«Осень 2024»

«Блум таксономиясы арқылы сабақ жоспарын құруға үйрену.» (мұғалімдерге арналған коучинг)

Коучинг жоспары

Коучинг тақырыбы:

« Блум таксономиясы арқылы сабақ жоспарын құруға үйрену.»

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

үлестірмелі материалдар.

бейнесюжеттер.

Мақсаты:

Қазақстандағы мұғалімдердің білім саласын дамытуда Кембридж университетінің бағдарламасы аясында қалыптасқан оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер қолдану арқылы оқу үдерісінің даму деңгейін қалыптастыру. Коучинг арқылы мектеп мұғалімдеріне іс- тәжірибе тарату.

Олимпиады: Музыка 1 - 9 классы

Содержимое разработки

Коучинг жоспары

Коучинг тақырыбы:

« Блум таксономиясы арқылы сабақ жоспарын құруға үйрену.»

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

үлестірмелі материалдар.

бейнесюжеттер .

Мақсаты:

Қазақстандағы мұғалімдердің білім саласын дамытуда Кембридж университетінің бағдарламасы аясында қалыптасқан оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер қолдану арқылы оқу үдерісінің даму деңгейін қалыптастыру. Коучинг арқылы мектеп мұғалімдеріне іс- тәжірибе тарату.

Оқыту нәтижесі:

Топтық жұмыстарды жүргізе отырып, Блум таксономиясы бойынша түсінік алып, білімін жетілдіреді. Сабақты Блум бойынша құруға үйренеді.Диалог арқылы ауызекі тілін дамытады және мақсат пен күтілетін нәтижеге сәйкес бағалау әдістерін тиімді жүзеге асыру арқылы сыни тұрғыда ойлай біледі, ақпараттық технологияларды өз деңгейінде пайдалануға икемдейді.

Негізгі (түйінді) идеялар:

Оқушылардың деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген әрі келісілген білім беру ортасын құру. Оларға қалыпты жұмыс істеу мүмкіндігін жасау.

Коучингтің құрылымы :

І.Тренинг

ІІ. Ынтымақтастық орта қалыптастыру: Топ құру.

ІІІ. Ой шақыру

ІУ. Мағынаны ашу.

У.Блум таксономиясына презентация арқылы түсінік беру

УІ.Ашық сұрақтар қою.

УІІ. Сергіту сәті. «Көзімнің қарасы».

УІІІ. Видеоролик.

ІХ. «Тәуелсіздік күні» оқиғасын Блум таксономиясына негіздеп,тапсырмалар мен сұрақтар әзірлеу

Х. Постер қорғау.

ХІ. « Жіп орамы» тренингі 

ХІІ. Қорытынды. Рефлексия.

І.Тренинг: «Менің атымның тарихы» . Қатысушылар өздерінің аттарының шығу тарихымен таныстырады. (3 минут )

ІІ. Ынтымақтастық орта қалыптастыру: Топ құру. (2 минут)

ІІІ. Ой шақыру

1. Сабақ жоспарын қандай үлгіде құрасыздар? Сабақ жоспары не үшін керек деп ойлайсыз?

2.Сабақтың қай кезеңі ең маңызды деп санайсыз?

3. Блум таксономиясы сіздерге таныс па?

1) Білу дегеніміз не? 
2) Түсіну дегеніміз не? 

3) Қолдану дегеніміз не? 
4) Талдау (Анализ)дегеніміз не? 

5) Жинақтау ( Синтездеу)дегеніміз не? 
6) Бағалау дегеніміз не? 


ІУ. Мағынаны ашу. Топтар ақылдаса отырып, стикерлерге түйінді сөздерді (қайталанбауы тиіс) жазып айтады. (10минут)


У.Блум таксономиясына презентация арқылы түсінік беру. (5 минут )

УІ.Ашық сұрақтар. Сабақта сұрақ қоюдың маңыздылығы. Дұрыс сұрақ қоя білу.

Көбелек. Болжау ағашы.( Текст таратылады.)

Әр топ өз ойын ортаға салады. (6 минут)

УІІ. Сергіту сәті. «Көзімнің қарасы». (3 минут )

УІІІ. Видеоролик. ( 8 минут)

«Тәуелсіздік күніне арналады.»

ІХ. «Тәуелсіздік күні» оқиғасын Блум таксономиясына негіздеп,тапсырмалар мен сұрақтарға жауап әзірлеу. (12 минут.)

Оқиғадағы басты кейіпкер кім? І топ.

Бұл қайда болып жатыр?


Бұл оқиғадағы басты жаңалық не? 2 топ.

Бұл оқиғада ақсақал қандай бейнеде көрінеді?


- Егер Қазақстан тәуелсіздігін алмаса ,оқиға ары қарай қалай өрбір еді? Тәуелсіздік мәңгілік болу үшінқандай кеңес бересіз? 3 топ.


Көп ұлтты мемлекеттің әлсіз жақтары барма ? Бар болса қандай? 4 топ.

Сіз бұл оқиғада қандай кейіпкердің орнында болғыңыз келеді? Неліктен?


1.Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін сіз қандай жолдар ұсынар едіңіз?

2.Мына сұраққа қалай жауап берер едіңіз? 5 топ

а ) Кеңес үкіметі ыдыраса да,Ресей мемлекетімен қала беру керек пе еді?

б) АҚШ құрамына 52-ші штат болып кіруге ұсыныс жасау керек пе еді?

в) Сіздің жауабыңыз.


1.Әр кейіпкерді бағалау үшін критерии ойлап табыңыз және оларды бағалаңыз. Өз шешімдеріңізді негіздеп, дәлелдеңіз.

2. Сенеканың «Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен тексеріледі» деген ойының оқиғадағы айтылған ойдың арақатынасын қалай түсінесіз?

6 топ.




Х. Постер қорғау.Ортаға шығып құрған тапсырмалар мен сұрақтарын ортаға салады. Талқылап, түсіндіреді. (12 минут)

Топты бағалау белгілерімен бағалау. Төмен, орташа, жоғары.

ХІ. « Жіп орамы» тренингі (6 минут)бойынша топ мүшелері жұптасады да, бір- біріне 3 түрлі сұрақ қояды, сұрақтар қарапайымнан күрделіге қарай қойылуы керек, жүргізуші жіп орамын қолына орайды да коучингтен алған әсерімен бөліседі, әрі қарай жалғаса береді, соңынан жүргізушіге жіп айналып келген кезде барлық топ мүшелері бір денеге айналады, яғни, болашақта осы топ мүшелері бірлесе жұмыс жасайды деген сенімін білдіреді.

ХІІ .Коучинг сабақтың қорытындысы (3 мин. )Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»әдісі  -жағымды әсерін жазады .


Коуч:Бүгінгі коучинг сіздерге не берді?

Қандай қиындықтар болды?

Сіздердің ұсыныстарыңыз?

Егер бүгінгі коучинг сіздің білім беру жүйесін өзгерту жайында ойландырса қызыл стикерді тандаңыз.

Егер сіз өз көзқарасыңызда қалсаңыз сары түсті стикерді тандаңыз.

Ресурстар:

Постер,маркер,түсті қағаз,ноутбук, тақта, интертақта.











Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее