«Зима 2025»

Қазақ әдебиеті. Мұхтар Шаханов "Отырар"

Бұл орта мерзімді сабақ жоспарында мозайкалық оқыту әдісі қолданылды. Топ ішінде оқушылар өз-өзін бағалайды. Сабақта жеке, жұппен, топпен жұмыс жасалды. Оқушылар критерийлер арқылы бағалайды. Мәтіннің негізгі идеясын тауып, салыстырып, талдау арқылы ойларын қорытындылайды. Постер арқылы өз жобаларын қорғайды.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки


Орта мерзімді сабақ жоспары

Тақырыбы: Мұхтар Шаханов: Отырар

5-сынып


р/с

Тақырыбы:

Негізгі мақсаттар және оқытудың нәтижесі. Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқушы бойында қалыптасатын білім, білік, дағды

Белсенді жұмыс түрлері (жеке, жұппен, топпен) АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері

Оқыту үшін бағалаудың қолданылуы



Сабақ барысында сынып оқушылардың қамтылуы Оқытуды жақсарту үшін (дарынды және талантты, СТО )

Жоспарланған және күтілген нәтиженің оқушылардан анықталуы


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отырар қаласы жайлы алған білімдерін толықтыру, мәтіннің мазмұнын меңгерту.


1 - сабақ

Тақырыбы: Мұхтар Шаханов: Отырар

Мақсаты және күтілетін нәтиже: Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастырады. Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады, салыстыра біледі, талдай алады, ой қорытуды үйренеді.

Білу: Шағын топтағы оқушылар интернеттен мәліметтер алады. Өздерінің бұрынғы білімдерін еске түсіреді. Жаңа білімдермен толықтырады. (постер жасау) Түсіну: Мәтін бойынша өз ойларын айтады. Ашық сұрақтарға жауап береді

Қолдану: Мәтіннің мазмұнына байланысты диалог құрастырады.

Талдау: Мәтіннен қатты әсер еткен тұстарын табады. Өз ойларын талқылап ашады.

Үй тапсырмасын беру: Мұхтар Шаханов: «Отырар» балладасын диктафондарына жазып, қалаған шумақтарын жаттау. Мәтінді оқу.

Мозайкалық оқыту әдісі қолданылады.


Жыл мезгілдері бойынша топтарға бөлінеді.


Ынтымақтастық атмосферасын құрады.


Мәліметтерді алып топтық тапсырмаларды орындағаннан соң үлкен топқа қайтып орналастырады.


Жеке ойын, жұппен, топтық жұмыстарда талқылауды үйренеді.


Интербелсенді тақтадан сурет бойынша ой қозғайды.


Интернеттен мәлімет алады.Интернетті қолдануды үйренеді.

Диктафонды қолдануға дағдыланады.

Топ ішінде өз-өзін бағалауды үйренеді.


Сабақ үстінде ауызша сыни көзбен қарауға дағдыланады.


Оқушыларға критерийлер шығарту.


Критерий бойынша өз-өзін бағалайды.


Формативтік бағалау

(критерийлері алдын ала оқушылармен бірге талқыланады)



1. Оқушылар суретке қарап, қандай сурет екенін өздері топта табады, Отырар қаласы жайлы өздерінің білгендерін топтастырады. Ой шақыру стратегиясы. (постер жасау)

2. І Көктем тобы. Мұхтар Шаханов туралы мәлімет мәлімет алады

ІІ Жаз тобы. Қайырхан туралы мәлімет алады

ІІІ Күз тобы. Шағатай туралы мәлімет алады

ІҮ Қыс тобы. Шыңғысхан туралы мәлімет алады. Топтастыру стратегиясы

3. Оқулықтан оқып, жұппен, топпен талқылайды, сұрақтардың жауабын айтады. Ашық сұрақтар

1. Шыңғысхан мен Шағатай тілдесулерінен не ұқтыңдар?

2. Неге Шыңғысхан «Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба» -деп айтты.


4. Жаңа білімдерді қолданады. Мәтін мазмұны бойынша өздеріне ұнаған кейіпкер бойынша диалог құрастырады.

(диалогты оқыту, дарынды мен талантты)

5. Қатты әсер еткен жерлері.

Осы үзінді бойынша жазбаша өз пікірін жазады. (Түртіп алу стратегиясы)

Үй тапсырмасы: Өлеңді диктафонға жазып жаттайды. Мәнерлеп оқуға үйренеді. Дарынды балалардың шығуына жол ашады.

Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастырады.


Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады, салыстыра біледі, талдай алады, ой қорытуды үйренеді.


Тапсырмаларды өз деңгейінде орындайды.


Мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады.

2-сабақ

Тақырыбы: Мұхтар Шаханов: «Отырар». Мәтінді талдау.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: Алдыңғы сабақтағы алған білімдерін бекіте отырып, мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашу. Әдебиет теориясы бойынша білімдерін толықтыру.

Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастырады. Мәтіннің негізгі идеясын таба алады, салыстыра біледі, талдай алады, ой қорытуды үйренеді.

Білу: Өздерінің бұрынғы білімдерін еске түсіреді. Мәтінді талдау барысында әдебиет теориясынан алған білімдерін толықтырады. (постер жасау)

Түсіну: Мәтін бойынша сұраққа өз жауаптарын айтады. Ашық сұрақтарға жауап береді

Қолдану: Сурет бойынша мәтіннен кейіпкерлерді табады, үзіндіні қолданады. Тақырып бойынша мақал-мәтелдер айтады.

Талдау: Сурет бойынша түлкі мен қыранның бойындағы қасиеттерін салыстыра отырып, кейіпкерлерді бойындағы қасиеттерін ашады.

Жинақтау: Мәтін бойынша алған білімдерін жинақтайды. Тақырып бойынша шығармашылық тапсырмалар құрастырады.

Бағалау:Шыңғысхан Отырарды жаулап алмағанда тарихта орны қалай көрінетін еді? деген сұрақ төңірегінде өздері әр түрлі пікірлерін айтады.

Үй тапсырмасын беру: Тарихи деректерді оқу. Зерттеу жұмысқа баулу.






Түрлі түсті стикерлер таңдату арқылы топтарға бөлінеді.

Жеке ойын, жұппен, топтық жұмыстарда талқылайды.


Топ ішінде өз ойын сыни түрде айтады.






Интернеттен мәлімет алады. Интернетті қолдануды үйренеді.


Интербелсенді тақтаның тиімділігін пайдаланады.


Топ ішінде өз орындарын табуға дағдыланады.


Интерпретациялық бағалау (қызығушылық тудыратын мәліметтер)


Оқушыларға критерийлер шығарту.


Критерий бойынша өз-өзін бағалайды.





Формативтік бағалау

(критерийлері алдын ала оқушылармен бірге талқыланады)


1. І топ. Шығарманың аты, тақырыбы, жанры, идеясын ашады.

ІІ топ. Композициялық құрылысын табады.

ІІІ топ. Көркемдегіш сөздерді іздейді, салыстырады.(Оқыту нұсқауы стратегиясы)

2. Шыңғысханның алдына алып келген екі адам кімдер?

Бұл екеуіне қандай баға береді?

Неге олай дейді? Сендер сол кейіпкерлерді тауып, суретке қарап постер жасаңдар. Бейнелерді ашыңдар. (Талантты және дарынды)



3. Қайран тірлік бақ пенен сор қырқысқан

Түлкі –сайға,

Қыран өрге тырмысқан, -

дегендегі түлкі кім, қыран кім?

Осы үзінді, сурет бойынша кейіпкерлердің бойындағы қасиеттерін ашады. (постер жасау), Талантты және дарынды балалар


4. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айту.(Көшбасшылық)

5. Жаңа білімдерді қолданады. Өздері қалаған тақырыпта, қалаған адамына жаза алады.(Рафт стратегиясы)

5.Мәтіннен соңғы шумақтарын оқылады.

а) Қайырхан «Отырарды жырлайтын еркек кіндік қалмады-ау» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

ә) Елші қақпадан шығарған бала кім деп ойлайсыңдар?

б) Шыңғысхан Отырарды жаулап алмағанда тарихта орны қалай көрінетін еді?

Оқушылар өздері осы сұрақ төңірегінде талқылау жүргізеді.Өз пікірлерін айтады. (Бағытталған оқу стратегиясы)


Сұрақа жауап беру арқылы тақырыпты меңгереді;


Өз ойын ашық айтып, өз-өзіне сын көзбен қарайды;


Тапсырмаларды өз деңгейінде орындайды;


Адам бойындағы қасиеттерге постер жасайды.



Пікірталас ұйымдастыруға дағдыланады.



Ғылыми жоба жазуға қызығушылықтары артады.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее