Адуова Б.Т
Неліктен өзгеруіміз керек...
Қорқыныш пен қобалжудан басталған курсымыз де өте шықты. Бір ай бұрын есіктен жүрексіне келген отыз мұғалім бұл күнде біте қайнасып, көптеген қырларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне алатын мұғалім мамандығының терең сырларына үңілудеміз.
Алғашқы күнгі таныстықтан соң-ақ, «Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?» деген тақырыптың төңірегінде ой өрбіттік. Мектептегі тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Ұстаз балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Сондықтан біз мұғалімдер қауымы алдымызда отырған шәкірттерімізге қызықты болу үшін және олардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін заман талабына сай өзгеруіміз керек деп ойлаймын.
Пікірталас барысында американдық ғалым С.Бичтің пікірімен таныстым. Оның «әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз өзгеруіңіз қажет» деген пікірі менің пікіріммен ұштасты.
Одан кейінгі әңгімеміз оқушыларға ауысты. Топпен бірлесе отырып, оқушының оқуына оң және теріс әсер ететін факторларды анықтадық. Оқушылардың оқуға деген ынтасын дамыту-мектеп міндеті. Сол міндетті жүзеге асыру үшін жақсы денсаулық, дұрыс тамақтану, талаптарға сәйкес келетін үй т.б. әлеуметтік факторлар оң әсер етсе, ауру, шаршау, тұрмыстық жағдайының нашар болуы теріс ықпал етеді. Сонымен қатар, өз табысына сенімділік, марапаттау, отбасына қодау көрсету, ойлау деңгейіне сәйкес келетін, қызықты тапсырмалар оқушыны алға сүйрейтін, ал оқу процесін нашар түсіну, көтермелеудің жоқтығы, отбасынан шеттеу, өте жеңіл немесе өте ауыр, қызықсыз тапсырмалар сияқты кері факторлар оқыту барысында кедергі екенін топ болып дәлелдедік.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін зерделеу барысында «жақсы мұғалім-жай ғана өз пәнін жақсы білетін және өз білімін жас ұрпаққа бере алатын тұлға» деген пікірмен келіспейтінімді білдірдім. Ұстаз – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету – өте қиын шаруа. Бір рет жиырма, отыз баламен сабақ өткізіп көрген адам ғана оны түсінеді. Мұғалім күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды.
Бірақ біз біліммен қоса оқушы бойына тәрбиені де дарыта білуіміз керек. Осы орайда ұлы ойшыл әл- Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деген дана сөзі есіме түседі. Бала алған білімін жақсыға да, жаманға да жұмсауы мүмкін. Ол білім тәрбиемен астасып жатса –ұстаздың нағыз еңбегі