«Зима 2025»

Дерсеханұлы Бұқаш

разработка урока по казахской литературе для 6 класса

Олимпиады: История России 6 - 11 классы

Содержимое разработки

6-сынып
Сабақтың тақырыбы
: Дерсеханұлы Бұқашжан туралы аңыз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сегізінші ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының атақты ақыны, күйші Қорқыт туралы білім беру.
Оқушылардың тілдерін дамыту, Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өз бетінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын арттыру.
Өз елінің тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт ата портреті, Қорқыт атаның кесенесі жайлы бейнефильм, Power Рoint бағдарламасында жасалған презентация, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың түрі: таным сабақ.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту: (Тақтадан қобыздың суреті көрсетіледі) - Тақтадан не көріп тұрсыңдар?
- Музыкалық аспап.
- Қандай музыкалық аспап?
- Қазақ халқының ұлттық аспабы – қобыз.
Интерактивті тақтаның көмегімен кроссворд шешу:
Қ о р қ ы т
Оқушыларды үш топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру: - Құрметті оқушылар, өткен сабақта сіздер қазақ халқының ежелгі дәуір әдебиетімен таныстыңыздар. Осы сабақта біз ежелгі дәуір әдебиеті туралы білімімізді толықтырып, тереңдете түсеміз. Сегізінші ғасырда өмір сүрген атақты ақын, күйші Қорқыт ата туралы әңгіме қозғаймыз.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау, жаңа сабақты меңгеру үшін мына тапсырмаларды орындайық. Тапсырмалар бірнеше кезеңнен тұрады:
1. Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт
2.Сөз – мерген ( сөздікпен жұмыс)
3.Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр:
а) Жырды оқу;
ә) жырды аудару;
б) жоспар құру;
в) әңгімелеу

4. Мақал –сөз мәйегі
5. Қорқыт атаның нақыл сөздерінен
6. Сауалхат.
- «Қорқыт ата кітабы» (VІІІ ғ.). Осы күнге дейін Германияда 12 жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда 6 жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталған.
- Қобыз туралы не білесіңдер? Қандай аңыз білдіңдер?
(Балалар өздері қобыз туралы не білетіндерін, қандай аңыз оқып келгендері туралы айтып береді).
Мұғалімнің сөзі:Жақсы, осы қобыз деген музыкалық аспапты алғаш рет жасаған Қорқыт атамыз туралы әңгімелесеміз. (Тақтадан Қорқыт ата портреті және жерленген кесенесі туралы бейнефильм көрсетіледі).

- Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толассыз тартып, дүниеден өтеді. 

Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған – Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады:

- Дерсехан ұлы Бұқаш туралы жыр,
- Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр,
- Оғыз қаған жыры т.б.
Келесі сабағымызда осы Қорқыт атаның «Дерсехан ұлы Бұқашжан туралы жырымен» танысамыз.
Мәтінмен жұмыс:
А) сөздік жұмысы:
Желмая – верблюдица
Ажал – смерть
Әуен – музыка, мелодия
Зират – могила
Үздіксіз – непрерывно
Ә) мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы
Б) мәтінді оқушылардың өздерінің оқып шығуы

В) мәтін бойынша әр топқа тапсырма беру. Әрбір топ өз тапсырмалары бойынша мәтіннен керекті үзінділерді тауып, өз сөздерімен әңгімелеп айтып береді
І топ –
ІІ топ –
ІІІ топ –
Интерактивті тақтамен жұмыс:
Символ-сөздердің астын сыз:
а) өлімді білдіретін сөздерді қара сызықпен;
ә) өмірді білдіретін сөздерді жасыл сызықпен;
Оқушылар сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазып, астын сызады.
Кроссвордты дұрыс шешсеңдер, боялған бөліктерден «Қорқыт ата кітабы» қазіргі кезде қай қалада сақталғанын оқисыңдар.

1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра)
2. Қорқыт атаның түйесі. (Желмая)
3. Миф, легенда сөздерінің аудармасы. (аңыз)
4. Қорқыт ата қай өзеннің жағасында туып-өскен? (Сырдария)
6. Музыка, мелодия сөздерінің аудармасы (әуен)
7. Қорқыт ата ненің уынан қайтыс болды? (жылан)
(жасырын сөз – «Дрезден»).

Дәптермен жұмыс:
оқушылар Қорқыт атаның ұнаған нақыл сөздерін дәптерлеріне көшіріп жазады.
Қорқыт атаның нақыл сөздерінен
Ана үшін бала – екі көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе – от басының мерейі, бас-көзі.
Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
Атаның атын былғаған ақылсыз баланың тумағаны артық.
Өтірік сөз өрге баспайды. Өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп өмір сүрген де аз.

ІV. Сабақты қорытындылау. Балалар, бүгінгі сабағымызда Қорқыт ата туралы білімімізді толықтырдық. Қорқыт бабамыз туралы не білдік?
(Балалардың жауаптары)
V. Үй жұмысы, бағалау.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее