Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсім- діктер әлемі
Сабақ тақырыбы: | Жануарлар туралы ертегілер, жұмбақтар. |
Білімділік: | Тілдік коммуникация барысында оқушыларға «Қызыл кітап» туралы мағлұмат беру. |
Дамытушылық: | Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. |
Тәрбиелік: | Қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушыларды жан-жануарларға қамқор болуға үйрету. |
Сілтеме: | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
Жетістік критерийлері: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде «Қызыл кітап», оған енетін өсімдіктер мен жан-жануарларды атап бере алады, олармен таныстыра алады. |
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер, жан-жануарларды сипаттайды. | |
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, қосымша мәліметтер береді, жан-жануарлар әлемі жайлы сұхбат құрады. | |
Жаңа сөздер: | Ерте заман, қорғау, одақ, өсімдіктер, деректер, жойылып кету. |
Сабақта қолданылатын матери- алдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, «Жануарлар әлемі» деректі фильмі, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, желімқағаздар. |
Оқыту әдістері: | Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Қызықты суреттер» тәсілі, топтық жұмыс, кластер, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы. |
Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу | Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, сабақта жоқ оқушы- ларды түгендейді. | Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады. |
Өткен сабақты тек- серу | Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақ- тарға жауап береді. |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І. Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Жануарлар әлемі» деректі фильмінен үзінді көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендер «Қызыл кітап» туралы білесіңдер ме? Оған қандай өсімдіктер, жануарлар енген? | Сұрақтарға жауап береді. |
ІІ. Мағынаны тану | 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қа- былдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Сұрақтарға жауап береді. | |
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 2-тапсырманы орындатады. | Жазылым. 2-3 сөйлем құрап жазады. | |
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады. | Тыңдалым. Оқылым. «Қызыл кітап» туралы мәтінді тыңдайды, оқиды. | |
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қа- былдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Сұрақтарға жауап береді. | |
Б) Жазылым. Айтылым. Сауатты жазуға, жаңа ақ- паратты қабылдауға машықтандыру үшін 5-тап- сырманы орындатады. Б) | Жазылым. Айтылым. Тақырыптарды мәтін мазмұны бойынша орналастырады, тірек сөздерді жазады, мәтін мазмұнын айтады. | |
В) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға ма- шықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады. | Оқылым. Сөздерден сөйлем құрап оқиды. | |
4. Сергіту сәті. «Қызықты суреттер» тәсілі бойын- ша әр жұпқа жануарлар суреттерінің бөліктерін таратып береді. | Жұптық жұмыс. Әр жұп бөліктерді құрастырады, сипаттайды. | |
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Сау- атты жазуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машық- тандыру үшін 8-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Айтылым. Ғаламтордан «Қызыл кітапқа» енген 1 құс пен 1 аң туралы мәлімет та- уып жазады, ақпараттарды ауызша баяндайды. | |
ІІІ. Ой толғаныс | Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орын- датады. | Тілдесім. «Қызыл кітаптың» маңызы туралы досымен әңгімелеседі. |
IV. Бекіту | Жеке жұмыс. «Қызыл кітап» тақырыбында кластер құрғызады. | Кластер құрады. |
V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. | «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойын- ша өзара бір-бірін бағалайды. |
VI. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау. |
|
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
VII. Рефлексия | Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқа- ғаздарға жазып, тақтаға іледі. |