннен,
Қоймашы, Айнұр апайға, мың алғыс!
Аспазшы апайға:
Біздер үшін асығып ас қамдаған
Бір сәтте де қолдары босамаған.
Асханада жүреді аспазшылар Амина
Дастарханға дәмді тамақ дайындаған
Асқа бізді тойдырған,
Аспазшы апайларға, мың алғыс!
Ән апайына:
Бақшада жүріп біздағы
Ән де айттық, биледік
Меруерт апайдан Жібек
Бар өнерді үйрендік.
Өзіңізге мың алғыс!
Дене шынықтыру апайына:
Әрбір күні бір баладай
Сапқа бәріміз тұрамыз
Секір десе, секіріп Мирас
Айтқан тілін аламыз
Құрбы апайға, мың алғыс!
Кір жуушы апайға:
Таза сүлгі береды,
Аптай сайын тазалап.
Тазалыққа шақырған Ә.Жания
Бақытгүл апай құрметті,
Өзіңізге мың алғыс!
Барлық топтың тәрбиеші апайларына:
Тәрбиенің қоғамдық
Іргесін қалап беретін
Сәбилерге алғашқы Айбике
Білімнің дәнен егетін
Тәрбиеші апайлар
Барлығыңызға мың алғыс!
Тәрбиеші көмекші апайға:
Ертемен келеді
Таза сүлгі береді.
Содан кейін біздерге Ерасыл
Ыстық тамақ береді
Жамиля Тілешқызына, мың алғыс!
Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен. Ерсін
Жақсы болсақ, қуанған
Бұзық болсақ, кешірген
Қазна Көлбайқызына
Айтамыз біз, мың алғыс!
Жүргізуші: Ал, енді біздің түлектеріміздің орындауында
Хор: «Қоштасу вальсі» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуш: біздің балабақшаның тәрбиеленуші ұлдары мен қыздарынан жерін қорғайтын нағыз сарбаз елін сүйетін Қазақстанның нағыз патриоттары болатынына сенеміз.
«Алға Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар! Орындайтын әнші ұлдарыңыз Сұлтан Абиякин.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, құрметті ата-аналар мен балабақша ұжымы, бүгінгі мектепке дейінгі «Күншуақ» тобының
«Қош бол, балабақшам!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!
Ал, бүгін балабақшамен қоштасып отырған бүлдіршіндер, сендерге сәт сапат тілейміз, тек жақсы деген бағаға оқып, жолдарың әрқашан ашық болсын!
АҚ ЖОЛ ТІЛЕЙМІЗ!!!
Құттықтау сөз балабақшамыздың меңгерушісі
Жанар Өмірбайқызына беріледі.